2ГИС Сервистерін қолдану туралы келісім

Осы құжат «2ГИС Сервистерін қолдану туралы келісім» «ДубльГИС» Жауапкершілігі шектеулі қоғамының (әрі қарай — «Әкімшілік») Келісімнің төменде баяндалған шарттарында шарт жасасуға ұсыныс болып табылады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы құжатта және одан туындайтын немесе онымен байланысты Тараптардың қатынастарында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
а) Платформа — Әкімшілік Сайтымен интеграцияланған бағдарламалық-аппараттық құралдар.
б) Пайдаланушы — өзінің немесе басқаның мүддесіне әрекет ететін жеке тұлға. 14 жастан бастап Пайдаланушы, егер бұл бірқатар функцияларды пайдалану үшін талап етілсе, 2ГИС Сервистерінде тіркеуді дербес жүзеге асыруға және заңнамада белгіленген құқықтық қабілеттілік шегінде соңғыларын пайдалануға құқылы.
в) Әкімшілік Сайты / Сайт —2gis.de, 2gis.dk, 2gis.gr, 2gis.hk, 2gis.kg, 2gis.kz, 2gis.pl, 2gis.se, 2gis.sg, 2gis.si, 2gis.tj, 2gis.tw, 2gis.uz, 2gis.vn, 2gis.com мекенжайлары бойынша домендерде, сондай-ақ 2gis.de, 2gis.dk, 2gis.gr, 2gis.hk, 2gis.kg, 2gis.kz, 2gis.pl, 2gis.se, 2gis.sg, 2gis.si, 2gis.tj, 2gis.tw, 2gis.uz, 2gis.vn, 2gis.com домендеріне енетін басқа домендерде орналасқан интернет-сайттар және басқалар.
г) 2ГИС Сервистері — Пайдаланушыға Сайт және Платформа көмегімен қолжетімдік берілетін материалдар, құралдар.
д) Келісім — барлық қосымшалармен және өзгерістермен осы келісім.
е) Лицензиялық келісім — http://law.2gis.kz/licensing-agreement/ мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан «2ГИС» бағдарламалық өнімдерін және/немесе онлайн-сервистерін қолдануға лицензиялық келісім.
ж) Құпиялық саясаты — http://law.2gis.kz/privacy/ мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан құпиялық саясаты
з) Пин-код — Құқық иеленушінің Қолданушы сұранысы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдармен құрылатын және 2ГИС бөлек Онлайн-Сервистерінің және/немесе 2ГИС Бағдарламалық өнімдерінің байланысын қамтамасыз ету үшін,сондай-ақ басқа бағдарламалық өнімдермен, сервистермен байланысы үшін арналған сандардың бірегей кезектілігі.
и) Жеке кабинет — Қолданушы Сайтта тіркелген және/немесе авторизацияланған соң қолжетімдік алатын Интернет желісінде https://account.2gis.com мекенжайы бойынша орналасқан Сайттың дербес бөлімі. Жеке кабинет Қолданушы ақпаратын сақтау, статистика, Әкімшілік жаңалықтарын қарау, Пайдаланушы өкілі болып табылатын Ұйымдар анықтамалығында орналасқан заңды тұлға/жеке кәсіпкер туралы анықтамалық ақпаратқа Пайдаланушымен өзгеріс енгізу, Мәртебені басқару, ескертулер алу, Әкімшлікке жарнама материалдарын ұсыну, сондай-ақ басқа әрекеттер жасау және 2ГИС Өнімдерін қолдану арқылы жарнамалық және ақпараттық қызметтер көрсету ережелеріне және/немесе 2ГИС бөлек Сервистерін қолдану арқылы қызметтер көрсету ережелеріне сай қосымша ақпарат алу үшін арналған.
к) Мәртебе — таңдау Әкімшілік Сайтында Жеке кабинетте бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы Пайдаланушымен жүзеге асырылатын Плафторманың функционалдық мүмкіндіктерінің жинағы.
л) Flamp сервисі — Құқық иеленушіге тиесілі сервис, Пайдаланушыларға пікір алмасуға және олар туралы Ұйымдар анықтамалығында ақпараты бар заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлермен көрсетілетін қызметтер, атқарылатын жұмыстар, сатылатын тауарларға қатысты пікір алмасуға және пікір қалдыруға мүмкіндік береді.
м) Буклет — мәліметтері белгілі бір аумақтың Ұйымдар анықтамалығында, 2gis.kz сайтының Пайдаланушыларын іске асырылатын тауарлар, қызметтер, жұмыстар туралы ақпараттандыру мақсатында 2gis.kz сайтында көрсетілетін, өндірілетін немесе сатылатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер немесе атқарылатын жұмыстар туралы ақпараты бар заңды тұлға / жеке кәсіпкер (ұйым) бейінінің парағы.
н) Жеңілдіктер — белгілі бір аумақ ұйымының бейініне байланысты Ұйымдар анықтамалығында мәліметтер қамтылған, ұйыммен іске асырылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы 2gis.kz сайтының Пайдаланушыларын ақпараттандыру мақсатында 2gis.kz сайтында Тапсырыс берушімен орналастырылатын жеңілдіктер немесе өткізілетін акциялар туралы ақпараты бар заңды тұлға / жеке кәсіпкер (ұйым) бейінінің парағы.
о) Фотографиялар — Ұйымдар анықтамалығындағы ұйым бейініне байланған белгілі бір аумақтың Ұйымдар анықтамалығында мәліметтер қамтылған және ұйыммен іске асырылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы 2gis.kz сайтының Пайдаланушыларын ақпараттандыру мақсатында 2gis.kz сайтында Тапсырыс берушімен орналастырылатын айқын түрде заңды тұлғаның / жеке кәсіпкердің (ұйымның) қызметіне қатысты фотографиялар.
1.2. Осы Келісімде Келісімнің 1.1.-тармағында көрсетілмеген өзге де терминдер мен анықтамалар қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда ондай терминді талқылау Келісім мәтініне сай жүзеге асырылады. Терминді немесе анықтаманы Келісім мәтінінде бірыңғай талқылау болмаған жағдайда: бірінші кезекте — Лицензиялық келісіммен, екінші кезекте — Құпиялық саясатымен, үшінші кезекте — Ресей Федерациясының заңнамасымен және келесі кезектерде — іскерлік айналым мен ғылыми доктрина әдет-ғұрыптарымен анықталған талқылауды басшылыққа алу керек.
1.3. Сіздің 2ГИС Сервистерін кез келген тәсілмен және кез келген формада оның жарияланған функционалдық мүмкіндіктері шегінде қолдануыңыз, соның ішінде:
  • Сайтта орналастырылған материалдарды (контентті) қарау;
  • Сайтта тіркелу және/немесе авторизациялану;
  • Сайтта кез келген материалдарды, қоса алғанда, бірақ шектелмей: мәтіндер, гипермәтіндік сілтемелер, суреттер, аудио және бейне-файлдар, мәліметтер және/немесе басқа ақпарат (деректер) орналастыру немесе көрсету.
  • Осы Келісім шарттарында және Лицензиялық келісім мен Құпиялық саясатының ажырамас бөлігін құрайтын шарт құрады.
1.4. 2ГИС Сервистерін қолдану бойынша жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктердің кез келгенін қолдана отырып, Сіз келесілерді растайсыз:
а) 2ГИС Сервистерін қолдана бастағанға дейін толық көлемде осы Келісім, Лицензиялық келісім және Құпиялық саясатының шарттарымен таныстыңыз.
б) Сіздің тарапыңыздан қандай да бір алып тастаусыз және шектеусіз толық көлемде осы Келісімнің, Лицензиялық келісімнің және Құпиялық саясатының барлық шарттарын қабылдайсыз және оларды сақтауға немесе Сервисті қолдануды тоқтатуға міндеттенесіз. Егер Сіз осы Келісімнің және/немесе Лицензиялық келісімнің шарттарымен келіспейтін болсаңыз немесе олардың негізінде шарт жасасуға құқығыңыз болмаса, онда Сізге еш кідірместен Сервисті кез келген қолдануды тоқтату керек.
в) Келісім (соның ішінде оның бөліктерінің кез келгені) Әкімшілікпен қандай да бір арнайы ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Келісімнің жаңа мәтіні оны Әкімшілік Сайтында орналастырған сәттен бастап немесе Келісімнің жаңа мәтінінде өзгеше көзделмесе, басқа ыңғайлы формада Пайдаланушы назарына жеткізілген соң күшіне енеді.
2. 2ГИС Сервистерін қолданудың жалпы шарттары
2.1. 2ГИС кейбір Сервистерін немесе 2ГИС Сервистерінің бөлек функционалдық мүмкіндіктерін қолдану үшін Пайдаланушыға нәтижесінде бірегей есептік жазба құрылатын Әкімшілік Сайтында тіркеу және/немесе авторизациялау рәсімін өту керек.
2.2. Қолдану алдын ала тіркеу және/немесе авторизациялаудан өтуді талап ететін 2ГИС Сервистерінің, 2ГИС Сервистерінің бөлек функционалдық мүмкіндіктерінің тізімі Әкімшіліктің жеке-дара қарауы бойынша анықталады және уақыт өте келе өзгеріп отыруы мүмкін.
2.3. Кейбір 2ГИС Сервистерінің, олардың бөлек функционалдық мүмкіндіктерінің және/немесе Бағдарламалық өнімдерінің байланысын, соның ішінде олардың басқа бағдарламалық өнімдермен, сервистермен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігін қолдану үшін Пайдаланушыға Құқық иеленушіден алынған пин-кодты енгізу қажет.
2.4. 2ГИС Сервистерін, соның ішінде оның функционалдық мүмкіндіктерін техникалық, ұйымдық және коммерциялық қолданудың шарттары Пайдаланушы назарына Сайтта бөлек орналастыру жолымен немесе Пайдаланушыларды нотификациялыу жолымен жеткізіле алады.
2.5. Тіркелу кезінде Пайдаланушы қажет болған жағдайда 2ГИС Бағдарламалық өнімдерінде мәліметтер қамтылған заңды тұлғаның атынан және мүддесінде өкілдік етуге өзінің өкілеттіктерін растауға міндеттенеді.
2.6. Пайдаланушы өзінің логині мен құпия сөзін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ, оларды сақтаудың тәсілін өз бетінше таңдай отырып, олардың сақталуы үшін толық жауапты болады.
2.7. Оның логині мен құпия сөзін қолдана отырып жасалған кез келген әрекеттер Пайдаланушы осы Келісімнің 2.8.-тармағында көзделген тәртіпте Әкімшілікке Пайдаланушының логині мен құпия сөзіне үшінші тұлғалардың санкцияланбаған қол жеткізуі, Пайдаланушының оларды жоғалтып алғаны туралы ескерткен жағдайларды қоспағанда, тиісті Пайдаланушымен жасалған болып саналады. Пайдаланушы 2ГИС Сервистерін өзінің есептік жазбасымен қолдану шеңберінде және/немесе онымен байланысты барлық әрекеттер үшін, соның ішінде Пайдаланушының кез келген шарттарда үшінші тұлғаларға қолжетімдік үшін деректер берген жағдайда дербес жауап береді.
2.8. Логин мен құпия сөзге санкцияланбаған қол сұққан, оны жоғалтқан немесе үшінші тұлғаларға айтқан жағдайда Пайдаланушы ол туралы дереу Әкімшілікке Сайттағы өз есептік жазбасында көрсетілген электрондық пошта мекенжайынан электрондық хат жолдау жолымен хабарлауы тиіс. Қауіпсіздік мақсатында Пайдаланушы 2ГИС Сервистерімен әр жұмыс сессиясын аяқтаған соң өз есептік жазбасымен жұмыстың қауіпсіз аяқталуын өз бетінше жүзеге асыруға міндетті. Әкімшілік орын алуы мүмкін деректердің жоғалуы немесе бүлінуі үшін, сондай-ақ Пайдаланушының Келісімнің осы бөлімін бұзғаны үшін кез келген сипаттағы басқа да салдар үшін жауап бермейді.
2.9. Әкімшілік кез келген сәтте Пайдаланушыдан онымен тіркеу кезінде көрсетілген деректерді растайтын құжаттарды сұрауға құқылы. Пайдаланушы Әкімшілікке растаушы құжаттарды бермеген жағдайда Әкімшілік өз қарауы бойынша Пайдаланушының есептік жазбасын блоктауға немесе өшіруге және Пайдаланушыға 2ГИС Сервистерін немесе оның бөлек функцияларын қолдануға рұқсат бермеуге құқылы. Егер Пайдаланушы берген құжаттардағы деректер тіркеу кезінде көрсетілген деректерге сәйкес келмесе, Пайдаланушыны сәйкестендіруге мүмкіндік бермесе, Әкімшілік Пайдаланушыға Жеке кабинетке қол жеткізуге және 2ГИС Сервистерін қолдануға рұқсат бермеуге құқылы.
2.10. Пайдаланушының есептік жазбасындағы ақпарат Әкімшілікпен Құпиялық саясат шартттарына сай сақталады және өңделеді.
2.11. Пайдаланушы кез келген сәтте 2ГИС Сервистерінің кез келгенінен өзінің есептік жазбасын жеке бөлімдегі тиісті функцияны қолдана отырып, өшіріп тастауға құқылы.
2.12. Әкімшілік Пайдаланушының есептік жазбасын блоктауға немесе өшіруге, сондай-ақ қандай да бір есептік жазбаны қолдана отырып, 2ГИС бөлек Сервистеріне қол жеткізуге тыйым салуға; Ұйымдар анықтамалығында ақпараты бар заңды тұлғаға/жеке кәсіпкерге қатысты Flamp Сервисі орналасқан сайтта пікір жазу мүмкіндігін үш айға дейінгі мерзімге уақытша блоктауға; және кез келген контентті себебін түсіндірмей, соның ішінде Пайдаланушы Келісімнің немесе Келісімнің 1-бөлімінде аталған басқа құжаттардың шарттарын бұзған жағдайда өшіруге құқылы.
3. 2ГИС Сервистерін жол берілетін қолдану
3.1. Әкімшілік тіркелген және/немесе авторизацияланған Пайдаланушыға әлемнің барлық елдері аумағында Сервистің функционалдық мүмкіндіктері шегінде қарапайым (айрықшылығы жоқ) табысталмайтын лицензия шарттарында Платформа және Әкімшілік Сайтын өтеусіз функционалдық қолдану құқығын береді.
3.2. Пайдаланушыға осы Келісімнің 4-тармағына сай шектеулер мен кепілдіктерді сақтаған жағдайда суреттерді, мәтіндік, аудио- және бейнематериалдарды, сондай-ақ авторлық және (немесе) сабақтас құқықтың өзге де объектілерін (әрі қарай мәтін бойынша — «Контент») орналастыруға (сонымен бірге сыртқы қайнар көздерден таратуға), редакциялауға және өшіруге рұқсат етіледі.
3.3. Әкімшілік Пайдаланушы орналастыратын контент көлемі бойынша шектеулер орнатуға, сондай-ақ Әкімшілік таңдаған формада және тәсілмен арасында Пайдаланушылар назарына жеткізілетін Платформаны және (немесе) Әкімшілк Сайтын қолдануға басқа да техникалық шектеулер енгізуге құқылы.
3.4. Платформаны және (немесе) Әкімшілік Сайтын басқа тәсілдермен, соның ішінде Сайтта орналастырылған контентті, сондай-ақ Плафторма және (немесе) Әкімшілік Сайтының құрамына кіретін дизайн элементтерін, ЭЕМ және деректер базасы үшін бағдарламаларды көшірмелеу (көбейту) жолымен қолдануға, оларды декомпиляциялауға және модификациялауға қатаң тыйым салынған.
4. Пайдаланушы кепілдіктері
Осы Келісімнің шарттарын қабылдай отырып, Сіз төмендегілерді растайсыз және оларға кепілдік бересіз:
4.1. Сіз Сервисті қолдануға Шарт жасасуға және оны орындауға барлық қажетті құқықтар мен өкілеттіктерді иеленесіз;
4.2. Сервисті қолдану Сізбен тек осы Келісіммен рұқсат етілген мақсаттарда оның ережелерін, сондай-ақ оған теңестірілген Лицензиялық келісімнің, қолданылатын құқықтың және жалпымен қабылданған тәжірибенің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады;
4.3. Сіз Сервисті ұсынуға немесе Сервисті ұсыну үшін қажетті тиісті құрал-жабдықтың, желілердің немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысына қарама-қайшы келетін немесе кедергі келтіретін қандай да бір әрекеттер жасамайсыз;
4.4. Сізбен Сервисті нақты мақсаттарда қолдану үшінші тұлғалардың мүліктік және/немесе жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ соған теңестірілген қолданылатын құқықпен белгіленген тыйымдар мен шектеулерді, соның ішінде, бірақ шектелмей: авторлық және сабақтас құқықтарды, тауарлық белгіге құқықтарды, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атауларын, өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды, адам бейнесін қолдануға құқықтарды бұзбайды, Сізбен орналастырылатын контент тұлғалардың арын, абыройын, іскерлік беделін бұзатын, сондай-ақ зорлық-зомбылықты, порнографияны, есірткіні, нәсілдік немесе ұлттық араздықты насихаттайтын ақпараттар және/немесе сондай бейнелер жоқ, және Сізбен уәкілетті тұлғалардан Контентті қолданумен байланысты барлық қажетті рұқсаттар алынды.
5. Пайдаланушылық Контентті қолдануға лицензия
5.1. Осы Келісімнің шарттарын қабылдай отырып, Сіз әлемнің бүкіл елдері аумағында Әкімшілік Сайтына жүктейтін (орналастыратын немесе көрсететін) Контентті қолдануға Әкімшілікке жай (айрықшылығы жоқ) лицензияны өтеусіз негізде бересіз.
5.2. Контентті қолдануға аталған жай (айрықшылығы жоқ) лицензия Әкімшілікке Сіздің Әкімшілік Сайтына Контент жариялаумен бір уақытта әлемнің бүкіл елдері аумағында қолдану үшін ондай Контентті түзетін авторлық және (немесе) сабақтас құқық объектілеріне айрықша құқықтың бүкіл әрекет ету мерзіміне беріледі.
5.3. Әкімшілікке берілген жай (айрықшылығы жоқ) лицензия беру аясында Контентті келесі тәсілдермен қолдануға рұқсат етіледі:
  • Контентті көбейту, яғни Контенттің бір немесе одан көп даналарын кез келген материалды формада дайындау, сондай-ақ оларды электрондық құрылғы жадына жазу (көбейтуге құқық);
  • Контент даналарын көбейту, яғни кез келген материалды формада көбейтілген Контентке қолжетімдік беру, соның ішінде желілік және басқа да тәсілдермен, сондай-ақ сату, жалдау, жалға беру, қарызға беру, сонымен бірге осы мақсаттардың кез келгені үшін импорт (таратуға құқық);
  • Контентті жария көрсету (жария көрсетуге құқық);
  • Контентті жария орындау (жария орындауға құқық);
  • Контентті кез келген тұлға оған интерактивті режимде кез келген жерден және кез келген уақытта өз таңдауы бойынша қол жеткізе алатындай етіп жариялау (жалпы көпшіліктің назарына жеткізуге құқық);
  • Контентті түрлендіру, яғни Контентті басқаша қып өзгерту, немесе басқаша жолмен өңдеу, Контентті бір тілден басқа тілге аударуды қоса алғанда (өңдеуге құқық);
  • Үшінші тұлғаларға барлығын немесе алынған құқықтардың бөлігін қайта табыстауға құқық (сублицензиялауға құқық).
6. Шектеулер
Осы Келісімінің шарттарымен келісе отырып, Сіз түсінесіз және келісесіз:
6.1. 2ГИС Сервистері «сол күйінде» шарттарында ұсынылады, соған байланысты Сізге 2ГИС Сервистері Сіздің талаптарыңызға сай келетіндігіне; үздіксіз, жедел, сенімді және қатесіз ұсынылатындығына; 2ГИС Сервистерін қолдану арқылы алынуы мүмкін нәтижелер нақты және сенімді болатындығына; 2ГИС Сервистерін қолдануға арқылы алынған қандай да бір өнімнің, қызметтің, ақпараттың және өзге Контенттің сапасы Сіздің талаптарыңызға сай болатындығына; 2ГИС Сервистерінің бағдарламалық қамтамасыз етуіндегі барлық қателер түзетілітіндігіне қандай да бір кепілдіктер берілмейді.
6.2. 2ГИС Сервистері жаңа функционалдық мүмкіндіктерді әрдайым толықтыру мен жаңарту кезеңінде болатындықтан, ұсынылатын 2ГИС Сервистерінің формасы мен сипаты анда-санда Сізге алдын ала ескертусіз өзгеріп тұруы мүмкін. Әкімшілік өз қарауы бойынша (уақытша немесе біржолата) 2ГИС Сервистеріне (немесе 2ГИС Сервистерінің қандай да бір бөлек функционалдық мүмкіндіктеріне) қолжетімдікті ұсынуды жалпы барлық Пайдаланушыларға немесе Сізге соның ішінде алдын ала ескертусіз тоқтатуға құқылы.
6.3. Әкімшілік Сайтта Пайдаланушылармен жарияланатын (соның ішінде көрсетілетін) Контентпен еш байланысы жоқ және ол Контенттің немесе оның компоненттерінің мазмұнын, шынайылығын және қауіпсіздігін, сонымен қатар оның қолданылатын құқық талаптарына сәйкестігін және Пайдаланушыларда оны қолдануға қажетті құқықтар көлемінің болуын тексеруді жүзеге асырмайды.
6.4. Атап айтқанда, Сізге 2ГИС Сервистерін төмендегілер үшін қолдануға тыйым салынады:
  • Контрафактілі Контентті орналастыру және/немесе тарату;
  • Порнографиялық сипаттағы Контентті орналастыру және/немесе тарату, сонымен қатар порнография мен балалар эротикасын насихаттау және интимдік қызметтерді жарнамалау;
  • Жосықсыз бәсекелестік актісін құрайтын Контентті орналастыру және /немесе тарату;
  • Балағат сөздерден немесе орфография мен пуктуацияның жалпымен қабылданған ережелерін өрескел бұзумен құрастырылған Контентті; сондай-ақ қосылған "Caps Lock"арқылы жазылған бас және кіші әріптердің кезектесеуін қамтитын Контентті орналастыру және/немесе тарату;
  • Әкімшілік Сайтында жарнама материалдарын орналастыру (2ГИС өнімдерін қолданумен жарнама және ақпараттық қызметтер көрсету Ережелерінің (http://law.2gis.kz/advert-rules/) негізінде Әкімшілікпен бөлек Келісімдерді жасасқан жағдайларды қоспағанда);
  • кез келген тыйым салынған ақпаратты, соның ішінде экстремистік сипаттағы, сондай-ақ нәсілдік және ұлттық белгілері, діні, тілі және жынысы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған, адамға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерді жасауға немесе жануарлармен адамгершілікке жатпайтын қылықтар жасау, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға шақыратын, соның ішінде қару, есірткі заттарын және олардың прекурсорларын және т.б. дайындау мен қолдану тәртібін түсіндіретін материалдарды орналастыру және/немесе тарату;
  • компьютерлік вирустар, трояндар және басқа да зиянды бағдарламаларды орналастыру, сақтау немесе басқа жолмен қолжетімдік ұсыну;
  • басқа сайттарға сілтемелерді басым немесе айрықша орналастыру;
  • мазмұны қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін Интернет желісіндегі ресурстарға сілтемелерді орналастыру;
  • құпия сөз көмегімен немесе Әкімшілік Сайтында орналастырылған немесе оған таратылған файлдарға қолжетімдікті басқа тәсілмен шектеулер;
  • жарнамалық сипаттағы материалдарды жеке хабарламаларда басқа Пайдаланушыларға ондай материалдарды алуға алдын ала келісімін алусыз тарату (СПАМ);
  • жеке деректерді және үшінші тұлғалар туралы басқа құпия ақпаратты жариялау;
  • Әкімшілік сайтында оның атынан Контент орналастыруға тиісті құқықтарды Пайдаланушыға бермеген тұлға атынан Контент орналастыру және/немесе тарату;
  • Әкімшілік пікірінше қажетсіз болып табылатын, Сервисті құру мақсаттарына сай келмейтін, басқа Пайдаланушылардың және басқа үшінші тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе басқа себептер бойынша Сайтта жариялауға орынсыз болып табылатын кез келген басқа ақпаратты орналастыру және/немесе тарату.
6.5. Қойылған тыйымға қарамастан, Сервисті қолдану кезінде Сіз намысқа тиетін немесе әдепсіз сипаттағы ақпаратты қамтитын, сондай-ақ басқа формада қолданылатын құқықты, үшінші тұлғалардың құқықтарын және/немесе мүдделерін бұзатын Контент ала аласыз.
6.6. Контенттің мазмұны үшін және оның қолданылатын құқықтың талаптарына сай болуына барлық жауапкершілікті сол Контентті құрған және/немесе оны Әкімшілік Сайтына қосқан тұлға өзіне алады.
6.7. Сервисті ұсынумен, соның ішінде басқа Пайдаланушымен Контент орналастырумен байланысты Сіздің құқықтарыңыздың және/немесе мүдделереңіздің бұзылуы орын алған жағдайда Сізге ол туралы Әкімшілікке хабарлау керек. Ол үшін Сізге Әкімшілікке бұзушылықтың мән-жайларын егжей-тегжейлі баяндаумен және Сіздің құқықтарыңыз және/немесе мүдделеріңіз бұзылатын материалдарды қамтитын Сайт парағына гипермәтіндік сілтемемен жазбаша ескерту жолдау қажет.
6.8. Үшінші тұлғалардың кез келген мүліктік және/немесе жеке мүліктік емес құқықтарын бұзуға қатысты үшінші тұлғалардың қандай да бір наразылықтары туындаған жағдайда, сонымен қатар заңнамамен белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұзған жағдайда сіз Әкімшілік талабы бойынша тиісті наразылықты ұсынған тұлғаға Әкімшілікпен белгіленген ақпаратты беру үшін өзінің төлқұжат деректерін көрсете отырып, өз күшімен және өз қаражаттары есебінен туындаған наразылықтарды реттеуге Әкімшілікке міндеттеме бере отырып, ресми сәйкестендіруден өтуге міндеттісіз.
6.9. Әкімшілікке Пайдаланушылармен немесе олардың нұсқасы бойынша Сайтта Контент орналастыру нәтижесінде зияткерлік құқықтардың бұзылуы туралы құқық иеленушіден өтініш келіп түскен жағдайда Әкімшілік кез келген Контентті Сайттан дереу өшіру құқығын өзіне қалдырады. Сонымен бірге Әкімшілік Пайдаланушыны Контентті өшіргені туралы ескерту және туындауы мүмкін дауды реттеу немесе көрсетілген әрекеттерге байланысты қандай да бір шығындар өтемақысын төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдамайды.
6.10. заңсыз Контентті орналастыру мен қолжетімдікті беру үшін ақпараттық делдалдың заңнамамен белгіленген жауапкершілігіне байланысты Әкімшілік кез келген Контентті Сайттан дереу өшіру құқығын өзіне қалдырады. Сонымен бірге Әкімшілік Пайдаланушыны Контентті өшіргені туралы ескерту және туындауы мүмкін дауды реттеу немесе көрсетілген әрекеттерге байланысты қандай да бір шығындар өтемақысын төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдамайды.
6.11. осы Келісімнің, Лицензиялық келісімнің және/немесе заңнама талаптарын көп мәрте немесе өрескел бұзған жағдайда Әкімшілік Сіздің есептік жазбаңызды (аккаунтты) толықтай блоктау, оны өшіру немесе басқа тәсілмен Сервистің ұсылынуын шектеу (тоқтату) құқығын өзіне қалдырады.
6.12. Сіздің үшінші тұлғалардың құқықтарын және/немесе мүдделерін, сонымен қатар заңнамамен белгіленген тыйымдар немесе шектеулерді бұзуыңызбен байланысты Әкімшілікті жауапкершілікке тартқан немесе өндіріп алулар жүктеген жағдайда Сіз толық көлемде Әкімшілікке бүкіл шығындарды өтеуге міндеттісіз.
6.13. Әкімшілік Сайттағы арнайы блоктарда жарнама материалдарын және басқа ресурстарға сілтемелерді орналастыру құқығын өзіне қалдырады, сонымен бірге Әкімшілік жарнама материалдары және ондай ресурстардың қолжетімдігі, олардың Контенті, сондай-ақ ол ресурстарды, олардың Контенттерін немесе жарнамасын қолданумен байланысты кез келген салдар үшін ешқандай жауапкершілігі жоқ.
6.14. Әкімшілік Сізбен жасалған бұзушылықтармен, сондай-ақ Сізге жоғарыда аталған мән-жайларда Сізге зиян немесе шығындар келтірумен байланысты қандай да болмасын жауапкершіліктен шеттетіледі.
6.15. Әкімшілік Пайдаланушылардың жалпыға қолжетімді жеке деректерін кімнің болмасын қолдануына еш жауап бермейді.
7. Ескертулер
7.1. Сіз Әкімшіліктен Сайттағы Сіздің бейініңізде көрсетілген электрондық мекенжайға Сайт аясында немесе онымен байланысты маңызды оқиағалар туралы ақпараттық электрондық хабарламалар (әрі қарай — «нотификаторлар») алуға келісесіз.
7.2. Әкімшілік нотификаторларды Пайдаланушыны Плафторманың және (немесе) Әкімшілік Сайтының мүмкіндіктері және/немесе онда орналастырылған ақпараттық ресурстар туралы ақпараттандыру үшін ғана қолдануға міндеттенеді.
7.3. Әкімшілік нотификаторларды үшінші тұлғалардан жарнамалық хабарландырулармен қоса жібермеуге міндеттенеді.
8. Өзге шарттар:
8.1. Пайдаланушының жеке деректерін өңдеу Әкімшіліктің Құпиялық саясатына сай жүзеге асырылады.
8.2. Тіркелген Пайдаланушы өзі құрған аккаунттың (бейіннің) дегенмен еш жағдайларда осы Келісімге қайшы келмейтін қолданылу шарттары мен тәртібін өз бетінше анықтайды.
8.3. Қолданылатын құқық. Осы Келісім оны жасау және орындау тәртібі, сондай-ақ осы Келісіммен реттелмеген мәселелер Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
8.4. Арбитраж. Келісім бойынша немесе онымен байланысты барлық даулар Әкімшіліктің орналасу орны бойынша Ресей Федерациясының қолданыстағы іс жүргізу құқығына сәйкес қаралуға жатады.
8.5. Өзгертулер. Осы Келісім Әкімшілікпен біржақты тәртіпте Пайдаланушыға алдын ала ескертусіз және оған байланысты қандай да бір өтемақысыз өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін.
8.6. Келісім мәтіні. Осы Келісімнің қолданыстағы мәтіні Әкімшілік Сайтында орналастырылған және http://law.2gis.kz/rules/ мекенжайы бойынша Интернет желісінде қолжетімді.
05.08.2024 жылғы мәтін.