2ГИС өнімдерін қолдана отырып, жарнамалық және ақпараттық қызметтер көрсету ережелері
1. Анықтамалар мен терминдер
1.1. Осы құжат мақсатында төменде келтірілген терминдер келесі мағынада қолданылады:
Тапсырыс бланкі — Тапсырыс беруші және Орындаушы қол қоятын құжат, онда Жарнама материалдары, Жарнаманы орналастыру жоспарланатын Қосымшалар, Қызметтерді көрсету мерзімі. Олардың құны, сондай-ақ Қосымша қызметтер көрсету пәні, құны және мерзімі (осы Ереженің 2.5-тармағына сай Қосымша қызметтер пәні, құны және мерзімі туралы Прайс-парақта анықталу жағдайларын қоспағанда), және осы Шарттың басқа да қажетті шарттары туралы мәліметтерді қамтитын Шарттың айтарлықтай шарттары көрсетіледі.
Буклет — сатылатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар туралы 2gis.kz сайтының Тұтынушыларын ақпараттандыру мақсатында 2gis.kz сайтында орналастырылатын өндірілетін немесе сатылатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер немесе атқарылатын жұмыстар туралы ақпараты бар мәліметтер белгілі бір аумақтың Ұйымдар анықтамалығында қамтылған заңды тұлға / жеке кәсіпкер (ұйым) бейінінің беті.
Веб-қосымша — оның көмегімен 2ГИС Өнімдері API 2ГИС Анықтамалықтары сервистерін қолданумен Тұтынушылар назарына өзге формада көрсетілетін және/немесе ұсынылатын Тұтынушының абоненттік құрылғысына орнатылған ЭЕМ-ге арналған бағдарлама (мобильді құрылғыларға арналған бағдарламаларды қоса алғанда).
Географиялық таргетинг – Орындаушы мәліметтері бойынша белгілі бір географиялық аймаққа жататын Интернет желісінде компьютерлердің ІР-мекенжайлары (немесе прокси-серверлері) бар тұтынушыларға Жарнама материалын көрсету.
Шарт — осы Ережелермен көзделген тәртіпте жасалатын және орындалатын Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасындағы ақылы негізде Қызметтер/Қосымша қызметтер көрсету шарты.
Статистика мәліметтері – API 2ГИС Анықтамалықтары сервисі иесінің ақпаратты есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің мәліметтері және/немесе Google Inc тиесілі DoubleClick for Publishers ақпаратты есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің мәліметтері, олар сонымен қатар есепке алу жүйесінің тағайындалуына байланысты Көрсетілімдер мөлшері, қызметтер құны және Интернет-алаңда және/немесе Веб-қосымшаларда Жарнама орналастыруға, сондай-ақ Қосымша қызметтер көрсетуге қатысты мәліметтерді қамти алады.
Қосымша қызметтер Орындаушы Прайс-парағында атап өтілген Платформаның қосымша функционалды мүмкіндіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық қызметтер және басқа да қызметтер.
Тапсырыс беруші — осы Ережелер шарттарында Қызметтер/Қосымша қызметтер тапсырыс берушісі (жасасқан Шарт бойынша) болып табылатын немесе ниет білдіретін(Шартты жасасу кезеңінде) тұлға.
Интернет-алаң – API 2ГИС Анықтамалықтары сервистерін қолдану арқылы алынған 2ГИС Өнімдері Тұтынушылар назарына белгілі бір желілік мекенжай бойынша орналасқан интернет-сайт.
Контент — Қосымша қызметтер көрсету аясында Тапсырыс берушімен Сайтта орналастырылатын ақпараттық материалдар.
Жеке кабинет – Тапсырыс беруші Сайтта тіркеуден және/немесе авторизациядан өткен соң техникалық мүмкіндігі болған жағдайда қолжетімділік алатын Сайттың жеке бөлімі. Жеке кабинет Тапсырыс берушінің ақпаратын сақтауға, Статистика мәліметтерін (API 2ГИС Анықтамалықтары сервисі иесінің ақпаратты есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің мәліметтері), Орындаушы жаңалықтарын сақтауға, Тапсырыс берушімен Ұйымдар анықтамалығында орналасқан ақпараттық мәліметке өзгерістер енгізуге, Мәртебені басқаруға, ескертпелер алуға, Орындаушыға жарнама материалдарын ұсынуға, сондай-ақ осы Шартқа және/немесе ақпараттық қызметтерді көрсету ережелеріне сәйкес 2ГИС-тің бөлек сервистерін қолдана отырып, басқа да әрекеттер жасауға және қосымша ақпарат алуға арналған.
Медиалық жарнама (медиалық жарнама материалдары) – мәтіндік-графикалық Жарнама материалдары, оларға қатысты Тапсырыс бланкіне сай Көрсетілімдер саны есепке алынады.
Таңба – Цифрлық жоспарға енгізілген ұйымның немесе жеке кәсіпкердің арнайы белгісі.
2ГИС Навигаторы – Тұтынушылардың мобильді құрылғыларында қолжетімді және Тұтынушының орналасу орнын, жол қозғалысын ұйымдастыруды және таңдалған/белгіленген объектіге қозғалысты бағыттауды есепке ала отырып, автомобильдік жол қозғалысты құруға арналған навигациялық бағдарламалық құрал.
Есептік кезең – айдың бірінші күнінен ағымдағы айдың соңғы күнін қоса алғанға дейінгі кезеңге келетін толық күнтізбелік ай.
Серіктестік ресурстар – үшінші тұлғалар басқаруындағы немесе соларға тиесілі және Тапсырыс берушінің Жарнама материалдарын нақты орналастыру сәтіне әрекет ететін Орындаушымен Жарнама орналастыруға жасалған шарт Сайттарын қоспағандағы интернет-сайттар.
Платформа – Орындаушы Сайтымен интеграцияланған бағдарламалық-аппараттық құралдар.
Іздеу сұранысы – 2ГИС Өнімдері интерфейсінің іздеу жолына, соның ішінде 2ГИС Өнімдерінің функциясына сай қате басылуларды, бөлек сөздерде қателерді автоматты түзету, пернетақтаның дұрыс емес таратылымында терілген мәтін түзетілген, Тұтынушымен енгізілетін 2ГИС Өнімдеріндегі ақпаратты іздеуге мәтіндік сұраныс.
Тұтынушы – Қосымшаны функционалды тағайындалуы бойынша қолданатын кез келген тұлға.
Көрсетілім –Жарнама орнында Жарнама материалының көрсетілуі.
Қосымша – Орындаушыға тиесілі немесе Орындаушымен немесе өзі тартатын үшінші тұлғалармен қолданылатын 2ГИС Өнімдері негізінде Жарнама орналастыруға арналған Электронды анықтамалық, Интернет-алаң, Веб-қосымша және басқа да бағдарламалық қамтамасыз ету.
2ГИС Өнімдері – Тұтынушының аппараттық құралдарына орнатуды талап ететін немесе желілік тәсілмен оларға қолжетімділікті ұсынуды көздейтін бөлек даналар түрінде Қосымшаларда тарала алатын Ұйымдар анықтамалықтары және/немесе Цифрлық жоспарлары.
Медиа жарнамасында біркелкі айналдыру (мәтін бойынша – Біркелкі айналдыру) – күн сайын қаражаттың нақты жұмсалуына байланысты тиісті тапсырыс бланкісі бойынша қызмет көрсету кезеңінде қаражатты күнделікті қайта есептеуді ескере отырып, жарнамалық бюджеттің біркелкі жұмсалуы.
Жарнаманы орналастыру – Қосымшада Жарнама орнында Жарнама материалын көрсету немесе назар аударуға бағытталған орналастыру немесе орындау осы Шартқа сәйкес жол берілетін Ұйымдар анықтамалығындағы ақпаратпен басқа да әрекеттерді жасау.
Жарнама материалы – осы Шартқа және онда атап өтілген Тараптар үшін міндетті белгілі бір Жарнама кампаниясы шеңберінде бөлек Тапсырыс бланкіне сәйкес осы Шарт негізінде орналастыру үшін Тапсырыс берушімен берілетін құжаттарға сәйкес орналастырылуына жол берілетін жарнамалық ақпаратты қамтитын баннер, түсініктемелер және басқа да жарнама.
Жарнама орны – Жарнама материалдарын орналастыруға (көрсетуге) арналған Қосымшаның графикалық дизайнында, Серіктестік ресурстарында берілген орын.
Жарнамалық кампания – Есептік кезеңде орындауға жататын Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында қол қойылған Тапсырыс бланкі бойынша тапсырыс берілген Қызметтер жиынтығы.
Сайт – 2gis.kz мекенжайы бойынша домендерде және/немесе олардың басқаруында орналасқан интернет-сайттар.
Жеңілдіктер – 2gis.kz сайтының Тұтыншыларын ұйыммен сатылатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар туралы ақпараттандыру мақсатында 2gis.kz сайтында Тапсырыс берушімен орналастырылатын, жеңілдіктер немесе өткізіліп жатқан акциялар туралы ақпараты бар, белгілі бір аумақ ұйымының бейініне байланысқан мәліметтер Ұйымдар анықтамалығында қамтылған заңды тұлға /жеке кәсіпкер (ұйым) бейінінің беті.
Ұйымдар анықтамалығы – белгілі бір аумақ шегінде орналасқан ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің атауы, орналасуы, телефондары, электрондық пошта мекенжайлары мен сайттары, өндірілетін және сатылатын тауарлар (атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) түрлері және басқа да мәліметтерді, сондай-ақ оның иесінің қарауы бойынша басқа да ұйымдар туралы ақпаратты қамтитын электронды анықтамалық.
Мәртебе Таңдалуы Сайттағы Жеке кабинет құралдарын қолдану арқылы Тапсырыс берушімен жүзеге асырылатын Платформаның функционалды мүмкіндіктерінің жинағы.
Тараптар — осы Ережеге сай Шарт жасасқан Тапсырыс беруші мен Орындаушы.
Іздеу нәтижелерінің беті – Тұтынушының Іздеу сұранысы бойынша іріктеліп алынған және Ұйымдар анықтамалығында тізім түрінде, соның ішінде Цифрлық жоспарда таңбалар түрінде көрсетілген 2ГИС Өнімдеріне енгізілген ұйымдар және/немесе жеке кәсіпкерлер, мекенжайлар туралы қысқаша ақпаратты қамтитын бет.
Қызметтер – осы Шарттың шарттарына сәйкес бөлек Тапсырыс бланкі бойынша көрсетілетін Қосымшадағы және/немесе Серіктестік ресурстарында және/немесе 2ГИС Навигаторында Тапсырыс берушінің Жарнаманы орналастыру бойынша Орындаушы қызметтері.
Фотографиялар — ұйыммен сатылатын тауарлар, іске асырылатын жұмыстар, қызметтер туралы 2gis.kz сайтының Тұтынушыларын ақпараттандыру мақсатында 2gis.kz сайтында Тапсырыс берушімен орналастырылатын және Ұйымдар анықтамалығындағы ұйымдар бейінімен байланысқан, мәліметтер белгілі бір аумақтың Ұйымдар анықтамалығында бар заңды тұлғаның / жеке кәсіпкердің (ұйымның) қызметіне айқын түрде қатысы бар фотографиялар.
Цифрлық жоспар – белгілі бір географиялық координаттармен шектелген аумақ шегінде географиялық объектілер, сол төңіректің объектілері мен елді мекендер туралы геоақпараттық мәліметтерді қамтитын электронды карта.
Медиа жарнамадағы экстра-кезең – Тиісті тапсырыс бланкісі бойынша берілген Экстра-кезеңнің әрекет ету мерзіміндегі Жарнамалық бюджетті жылдам айналдыру кезеңі. Басталу күнінен, аяқталу күнінен және Экстра-кезең бюджетінен тұрады.
Электронды анықтамалық – дербес компьютерлер мен мобильді құрылғыларға бейімделген нұсқаларда 2ГИС Өнімдерін қамтитын электронды басылым.
1.2. Осы Ережеде Ереденің 1.1-тармағында көрсетілмеген терминдер мен анықтамалар қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда ол терминді талқылау Ереже мәтініне сай жүзеге асырылады. Ереже мәтінінде терминді немесе анықтаманы ондай біржақты талқылау болмаған жағдайда келесі құжаттардағы оның талқылануын басшылыққа алу керек: бірінші кезекте — Тараптар арасында Шарт құрайтын құжаттарды, екінші кезекте — Тараптар үшін міндетті құжаттарды, және келесі кезекте — Қазақстан Республикасының заңнамасын, іскерлік айналым дәстүрлерін және ғылыми доктринаны.
1.3. Осы Ережелердегі тармаққа (Ережелер бөліміне) және/немесе олардың шарттарына кез келген сілтеме осы Ережелердің (олардың бөліміне) және/немесе олардың шарттарына тиісті сілтемені білдіреді.
2. Шартты жасасу пәні мен тәртібі
2.1. Шарттың пәнін Тараптармен Тарсырыс балнкінде келісілген Қызметтер, сондай-ақ осы Ережелердің 2.5 тармағында көзделген жағдайда Қосымша қызметтер құрайды.
2.2. Тараптардың Тапсырыс бланкіне қол қоюы олардың осы Ережелермен, соның ішінде онда атап өтілген міндетті құжаттармен таныстырылуын және сөзсіз келісуін білдіреді және олардың арасында Тапсырыс бланкі және осы Ережелер шарттарында Шарт туындатады.
2.3. Шарттың әрекет ету мерзімі Тараптармен Тапсырыс бланкіне қол қою сәтінен онда көрсетілген Қызметтер/Қосымша қызметтер көрсетудің аяқталу мерзіміне сәйкес келеді.
2.4. Осы Ережелер негізінде Тараптармен Шарттардың шектелмеген мөлшері жасалуы мүмкін және олардың әрекет ету мерзімдері толық немесе ішінара бір-біріне сай болуы мүмкін.
2.5. Тиісті Тапсырыс балнкімен Тапсырыс берушіге Орындаушымен Қосымша қызметтер көрсету көзделуі мүмкін. Прайс-парақпен Тапсырыс берушілердің бөлек санаттарына Қосымша қызметтер көрсету көзделуі мүмкін.
2.6. Қосымша қызметтерді қолдану үшін Тапсырыс берушіге Сайтта тіркелу және/немесе авторизациялау рәсімін өту керек. Тапсырыс беруші Жеке кабинетке кіру үшін логин және құпия сөзді өз бетінше таңдауға (логинді таңдау Тапсырыс бланкінде расталуы мүмкін) немесе Тапсырыс бланкіне қол қою кезінде Тапсырыс берушіге Орындаушымен берілген логинді қолдануға құқылы. Тапсырыс беруші Сайтта тіркелген сәттен бастап, логин мен құпия сөзді қолданумен жасалған әрекеттер үшін жауапты болады.
2.7. Тапсырыс берушінің Жеке кабинетіне қолжетімдік үшін логин мен құпия сөзді қолданумен жасалған кез келген әрекеттер Тапсырыс беруші Орындаушыны осы Ереженің 2.8 тармағында көзделген тәртіпте Тапсырыс берушінің логині мен құпия сөзіне үшінші тұлғалардың санкцияланбаған қолжетімдігі туралы ескерткен, Тапсырыс беруші оларды жойған жағдайларды ескермегенде, Тапсырыс берушімен жасалған болып саналады. Тапсырыс беруші есептік жазба аясында осы Шартты орындаумен байланысты барлық әрекеттер мен салдар үшін, Тапсырыс берушінің үшінші тұлғаларға кез келген шарттарда қолжетімділік үшін мәліметтерді берген жағдайларды қоса алғанда, дербес жауапты болады.
2.8. Логин мен құпия сөзге санкцияланбаған қолжетімділік, оларды жою немесе үшінші тұлғаларға айтқан жағдайда Тапсырыс беруші жедел ол туралы Орындаушыға жазбаша түрде бір уақытта Сайттағы электрондық пошта мекенжайының көрсетілген өз есептік жазбасынан электрондық хат жіберумен хабарлауы тиіс. Қауіпсіздік мақсатында Тапсырыс беруші Жеке кабинетте жұмыстың әрбір сессиясы аяқталған соң өз есептік жазбасынан жұмысты қауіпсіз аяқтауды дербес жүзеге асыруға міндетті. Орындаушы Тапсырыс берушінің Шарттың осы бөлімін бұзуынан туындауы мүмкін мәліметтердің жоғалуы немесе бұзылуы, сондай-ақ кез келген сипаттағы басқа да салдар үшін жауап бермейді.
3. Қызметтерді көрсету шарттары
3.1. Орындаушының Қызметтерді көрсетуінің міндетті шарты Тапсырыс берушінің Шарт бойынша Тараптарға қатысты қолданылатын Тараптар үшін міндетті келесі құжаттармен анықталатын Талаптар мен ережелерді сөзсіз қабылдау мен сақтау болып табылады:
3.1.1. Келесі мекенжай бойынша Интернет желісіндегі Сайтта орналастырылған және/немесе қолжетімді прайс-парақ: http://reklama.2gis.kz/pricelist/legal, ол Қосымша қызметтердің атауы мен құнын, сондай-ақ бөлек Қосымшаға немесе олардың тобына қатысты белгілі бір түр Жарнамасын орналастыруға қатысты Қызмет көрсету құнын қамтиды.
3.1.2. http://law.2gis.kz/pricelist-application мекенжайы бойынша Инернет желісіндегі Сайтта орналасқан және/немесе қолжетімді Прайс-параққа қосымшада бағалық топқа жатқызу тәртібі анықталған.
3.1.3. http://law.2gis.kz/price-archives мекенжайы бойынша Интернет желісіндегі Сайтта орналастырылған және қолжетімді мұрағаттық прайс-парақтар және Прайс-парақтарға Қосымшалар, оларда Қосымша қызметтер атауы мен құны,сондай-ақ бөлек Қосымшаға немесе олардың тобына қатысты белгілі бір түр Жарнамасын орналастыруға қатысты Қызметтер бағасы, Қызметтер/Қосымша қызметтер көрсетудің өтіп кеткен кезеңдері үшін Платформаның қосымша функционалдық мүмкіндіктерінің құрамы және бағалық топты беру тәртібін анықтаушылар қамтылады.
3.1.4. http://law.2gis.kz/api-rules мекенжайы бойынша орналасқан Интернет желісіндегі Сайтта орналастырылған және/немесе қолжетімді 2ГИС Анықтамалықтары АРІ Келісімінде 2ГИС Анықтамалықтары АРІ сервисін қолдану арқылы Жарнаманы орналастыру тәртібі анықталған.
3.1.5. http://law.2gis.kz/advert-rules/requirements/ мекенжайы бойынша Интернет желісіндегі Сайтта орналастырылған және/немесе қолжетімді Орындаушының Қызметтерді көрсетуіне қатысты - Қазақстан Республикасының аумағында таралатын Жарнама материалдары сай болуы тиіс жалпы міндетті шарттарды анықтайтын жарнама материалдарына талаптар, сондай-ақ Жарнама материалдары таралатын аумақтағы елдің заңнамаларына негізделген талаптар.
3.1.6 http://law.2gis.kz/advert-rules/technical-requirements/мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған және/немесе қолжетімді және Орындаушымен Қызметтер көрсетуге қатысты – Жарнама материалдарының сай болуы керек міндетті техникалық талаптарды анықтайтын жарнама материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар.
3.1.7 http://law.2gis.kz/rules мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған және/немесе қолжетімді және Сайтта тіркелу мен Платформаны, Орындаушы сервистерін қолданудың жалпы шарттарын көздейтін 2ГИС сервистерін қолдану туралы келісім және оларда көрсетілген құжаттар.
3.1.8 http://law.2gis.kz/informational-requirements/ мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған және/немесе қолжетімді және Қосымша қызметтердің белгілі бір түріне қатысты Орындаушының Қосымша қызметтер көрсетуіне қолданылатын – Платформаның қосымша функционалдық мүмкіндіктерін қолдану арқылы Сайтта Тапсырыс берушімен орналастырылатын ақпараттық материалдардың мазмұнына қойылатын талаптарды көздейтін ақпараттық материалдарға қойылатын талаптар.
3.2. Ереженің 3.1 тармағында көрсетілген Тараптар үшін міндетті құжаттар олардың ажырамас бөлігін құрайды.
3.3. Тапсырыс беруші Орындаушыға Қызметтерді көрсету үшін қажетті талаптарға және Жарнама материалдары таралатын аумақтағы елдің қолданыстағы заңнамаларымен және осы Шартпен көзделген оларды орналастыру шарттарына сай келетін Жарнама материалдарын оларға қатысты Тапсырыс бланкі бойынша, медиалық жарнама материалдарын қоспағанда, оларды орналастырудың, бірінші айдың алдындағы айдың 18 (Он сегізі) күнінен кешіктірмей ұсынуы тиіс. Жарнама материалдарын ұсынудың басқа мерзімі бөлек Қосымшаларда, ол ондай Қосымшаларда Орындаушымен қолданылатын Жарнаманы орналастыру технологиясымен жол берілетін болса, Жарнаманы орналастыруға тиісті Тапсырыс бланкінде көрсетілуі мүмкін. Тапсырыс беруші Орындаушыға соңғысы Тапсырыс берушіге Қызметтер көрсетуі үшін Жарнама материалдарын Жеке кабинет арқылы беруге құқылы.
Тапсырыс беруші Орындаушыға медиалық жарнама материалдарын Орындаушының Қызметтерді көрсетуді бастау мерзіміне дейін 3 (Үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Осыған ұқсас ережелер Жарнама материалдарына оларды орналастыру кезеңінде өзгерістер енгізу жағдайында да қолданылады.
Тапсырыс беруші Орындаушыға оның Тапсырыс берушіге Қосымша қызметтер көрсетуі үшін Жарнама материалдарына қойылатын және материалдар таралатын елдің қолданыстағы заңнамаларымен көзделген оларды оррналастыру шарттарына және осы Шартқа сай материалдарды, соның ішінде Жеке кабинет арқылы ұсынуға міндетті.
3.4. Жарнама материалдарын уақытында ұсынбаған жағдайда Орындаушы оларды орналастыру мерзімдерін, оларға қатысты Тапсырыс бланкі бойынша Қызметтерді көрсетудің келісілген мерзімдерін Ереженің 3.3.-тармағындағы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін өзгертуге құқылы::
3.4.1. Жарнама материалдарын алғаш орналастырған кезде оларды орналастыру басталуының мерзімі, осы Ереженің 3.3.-тармағын сақтай отырып, орналастыру мерзімін Тапсырыс беруші кінәсі бойынша кешіктірудің тиісті кезеңіне ұзартумен, Жарнама материалдарын нақты ұсынған айдан кейінгі айға шегеріледі;
3.4.2. Жарнама материалдарын өзгерткен жағдайда оларды орналастыру осы Ереженің 3.3.-тармағындағы ережелерді сақтай отырып, орналастыру мерзімін Тапсырыс беруші кінәсі бойынша кешіктірудің тиісті кезеңіне ұзартусыз, Жарнама материалдарын нақты ұсынған айдан кейінгі айдан басталады.
3.5. Орындаушы Жарнама материалдарын тиісті Тапсырыс бланкі бойынша Қызметтерді көрсету басталғанға дейін және оларды орналастырған соң кез келген уақытта тексеруге құқылы:
- Жарнама материалдары таралатын аумақтағы елдің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне;
- Шарт және онда аталған міндетті құжаттар талаптарына сәйкестігіне;
- мекенжайлық деректердің, телефон нөмірлерінің, сайт мекенжайының дұрыс болуы пәніне, байланысқан кезде ұсынылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) контактілік деректерінің Жарнама материалының мазмұнына сай болуына;
- Тапсырыс берушімен ұсынылған құжаттардағы қажетті лицензиялар (рұқсатнамалар) немесе сертификаттар (декларациялар) ресімделгенін растайтын мәліметтердің шынайы болуына. Егер жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге және (немесе) сатуға лицензиялар немесе басқа да арнайы рұқсатнамалар алу талап етілетін болса, немесе ондай тауарлар (жұмыстар, қызметтер) міндетті сертификациялауға немесе техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін басқа да міндетті растауға жататын болса, Орындаушы кез келген уақытта оларды сұратуға құқылы, ал Тапсырыс беруші олардың алынғанын/өтілгенін растайтын, белгіленген тәртіпте расталған тиісті құжаттардың көшірмелерін тиісті сұранысты алған күннен үш күн ішінде, ал алғашқы орналастыру кезінде – Жарнама материалдарын берумен бір уақытта ұсынуға міндетті;
3.6. Жарнама материалдарын орналастыруға қабылдау және/немесе Орындаушының оларды орналастыру мүмкіндігін растауы қандай да болмасын жағдайларда Тапсырыс берушінің ондай Жарнама материалында үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік объектілерін қолдануға және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын (заңды мүдделерін) бұзатын әрекет жасауға, сондай-ақ заңнаманы кез келген формада бұзуына құқығын растау дегенді білдірмейді. Ондай қолдану үшін және ондай қолданудың кез келген салдары үшін, сондай-ақ Жарнама материалдарының мазмұны мен олардың заңнама талаптарына сай болмауы үшін бүкіл жауапкершілікті Тапсырыс беруші дербес өз мойнына алады.
3.7 Жарнама материалы ереженің 3.5.-тармағындағы талаптарға сай болмаған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге тексеріс нәтижелері туралы ескертеді және Жарнама материалының мәліметтерін жаңаға ауыстыруды, сұралатын құжаттарды беруді ұсынады. Егер Тапсырыс беруші Орындаушының негізделген ескертуіне назар аудармастан, Жарнама материалдарын орналастыруға кедергі келтіретін мән-жайларды жоймаса, сондай-ақ сұралатын құжаттарды бермеген немесе олардағы мәліметтер сай болмаған жағдайда, Орындаушы біржақты тәртіпте өз қарауы бойынша Шарттың орындалуынан толықтай немесе ішінара Шартта көзделген тәртіпте бас тартуға құқылы.
3.8 Платформаның функционалды мүмкіндіктеріне қолжетімдікті ұсыну ондай қызметтерге қатысты Тапсырыс бланкі бойынша Қосымша қызмет ақысын төлеген жағдайда және Тапсырыс бланкінде өзгеше көзделмесе, Шарт бойынша берешек болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Орындаушы міндетті:
4.1.1. Тапсырыс берушіге осы Ережеге және онда көрсетілген міндетті құжаттарға сай жасасқан Шарт негізінде Қызметтер/Қосымша қызметтер көрсетуге.
4.1.2. Қызметтер көрсетуді Тапсырыс берушінің осы Ереженің 3 және 5 бөлімдерінің талаптарын сақтаған жағдайда тиісті Шартта көрсетілген күннен кешіктірмей бастауға.
4.1.3. Өзі шығаратын Қосымшаға үшінші тұлғалардың шексіз қолжетімдігін қамтамасыз етуге.
4.1.4. Медиалық жарнама орналастыру бойынша Қызметтер көрсеткен кезде Тапсырыс берушіге Google Inc. тиесілі DoubleClick for Publishers ақпаратты автоматтандырылған есепке алудың статистика мәліметтерін немесе 2ГИС Анықтамалығы АРІ сервисі иесінің ақпаратты автоматтандырылған есепке алудың статистика мәліметтерін (егер ол Тапсырыс бланкінде тікелей көзделсе) тиісті Тапсырыс бланкінде көрсетілген Тапсырыс берушінің электронды поштасының мекенжайына аптасына бір реттен жиі емес бағыттау жолымен ұсынуға.
4.1.5. Тапсырыс беруші талабы бойынша оны Шарт бойынша Қызметтер/Қосымша қызметтер барысымен таныстыруға.
4.2. Орындаушы құқылы:
4.2.1. Тапсырыс беруші осы Шарттың 3 және 5 бөлімдерінде көзделген талаптарды бұзған, сондай-ақ Тапсырыс беруші өз дербес мәліметтерін өңдеуге келісімін кері қайтарып алған жағдайда Қызметтерді/Қосымша қызметтерді көрсетуге кіріспеуге немесе оларды тоқтатуға немесе Шартты орындаудан толықтай немесе ішінара бас тартуға.
4.2.2. Жасалған Шартты орындаудан осы Ережемен көзделген жағдайларда толық немесе ішінара бас тартуға.
4.2.3. Тапсырыс берушіден құжаттар сұратуға және оларды алуға, оларда көрсетілген мәліметтерді осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген ережелерге сай оларды тексеруге.
4.2.4. . Ұйымдар анықтамалығын жетілдіру мақсатында рубрикаларды жоюға, енгізуге, олардың атаулары мен орналасуын өзгертуге. Егер Тапсырыс берушінің Жарнама материалдары Ұйымдар анықтамалығынан жойылатын немесе атауы мен орналасуын өзгертетін бір немесе бірнеше рубрикаларда орналасқан жағдайда Орындаушы жүргізілген өзгерістер туралы Тапсырыс берушіге өзіне ыңғайлы кез келген формада ескертеді.
4.2.5. Үшінші тұлғаларды Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тартуға және олардың әрекеттері үшін өзінікі сияқты жауап беруге.
4.2.6. Шарт бойынша Тапсырыс берушімен берілген Жарнама материалдарын (осы тармақ мақсатында - туынды) портфолиода, презентациялық материалдарда, осы Шарттың 3.1.6.-тармағында көрсетілген жарнама материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптарда, сондай-ақ Орындаушының жарнама материалдарында әрбір келесі тәсілдермен пайдалану кезінде автор атын көрсетпей қолдануға: туындыны жаңғырту, яғни туындының бір және бірнеше данасын немесе оның бір бөлігін кез келген материалдық формада дайындау; туындыны оның түпнұсқасын немесе даналарын шеттету жолымен тарату; туындыны көпшілікке көрсету; туындыны көпшілік алдында орындау; туындыны қайта істеу; туындыны көпшілік назарына ұсынуға.
4.3. Тапсырыс беруші міндетті:
4.3.1. Орындаушыға Жарнама материалдарын осы Ереженің 3-бөліміне сай ұсынуға.
4.3.2. Осы Ереженің 5 бөлімімен көзделген шарттарға сай Тапсырыс бланкі бойынша Қызметтер/Қосымша қызметтер ақысын уақтылы төлеуге.
4.3.3. Орындаушы сұранысы бойынша Шарттың 3 бөлімінде көрсетілген құжаттарда онда белгіленген мерзімдерде ұсынуға.
4.3.4. Жарнамаланатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) немесе солармен байланысты берілген лицензия, сертификат және басқа да рұқсатнамалар тоқтатылған немесе әрекет ету мерзімі өткен сәттен бастап, Орындаушыға жазбаша формада 3 (үш) күн ішінде ескертуге.
4.3.5. Жарнама материалдарында ұсынылған мәліметтердің сенімділігін және олардың заңнама, Шарт және осы Ереже талаптарына және оларда атап өтілген Тараптар үшін міндетті құжаттарға сай болуын қамтамасыз етуге.
4.4. Тапсырыс беруші құқылы:
4.4.1. Орналастырылатын Жарнама материалдарына ағымдағы Тапсырыс бланкі шеңберінде осы Ереженің 3 бөлімінде көзделген тәртіпте жаңа Жарнама материалдарын ұсыну жолымен өзгерістер енгізуге.
4.4.2. Осы Шарт бойынша Қызметтер/Қосымша қызметтер көрсету барысымен танысуға.
4.4.3. Шарттың орындалуынан осы Ережемен көзделген жағдайларда толықтай немесе ішінара бас тартуға.

5. Қызметтер құны және төлеу тәртібі
5.1. Қызметтер құны белгілі бір кезең немесе орындалған Көрсетілім үшін жарнаманы орналастыру тәсіліне байланысты белгіленеді.
5.2. Шарт бойынша Қызметтер/Қосымша қызметтер құны қол қою уақытында әрекет ететін Прайс-параққа сай оларға қатысты Тапсырыс бланкінде, егер осы Ережелермен немесе Тапсырыс бланкімен өзгеше көзделмесе, көрсетіледі.
Қосымша қызметтерге Тараптармен қол қойылған Тапсырыс бланкі болмаған жағдайда Қосымша қызметтер құны Қосымша қызметтерді көрсету сәтіне әрекет ететін Прайс-парақта көрсетіледі.
Тапсырыс бланкінде келісілген Қызметтер/Қосымша қызметтер құны Тараптар келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
Егер Тараптар тиісті Тапсырыс бланкісімен қызмет көрсетудің барлық мерзіміне жарнамалық бюджетті келіссе, онда жарнамалық бюджет шеңберінде ақшалай қаражатты есептен шығару Тапсырыс бланкісінде Тараптар келіскен қызмет көрсетудің тиісті мерзімі ішінде біркелкі жүргізіледі.
Тапсырыс беруші Тапсырыс бланкісінде Тараптармен келісілген қызметтерді көрсету мерзімінде жеке кабинет арқылы Экстра-кезеңді шексіз, бірақ қолданыстағы бір Экстра-кезеңнен артық емес баптауға және Экстра - кезеңнің қолданылу кезеңіне жарнамалық бюджетті (бұдан әрі - жарнамалық бюджетті арттыру) арттыруға құқылы.
Экстра-кезең мерзімі Экстра-кезең бапталған күннен бастап және кез келген басқа күнге дейін, бірақ тиісті тапсырыс бланкісі бойынша Қызмет көрсету мерзімі аяқталған күннен кешіктірілмей келуі мүмкін. Тапсырыс беруші белгілеген Экстра-кезең үшін жарнамалық бюджетті арттыру тиісті тапсырыс бланкісі бойынша қызмет көрсетудің бүкіл мерзіміне жарнамалық бюджет сомасынан аспайды.
Ақша қаражатын Экстра-кезеңде және берілген жарнамалық бюджетті арттыру аясында есептен шығару біркелкі жүреді.
Тапсырыс беруші Жеке кабинет арқылы Экстра-кезеңді кез келген уақытта өшіріп тастауға және тиісті Тапсырыс бланкісі бойынша қызмет көрсетудің қалған уақытында ақшалай қаражатты біркелкі есептен шығаруға құқылы.
Тиісті тапсырыс бланкісі шеңберінде қызмет көрсетудің бүкіл мерзіміне жарнамалық бюджетті арттыру Жеке кабинет арқылы «Бюджетті арттыру» батырмасын басу, жарнамалық бюджетті толықтыру сомасын одан әрі енгізу жолымен жүзеге асырылады және «Толықтыру» батырмасын басу арқылы аяқталады. Көрсетілген әрекетті өңдеу мерзімі Тапсырыс беруші жеке кабинеттің интерфейсінде бір айға арналған жаңа жарнамалық бюджетті тіркеген сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайды.
Егер тиісті Тапсырыс бланкімен Тараптар айға Жарнама бюджетін және қолда бар ақша қаражаттарын, соның ішінде келесі Есептік кезеңдер үшін төлемақы ретінде енгізілген қаражаттарды келіскен болса, Акцепт Оферта көмегімен жасалған тиісті Тапсырыс бланкі немесе Шарт шеңберіндегі айлық Жарнама бюджетін арттыру үшін жеткіліксіз болса, онда айлық Жарнама бюджетін Жеке кабинет интерфейсінде арттыру айлық Жарнама бюджетін арттыру үшін жетіспейтін соманы төлеген соң ғана мүмкін болады. Жарнама бюджеті арттырылатын соманы төлеу мерзімі Орындаушының төлеуге шот қойған күннен бастап 30 (Отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
Акцепт Оферта көмегімен жасалған тиісті Тапсырыс бланкі немесе Шарт шеңберіндегі айлық Жарнама бюджетін Жеке кабинет интерфейсінде арттыру «Бюджетті арттыру» баспасын басу жолымен, әрі қарай айға Жарнама бюджетін толықтырылатын соманы енгізу жолымен жүзеге асырылады және «Толықтыру» баспасын басумен аяқталады. Көрсетілген әрекетті өңдеу мерзімі Тапсырыс берушімен Жеке кабинет интерфейсінде айға жаңа Жарнама бюджетін бекіткен сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайды.
5.3. Егер Орындаушы ҚҚС төлеушісі болса, онда тиісті Прайс-парақта ҚҚС-сыз көрсетілген Қызметтер/Қосымша қызметтер бағасы тиісті Тапсырыс бланкін ресімдеу күнінде заңнамамен көзделген мөлшерлеме бойынша ҚҚС-қа көбееді.
Егер Орындаушы ҚҚС төлеушісі болмаса, онда тиісті Прайс-парақтағы Қызмет/Қосымша қызмет құны, ҚҚС қоса алғанда Тапсырыс берушімен Шарт бойынша баға ретінде қабылданады.
5.4. Есептік кезең үшін Тапсырыс берушімен төленуге жататын Қызметтер/Қосымша қызметтердің жалпы құны Жарнама кампаниясы шеңберінде бөлек Тапсырыс бланкілері бойынша Қызметтер құнынан және бөлек Тапсырыс бланкілері бойынша Қосымша қызметтер құнынан құралады.
5.5. Ай сайын Орындаушы әр есептік кезең үшін көрсетілген қызметтер актісін құрайды (әрі қарай – Бастапқы құжат). Бастапқы құжат оны құрау күніне Орындаушының есептік саясатымен бекітілген форма бойынша құралады.
5.6. Тараптар Есептік кезеңде көрсетілген Қызметтер/Қосымша қызметтер туралы мәліметтер Медиалық жарнама үшін Google Inc. тиесілі DoubleClick for Publishers ақпаратты автоматтандырылған есепке алудың статистика Мәліметтері; немесе, егер Тапсырыс бланкінде 2ГИС Анықтамалығы АРІ сервисі иесінің ақпаратты автоматтандырылған есепке алудың жүйесі тікелей көзделген болса, 2ГИС Анықтамалығы АРІ сервисі иесінің ақпаратты автоматтандырылған есепке алудың жүйе мәліметтері негізінде қалыптастырылатын Бастапқы құжатта көрсетілетінін таниды және сөзсіз келіседі:
5.7. Бастапқы құжат электронды түрде Тапсырыс берушіге электронды пошта арқылы Есептік кезеңнен кейінгі айдың басынан 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
5.8. Тапсырыс беруші Бастапқы құжатпен танысуға, оны өз бетінше қағаз тасушыда орналасу орны немесе әрекет етуші Тапсырыс бланкінде көрсетілген Орындаушы кеңсесінен Есептік кезеңнен кейінгі айдың 11 (он бірінші) дейін алуға міндетті.
5.9. Тапсырыс берушімен Есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 (Он бесіне) дейін Орындаушыға Есептік кезең ішінде көрсетілген Қызметтер/Қосымша қызметтер жөнінде жазбаша наразылықтарын білдірмесе, онда қызметтер Тапсырыс берушімен қабылданған болып саналады және ақысының толық көлемде төленуіне жатады. Сонымен бірге Орындаушы тарапынан қол қойылған Бастапқы құжаттың толық заңи күші бар. Бастапқы құжатты электронды түрде және (немесе) қағаз тасушыда алмау Тапсырыс берушіні нақты көрсетілген Қызметтер/Қосымша қызметтер ақысын өтеуден босатпайды.
5.10. Егер Орындаушы көрсетілетін Қызметтер/Қосымша қызметтер бойынша ҚҚС төлеушісі болса, Тапсырыс берушіге шот-фактуралар құру және беру тәртібі, сондай-ақ оларды алмау салдары Бастапқы құжаттар үшін 5.5-5.9 тармағында көрсетілгенге ұқсас.
5.11. Қызметтер/Қосымша қызметтер үшін төлемақы Тапсырыс берушімен келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
5.11.1 Тапсырыс беруші тапсырыс беріліп отырған Қызметтер/Қосымша қызметтер құнынан 100% (Жүз пайыз) мөлшерінде аванстық төлемді тиісті Тапсырыс бланкіне қол қойған сәттен бастап 5 (Бес) күн ішінде, егер тиісті Тапсырыс бланкінде төлеудің басқа мерзімі көзделмесе, Жарнаманы орналастыру / Платформаның фунционалдық мүмкіндіктеріне қолжетімдік беру ай сайын келер айдың 25 (Жиырма бесінен) кеш емес жүзеге асырады.
5.11.2 Тапсырыс беруші аванстық төлемді Медиалық жарнама/Қосымша қызметтер орналастыру бойынша тапсырыс берілетін Қызметтер құнынан 100% (Жүз пайыз) мөлшерінде Орындаушымен Қызметтерді / Қосымша қызметтерді көрсетудің басталу мерзіміне дейін 3 (Үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
5.11.3 Тапсырыс беруші Қызметтер/Қосымша қызметтер ақысын уақытынан бұрын төлеуге құқылы.
5.12. Қызметтер/Қосымша қызметтер ақысын төлеу тиісті Тапсырыс бланкінде өзгеше көзделмесе, қазақстандық теңгеде ақша қаражаттарын есептік шотқа аудару немесе Орындаушы кассасына қолданыстағы заңнамамен жол берілетін сомалар шегінде енгізу арқылы жүзеге асырылады.
5.13. Тапсырыс беруші Қызметтер/Қосымша қызметтер ақысын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындаған болып белгіленген мөлшерде Орындаушы есептік шотына ақша қаражаттары түскен сәттен бастап саналады.
5.14. Шарт бойынша қызмет көрсету кезеңінде әр күнтізбелік тоқсан аяқталған соң (1 тоқсан, 1 жартыжылдық, 9 ай) тоқсанның соңғы айы үшін Бастапқы құжатпен бір уақытта Орындаушы Есептерді тексеру актісін құрады және оны Тапсырыс берушіге 7 жұмыс күні ішінде Тапсырыс бланкінде көрсетілген электрондық поштаға жолдайды. Тапсырыс беруші көрсетілген Есептерді тексеру актісін екі данада басып шығарады, есептер тексерісін өткізеді, уәкілетті тұлғаның қолын қойып, Орындаушыға 5 жұмыс күні ішінде пошта немесе курьер арқылы қайтарады. Есептерді тексеру актісіне Жарғы негізінде әрекет етуші басшы немесе уәкілетті тұлға (егер сенімхат берілген тұлға уәкілеттіктері Тараптармен қол қойылған Тапсырыс бланкінде жазылмаса, онда тексеру актісіне қол қою құқығын куәландыратын құжат қоса беріледі) қол қоюы тиіс.
5.15. Шарт бойынша қызметтер көрсетілген күнтізбелік жыл аяқталған соң, Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған соң, соның ішінде оны уақытынан бұрын тоқтатқан соң Орындаушы Есептерді тексеру актісін құрып, оны Тапсырыс берушіге қағаз тасушыда екі данада 7 жұмыс күні ішінде береді. Тапсырыс беруші есептерді тексеріп, уәкілетті тұлғаның қолын қойып, Орындаушыға Есептерді тексеру актісін алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қайтарады.
6. Тараптар кепілдіктері
6.1. Жарнама материалдарын өзі шығаратын Қосымшаларда орналастыру кезінде Орындаушы қандай да бір ақаулар мен қателіктерді максималды қысқа мерзімдерде, егер олар оның кінәсінен орын алса, жоюға кепілдік береді.
6.2. Осы Ережелерде тікелей көрсетілген кепілдіктерді есепке алмағанда, Орындаушы Шарт бойынша ешқандай тікелей немесе ұйғарынды кепілдіктер бермейді.
6.3. Тапсырыс беруші кепілдік береді:
6.3.1. Орындаушыға берілген ақпарат шынайылыққа сай, соның ішінде Қызметтерді / Қосымша қызметтерді төлеуге төлем құжаттарын ресімдеген кезде;
6.3.2. міндетті сертификациялауға және/немесе техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жататын барлық жарнамаланатын тауарлар (жұмыстар/қызметтер) белгіленген тәртіпте сертификацияланған немесе олардың техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі расталған;
6.3.3. Тапсырыс беруші барлық қажетті лицензиялар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың басқа да рұқсатнамаларын алды немесе Тапсырыс беруші Жарнама материалдарының таралуы жүзеге асырылатын аумақтағы елдің заңнамаларының талаптарына сай арнайы рұқсатнама/лицензия/куәлік болуын талап ететін ондай саладағы қызметті жүзеге асырмайды, сондай-ақ қызметтің және/немесе өндірістің жарнамаланатын түрімен, жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатумен байланысты Жарнамаланатын материалдар таралатын аумақтағы елдің заңнамаларымен талап етілетін барлық басқа да әрекеттерді жасады;
6.3.4. оларға берілген Жарнама материалдары, Жарнама материалдарын тарату жүзеге асырылатын аумақтағы елдің заңнамасына толық сай, соның ішінде берілген Жарнама материалдарын Орындаушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау шеңберінде қолдануы  жарнама мен бәсекелестік турала заңнама талаптарын бұзбайды, сондай-ақ шектеусіз авторлық және сабақтас құқықтар, тауарлық белгілерге, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығу орындарының атауларына құқық, өнеркәсіптік үлгілерге құқықтар, өлі немесе тірі адамдардың бейнелерін қолдануға құқықтарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың мүліктік және/немесе жеке мүліктік емес құқықтарын шектемейді, Тапсырыс берушімен барлық қажетті рұқсаттар алынған (тиісті шарттар жасалған).
6.3.5. Тапсырыс беруші (Тапсырыс беруші өкілі) Шартты жасасу мен орындау үшін қажетті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие.
6.4. Тапсырыс беруші өзіне берілген қосымша функционалдық мүмкіндіктерді осы Ереженің және Міндетті құжаттардың шарттарына сай қолдануына кепілдік береді.
6.5. Тапсырыс беруші Орындаушымен алдын ала жазбаша келісусіз бір Жарнама материалына бір жарнамалау объектінен артық орналастыруға құқығы жоқ. Тапсырыс беруші бұл шартты орындамаған жағдайда Қызмет құны арттыру жағына қарай қайта қарауға жатады және Тараптар келісімі бойынша анықталады.
6.6. Орындаушы Тапсырыс берушімен анықталған Серіктестік ресурстары арқылы көрсетілетін Қызметтер параметрлерін қамтамасыз ету үшін барлық ақылға қонымды әрекеттерді жасауға міндеттенеді, бірақ ондай Қызметтердің қолжетімдігіне кепілдік бермейді, соның ішінде төмендегілерге де қатысты: а) кез келген Жарнамалық материал орналастыру немесе көрсетілім кезеңі, б) Серіктестік ресурстарында Көрсетілімдердің белгілі бір мөлшері және (немесе) Жарнамалық шертулер және (немесе) Жарнама орындары. Тапсырыс беруші Серіктестік ресурстары арқылы орналастырылатын Жарнама материалдары кез келген уақытта қабылданбауы немесе жойылуы мүмкін екенін түсінеді және онымен келіседі.
7. Тараптар жауапкершілігі
7.1. Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жауап береді.
7.2. Қызметтер Орындаушы кінәсінен Жарнама материалдарын орналастыру шарттарын бұза отырып, көрсетілген жағдайда Орындаушы Қызметтерді көрсету мерзімін, егер соның ішінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері (орындамау/тиісінше орындамау үшін жауапкершілік шаралары) келісімге қол қою жолымен белгіленсе, онда тиісінше орындаудың белгілі бір кезеңіне ұзартуға міндеттенеді.
7.3. Платформаның ақысы төленген қосымша функционалдық мүмкіндіктерін 1 (Бір) жұмыс күнінен артық қолдану мүмкін болмаған жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушыға мән-жайлардың толық сипаттамасымен және қолжетімділіктің болмауы кезеңін көрсете отырып, жазбаша наразылық жолдауы тиіс. Наразылықты негізделген деп таныған жағдайда Платформаның тиісті ақысы төленген фунционалдық мүмкіндіктеріне қолжетімділік, сол қолжетімділік болмаған кезеңге ұзартылады.
7.4. Тапсырыс беруші Қызметтер/Қосымша қызметтер ақысын төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіден кешіктірудің әр күніне төленуге тиіс сомадан 0,1 % (нөл бүтін, оннан бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға құқылы.
7.5. Орындаушы Қызметтерді/Қосымша қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді қарама-қарсы орындау үшін Жарнама материалдарын тиісті формада ұсыну мерзімдерін бұзған, Қызметтер/Қосымша қызметтер ақысын төлеуді кешіктірген және Тапсырыс берушінің Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған жағдайда, сондай-ақ орындау белгіленен мерзімдерде жүзеге асырылмайтыны туралы куәлік ететін мән-жайлар болғанда жауап бермейді.
7.6. Орындаушы Медиалық жарнаманы орналастыру жөнінде Қызметтер көрсету бойынша міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қызметтер құны, егер Тараптармен басқаша келісілмесе, мөлшерлес азайтылуға жатады.
Тапсырыс берушінің Орындаушы алдында Шарт бойынша берешегі болмаған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге Тапсырыс бланкін тоқтатқан сәттен бастап және Тапсырыс берушіден тиісті сұраным алған соң 30 (Отыз) күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге Есептік кезең үшін Орындаушымен көрсетілмеген / тиісінше көрсетілмеген қызметтер құны мен Тапсырыс берушіге нақты көрсетілген қызметтер құны арасындағы айырманы қайтарады.
7.7 Шарт бойынша Орындаушы жауапкершілігі кез келген жағдайда Қызметтер/Қосымша қызметтер үшін төленген сомадан аспайтын Тапсырыс берушіге келтірілген шынайы зиян сомасы мөлшерінде шектеледі.
7.8 Тапсырыс беруші дербес және толық көлемде Қосымша қызметтер көрсету шеңберінде Жарнама материалдарының және онымен орналастырылған ақпарат пен өзге де материалдардың заңнама талаптарына сай болуына, сонымен қатар онда зияткерлік меншік объектілерінің қолданылуының мазмұны мен құқықтылығына, жарнамаланатын объектілер өндірісі мен сатылуына қажетті рұқсаттардың болуына, жарнамаланатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сертификаттар алуына немесе олардың техникалық регламенттерге сай келуін белгіленген тәртіпте растауға, сондай-ақ осы кепілдіктер ережелеріне сәйкес берілген кепілдіктер шеңберінде басқа да әрекеттер жасау үшін жауапты болады.
7.9 Шарт бойынша Қызметтер/Қосымша қызметтер көрсету кезінде Орындаушыға үшінші тұлғалар және/немесе мемлекеттік органдар тарапынан шығындарды (өтемақылар төлеу) өтеу немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау жөнінде наразылықтар, шағымдар және/немесе ескертпелер келіп түссе, Тапсырыс беруші Орындаушы талабы бойынша кешіктірмей дау пәніне қатысты бүкіл ақпаратты беруге және ондай наразылықтарды реттеуде Орындаушыға жәрдемдесуге, сондай-ақ Орындаушы сол наразылықтарды, арыздарды, ескертпелерді қарау және орындау, Қызметтерді/Қосымша қызметтерді көрсету нәтижесінде қолданыстағы заңнаманы және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзумен байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылу салдарынан өтеген барлық шығындарды (соның ішінде сот шығындары, айыппұлдарды төлеу шығындары) өтейді.
7.10. Компьютерлік және басқа да құрал-жабдық, үшінші тұлғаларға тиесілі байланыс каналдарын және (немесе) ЭЕМ бағдарламаларын қолдануға байланысты Тараптар Орындаушы осы Шарт бойынша кез келген кідірістер, үзілістер, кез келген электронды немесе механикалық құрал-жабдықта және (немесе) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардағы ақаулар немесе басқа да объективті технологиялық себептер салдарынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде, мәліметтер жіберу немесе қосылу, Орындаушы кінәсінен емес орын алған электр қоректендірудегі жаңылыстар үшін болатын тікелей және жанама зиян немесе жоғалтулар үшін Орындаушының жауапты болмайтынымен Тараптар келіседі.

8. Форс-мажор
8.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін ішінара немесе толықтай жауапкершіліктен, егер ол орындамаушылық Шартты жасасқан соң тараптар алдын ала не біле алмаған, не ақылға қонымды шаралармен алдын ала алмаған төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде туындаған еңсерілмейтін күш жағдайларынан орын алса, босатылады. Ондай төтенше сипаттағы оқиғаларға: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, жарылыс, топырақ қыртысының шөгуі, эпидемиялар және басқа да табиғаттың құбылыстары, сондай-ақ соғыс немесе әскери әрекеттер, салада немесе аймақта көтеріліс, мемлекеттік билік органдарымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен осы шартты орындауды мүмкін емес қылатын құқықтық акт қабылдауы.
8.2. Форс-мажорлық мән-жайлар басталғанда және аяқталғанда міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап 3 (үш) күн ішінде басқа Тарапты ол туралы жазбаша ескертуі тиіс және ондай мән-жайлардың орын алуын Сауда-өнеркәсіп палатасымен немесе басқа да құзыретті органмен берілген анықтамамен растауы тиіс.
8.3. Уақтылы хабарламаған кезде көрсетілген мән-жайлар салдарынан міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған Тарап жауапкершіліктен босату негіздемесі ретінде көрсетілген міндеттемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ.
8.4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі ондай мән-жайлар және оның салдары әрекет ететін уақытқа тепе-тең мерзімге шегеріледі.
8.5. Егер осы баппен көзделген мән-жайлар үш айдан артық созылса, Тараптар шарт тағдыры жөнінде келісу керек. Егер тараптар ортақ келісімге келмесе, еңсерілмейтін күш мән-жайларына ұшырған Тарап Шартты орындаудан ол туралы басқа Тарапқа жазбаша ескертіп, бас тартуға құқылы.
9. Құпиялық шарттары
9.1. Құпия ақпарат ретінде әлеуетті немесе шынайы коммерциялық құндылығы бар және бір Тарапқа (осында және осы бапта әрі қарай «Қабылдаушы тарап») басқа Тараппен (осында және әрі қарай «Ашушы тарап») құжатты (қағаз, электронды немесе басқа да түрде) және "Құпия" деп белгіленген, соның ішінде ғылыми, іскерлік және коммерциялық мәліметтерді, ноу-хау, формулаларды, процесстерді, даярламаларды, эскиздерді, фотографияларды, жоспарларды, суреттерді, техникалық талаптарды, есептер үлгілерін, модельдерді, клиенттер тізімдерін, прайс-парақтарды, зерттеулерді, алынған мәліметтерді, компьютерлік бағдарламаларды, өнертабыстарды, идеяларды қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмейтін кез келген ақпарат түсініледі.
9.2. Қабылдаушы тарап Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға, Құпия ақпарат Ашушы тараптың алдын ала жазбаша келісімімен жариялануы мүмкін жағдайларды қоспағанда, жарияламауға міндеттенеді. Қабылдаушы тарап Құпия ақпаратқа қолжетімдікті тек осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау бойынша Қабылдаушы тараптың қызметіне тікелей қатысы бар қызметкерлерге ғана беріп, шектеуі тиіс.
9.3. Қабылдаушы тарап құпиялықты сақтау бойынша міндеттемелер Ашушы тараппен осы Шартты орындауға байланысты ашылған Құпия ақпаратқа қатысты осы Шартты жасасқанға дейін де, дәл солай, кейін де қолданылатынын мойындайды.
9.4. Осы Шартты бұзған кезде немесе Ашушы тарап сұранысы бойынша Қабылдаушы тарап қысқа мерзімде Ашушы тараппен Қабылдаушы тарапқа берілген Құпия ақпаратты жоюға немесе қайтаруға міндеттенеді.
9.5. Осы бапта баяндалған Құпия ақпаратты сақтау жөніндегі міндеттемелер келесі Құпия ақпаратқа таралмайды:
9.5.1. Қабылдаушы тарап беру сәтіне қоғам жетістігі болғанын немесе Қабылдаушы тарап кінәсінен емес қоғам жетістігіне айналғанын дәлелдей алған;
9.5.2. Қабылдаушы тарапқа Ашушы тарап бергенге дейін белгілі болғанын Қабылдаушы тарап көрсете алған;
9.5.3. Қабылдаушы тараппен үшінші тұлғалардан алынған.
9.6. Ақпарат егер жалпы қағидасы қоғам жетістігі болып табылса немесе Қабылдаушы тарапқа белгілі болса, бірақ оны қолданудың ерекше практикасы қоғам жетістігі болып табылмаса немесе Қабылдаушы тарапқа белгісіз болса, қоғам жетістігі болып саналмауы тиіс.
9.7. Осы Шартқа қатысы бар бұқаралық ақпарат құралдары үшін хабарламалар, пресс-релиздер, жария хабарландырулар және басқа да хабарламалар, тек басқа Тараптың жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырыла алады.
9.8. Құпия ақпаратты жария еткені үшін ондай жариялауға жол берген Тарап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жауапты болады.
9.9. Құпия ақпаратты құпия сақтау жөніндегі міндеттеме, егер Тараптармен өзгеше көзделмесе, Шарттың әрекет ету мерзімі бойы және оның әрекеті тоқтаған соң бес жыл ішінде күшінде болады.

10. Шартты өзгерту және бұзу
10.1. Шарт өзгертілуі мүмкін:
10.1.1. Тараптардың келісімі бойынша.
10.1.2. Ол осы Ережелермен тікелей көзделген болса, Орындаушы бастамасы бойынша. Ұсынылған өзгерістермен келіспеген жағдайда, Тапсырыс беруші Шартты орындаудан Орындаушыға осы Ереженің 10.2.3.-тармағында көзделген тәртіпте ескерту хат жолдау арқылы бас тартуға құқылы.
10.2. Шарт мезгілінен бұрын бұзылуы мүмкін:
10.2.1. Тараптар келісімі бойынша;
10.2.2. Тапсырыс беруші Осы Ережемен және/немесе Шартпен белгіленген өз міндеттемелері мен кепілдіктерін бұзған жағдайда оны орындаудан біржақты бас тарту жолымен толық немесе ішінара Орындаушы бастамасы бойынша. Шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы ескерту, Ереженің 10.5.-тармағымен көзделген басқа жағдайларда Тапсырыс берушіге жазбаша формада 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Шартты тоқтату болжанатын күніне дейін жолданады.
Медиалық жарнама орналастыру бойынша Қызметтер көрсетуге Шарт толық немесе ішінара тоқтатылған болып Орындаушымен Тапсырыс берушіге Шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы ескертуді жіберген сәттен 3 (Үш) жұмыс күні өткен соң есептеледі.
Сонымен бірге Тапсырыс беруші Орындаушыға Шартты тоқтатумен байланысты келтірілген, құжатты түрде расталған шығындарды өтеуге міндетті.
10.2.3. Кез келген Тарап бастамасы бойынша Қызметтерді көрсетуден толықтай немесе оның бөлігінен біржақты бас тарту жолымен:
10.2.3.1. Бас тарту туралы ескерту жолдау күнінен кейінгі Есептік кезеңнің 1-ші күнінен – шартты тоқтатқанға дейін 14 (Он төрт) күннен кем емес мерзімде басқа Тарапқа жазбаша ескерту жолдаған жағдайда (яғни бас тарту туралы жазбаша ескерту күнінен кейінгі Есептік кезеңнің 1-ші күнінен 14 күн бұрын);
10.2.3.2. Бас тарту туралы ескерту жіберу күнінен кейінгі екінші Есептік кезеңнің 1-ші күнінен бастап – 10.2.3.1.-тармақта көзделген басқа Тарапқа жазбаша ескерту жіберу мерзімдерін сақтамаған жағдайда.

Сонымен бірге Тапсырыс беруші Шартты тоқтату сәтіне дейін көрсетілген Қызметтердің/Қосымша қызметтердің ақысын толық төлеуге міндетті, ал Орындаушы Тапсырыс берушіге Қызметтердің/Қосымша қызметтердің Шартты тоқтату күніне Орындаушымен нақты көрсетілген құнынан асатын төленген аванс сомасын қайтарады.
10.2.4. Кез келген Тараптар бастамасы бойынша Қосымша қызметтер көрсету бөлігінде оны орындаудан біржақты бас тарту жолымен басқа Тарапқа жазбаша ескертуді Шартты тоқтатудың болжанатын күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кем емес уақытта жазбаша ескерту жіберген жағдайда. Бұл жағдайда Шарт Қосымша қызметтер көрсету бөлігінде Орындаушының Тапсырыс берушінің Шартты орындаудан біржақты бас тартуы туралы жазбаша ескертуін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні өткен соң немесе Орындаушының Тапсырыс берушіге Шарттан біржақты бас тарту туралы ескерту жолдаған сәтінен бастап, 3 (үш) жұмыс күні өткен соң тоқтатылған болып саналады. Сонымен бірге Тапсырыс беруші Шартты тоқтатқанға дейінгі көрсетілген Қосымша қызметтер ақысын толық өтеуге міндетті, ал Орындаушы Тапсырыс берушіге Қосымша қызметтердің Шартты тоқтату күніне Орындаушымен нақты көрсетілген құнынан асатын төленген аванс сомасын қайтарады.
10.2.5. Қолданыстағы заңнамамен және осы Ережемен көзделген басқа да негіздер бойынша.
10.3. Тараптардың қаржылық есептері тиісті Шарт тоқтатылған сәттен бастап, егер осы Шартпен, Тапсырыс бланкімен өзгеше көзделмесе, 30 (Отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жүзеге асырылуы тиіс.
10.4. Жасасқан Шарттан біржақты бас тарту Тапсырыс берушінің Қосымшаларда Жарнама орналастырудан толық немесе ішінара бас тарту түрінде білдіріледі. Жасалған Шартты орындаудан ішінара бас тарту Тапсырыс берушінің Жарнамасын Қосымшалардағы белгілі бір Тапсырыс бланктері бойынша орналастырудан бас тарту түрінде көрсетілуі мүмкін.
10.5. Қызметтер / Қосымша қызметтер үшін ақы төлеу мерзімдерін бұзған немесе Жарнама материалдарын уақтылы бермеген жағдайда Тапсырыс берушіні Орындаушының ондай жарнаманы орналастыруға қатысты Тапсырыс бланкі бойынша Шартты орындаудан ішінара бас тартқаны туралы ескерту талап етілмейді.

11. Ережелердің әрекет ету мерзімі, өзгеруі және тоқтатылуы
11.1. Ережелер Сайтта жариялау сәтінен бастап күшіне енеді және егер әрекет ету мерзімі Шартпен немесе Міндетті құжаттармен өзгеше көзделмесе, оларды Шартқа сәйкес кері шақырту және/немесе өзгерту сәтіне дейін әрекет етеді.
11.2. Ережелер кез келген уақытта өзгертілуі және/немесе кері шақыртылуы мүмкін. Ережелерді өзгерту немесе кері шақырту туралы мәліметтер Тапсырыс беруші назарына Орындаушы таңдауы бойынша Сайтта орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау немесе Шартты жасасу немесе оны орындау барысында Тапсырыс берушімен көрсетілген электронды мекенжайға ескерту жіберу жолымен жеткізіледі.
11.3. Ережелерді кері шақыртқан немесе оларға өзгеріс енгізген кезде соңғысы, егер күшіне ену уақыты Шартпен өзгеше көзделмесе немесе ондай хабарламада қосымша көрсетілмесе, ол туралы Тапсырыс беруші назарына жеткізілген кезден бастап күшіне енеді.
11.4. Ережеде көрсетілген Міндетті құжаттар 2ГИС Өнімдерінің иесімен өз қарауы бойынша бекітіледі, толықтырылады және өзгертіледі және Орындаушымен Тапсырыс беруші назарына Ережелердің өзгертілгені туралы ескерту үшін көзделген тәртіпте жеткізіледі.
11.5. Шарт бойынша өз табиғаты күшінен әрекет етуін жалғастыруы тиіс Тараптар міндеттемелері (соның ішінде берілген кепілдіктер, құпиялық, өзара есеп айырысуларды жүргізу және аталғандармен шектеліп қана қоймай) Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталған соң да толық орындалғанға дейін өз күшінде қалады.
12. Қорытынды ережелер
12.1. Шарт, оны жасасу және орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі. Ережемен реттелмеген немесе толық реттелмеген барлық мәслелер Қазақстан Республикасының материалдық құқығына сәйкес реттеледі.
12.2. Осы Шарт бойынша даулар, сондай-ақ сот бұйрықтарын шығару, Орындаушының орналасу орны бойынша сотта қаралуға жатады.
12.3. Шарт бойынша барлық ескертулер мен басқа да құжаттар, егер онда өзгеше көзделмесе, онда көрсетілген немесе соңғы Тапсырыс бланкінде көрсетілген мекенжайлар бойынша жолдануы тиіс. Жеткізу қажет етілетін жазбаша формадағы ескертулер мен басқа да құжаттар жеткізу туралы ескертуі бар поштамен немесе курьерлік қызметпен жолданады, ал басқа ескертулер факс немесе электронды пошта арқылы Шартта немесе соңғы Тапсырыс бланкінде көрсетілген нөмір(лер)ден(ге)/мекенжай(лар)дан(ға) жолдануы мүмкін.
12.4. Тапсырыс беруші Тапсырыс бланкінде немесе Шартты орындау барысында көрсетілген электронды мекенжайға ақпараттық электронды хабарламалар (әрі қарай – «Ескертпелер») төменде көрсетілген шарттарда алуға келіседі:
12.4.1. Орындаушы ескертпелерді тек Тапсырыс берушіні жасасқан Шарттың орындалу барысы, оның өзгеруі немесе мезгілінен бұрын тоқтату, 2ГИС Өнімдеріндегі өзгерістер, сондай-ақ Орындаушы серіктестерімен және/немесе Орындаушымен өткізіліп жатқан акциялар, жеңілдіктер және/немесе жаңа жарнама мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру үшін ғана қолдануға міндеттенеді.
12.4.2. Орындаушы Ескертпелерді үшінші тұлғалар жарнамасымен бірге жібермеуге құқылы.
12.5. Шарт жасай отырып, Тапсырыс беруші, егер ол дербес деректердің субъектісі болса, ерікті, еркін, өз еркімен және өз мүддесінде Орындаушыға Шартта көрсетілген немесе сонымен байланысты ұсынылған кез келген жеке деректерді осы Шартты орындау мақсатында өңдеуге; Тапсырыс берушіден берешекті, шарт тұрақсыздығын, заңды пайыздарды, шығындарды, бөтен біреудің ақша қаражаттарын қолданғаны үшін пайыздарды және басқа да ақша қаражаттарын өндіріп алуға; Тапсырыс берушімен Шарттың әрекет ету мерзімі өткен соң ақпараттық және жарнамалық таратуларды телефон нөмірі және/немесе email бойынша жүзеге асыру үшін, Тапсырыс берушіні бағдарламалық өнімдердің және/немесе 2ГИС сервистерінің, орындаушы Қызметтерінің жаңалықтары туралы ақпараттандыру, Тапсырыс беруші жарнамасын Орындаушы Қосымшаларында орналастыруды жаңғырту және тиісті шарт ережелерін келісу үшін өзара әрекеттесуге; Орындаушымен басқа да азаматтық-құқықтық шарттарды, соның ішінде 2ГИС Бағдарламалық өнімдері, 2ГИС Онлайн-сервистері және Орындаушының басқа да сервистері мен қызметтеріне қатысты шарттарды жасасуға келісімін береді. Жеке деректер тегін, атын, әкесінің атын; туған күнін; жынысын; электронды пошта мекенжайын; телефон нөмірін; лауазымын қамтиды. Өңдеу автоматтандыру құралдарын қолдану арқылы жасалатын кез келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығын немесе жеке деректермен ондай құралдарды қолданусыз, соның ішінде жинау, жазу, жүйелендіру, жиынтықтау,сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, қолдану, беру, дарасыздандыру, блоктау, өшіру, жою және берешекті өндіріп алуды жүзеге асыратын немесе соған қатысатын үшінші тұлғаларға (заң кеңесшілеріне, берешекті өнідіріп алу бойынша агенттіктерге және осы қызметті жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға) беруді қамтиды. Жеке деректер көрсетілген үшінші тұлғаларға Тапсырыс беруші міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда: Тапсырыс берушіден берешекті, шарт тұрақсыздығын, заңды пайыздарды, шығындарды, бөтен біреудің ақша қаражаттарын қолданғаны үшін пайыздарды және сондай үшінші тұлғалармен жасалатын шарт типіне тәуелсіз басқа да ақша қаражаттарын өндіріп алу мақсатында беріледі.
Тапсырыс беруші сонымен қатар жеке деректерді трансшекаралық тасымалдауға және DoubleGIS LLC, OGRN: 1045401929847, СТН: 5405276278 (630048, Новосибирск облысы) қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Тұтынушы қызметкерлерінің және/немесе өкілдерінің келісімін алуға келіседі және/немесе қамтамасыз етеді. , Новосибирск, Карл-сквер Маркс, 7, қабат 13) жеке деректерді қауіпсіз жеке деректер ақпараттық жүйелерінде сақтау мақсатында, сондай-ақ одан әрі DG-Soft LLC OGRN-ге беру үшін жеке деректерге: 1115476062460, СТН: 5408287824 (630090, Новосибирск қ., Николаев к-сі, 11, 8-қабат) Орындаушы пайдаланатын ішкі жүйелер мен өнімдердің техникалық қолдау көрсету және жұмыс істеуін қамтамасыз ету, дербес деректердің ақпараттық жүйелерін әкімшілендіру мақсатында.
Тапсырыс беруші келісімі Шарттың әрекет ету мерзімі шегінде және оның әрекеті тоқтаған соң 10 (Он) жыл ішінде жарамды. Келісім Тапсырыс берушімен Орындаушы мекенжайына тиісті жазбаша өтініш жолдау арқылы кері шақыртыла алады.
Шартты жасаса отырып, Тапсырыс беруші, сондай-ақ Орындаушыға Тапсырыс беруші қызметкерлерінің және/немесе өкілдерінің жеке деректерін Шарттың осы тармағында көрсетілген мақсаттарда беру сәтіне дейін Тапсырыс беруші Шарттың әрекет ету мерзімі бойына және оны тоқтатқан соң 10 жыл бойы мерзімге олардың жеке деректерін Орындаушыға беруге және жеке деректерді Шарттың осы тармағында көрсетілген мақсаттарда және тәсілдермен өңдеуге олардың келісімдерін алғандығына кепілдік береді. Осы тармақта көрсетілген жеке деректерді өңдеуге келісімді Тапсырыс берушінің қандай да бір қызметкерінің және / немесе өкілінің шақыртып алуы туралы Тапсырыс беруші ол туралы дереу Орындаушыны хабардар етуі тиіс.
Егер Мердігер DoubleGIS LLC болса, онда Цифрлық жоспарда 11 немесе одан да көп мекенжайы бар Тапсырыс берушіні ROCKETDATA бағдарламалық қамтамасыз етуіне қосу мүмкіндігін іске асыру үшін Тапсырыс беруші қызметкерлердің және/немесе жеке деректерін бергенге дейін кепілдік береді. Тапсырыс берушінің өкілдері Мердігерге, оның ішінде мердігерге жеке деректерді трансшекаралық беруге, сондай-ақ Data Delivery LLC мекенжайына (UNP 192980243, Беларусь Республикасы, 220029, Минск, Машерова даңғылы, 15/2-1, шетел валютасының тараптарын есептеу кезінде) немесе «Рокетдата» ЖШС мекенжайы бойынша (129090, Мәскеу даңғылы Мира, 40, қабат/кеңсе/кабинет 8/I/38, ОГРН: 1197746495594, СТН: 9702004482, тараптар ресей рублінде есеп айырысу кезінде) шартқа сәйкес есеп айырысу валютасына байланысты. Берілген дербес деректердің құрамы: тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі.
Егер Орындаушы басқа тұлға болса, онда цифрлық жоспарда, ROCKETDATA бағдарламалық құралында 11 немесе одан да көп мекенжайы бар Тапсырыс берушінің қосылу мүмкіндігін іске асыру үшін Тапсырыс беруші қызметкерлердің және/немесе жеке деректерін бергенге дейін кепілдік береді. Тапсырыс берушінің өкілдері Орындаушыға, оның ішінде мердігерге жеке деректерді трансшекаралық беруге, сондай-ақ DoubleGIS LLC мекенжайына (OGRN: 1045401929847, СТН: 5405276278, мекенжайда орналасқан: 630048, Новосибирск облысы, Новосибирск қ., Карл Маркс алаңы, 7 д., 13 қабат), Data Delivery LLC (UNP 192980243, Беларусь Республикасы, 220029, Минск, Машерова даңғылы, 15/2-1, шетелдік валютада тараптармен есеп айырысу кезінде ) немесе «Рокетдата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мекен-жайына (129090, Мәскеу қ., Мира даңғылы, 40, қабат/кеңсе/бөлме 8/I/38, ОГРН: 1197746495594, СТН: 9702004482, тараптар ресей рублінде есеп айырысу кезінде) валютасына байланысты. келісім бойынша есеп айырысу. Берілген дербес деректердің құрамы: тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі.
Орындаушы жеке деректерді Шарттың осы тармағына сай өңдеген кезде жеке деректердің құпиялығын сақтауға және оларды өңдеу кезінде жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге (нақты тізім мен шаралар мазмұны Орындаушының жергілікті нормативті актілерімен белгіленеді) міндеттенеді.
Мердігер DoubleGIS LLC болған жағдайда тапсырыс берушіні Жеке кабинетте тіркеу кезінде Жеке кабинетте Тапсырыс беруші аккаунты әрекет ету мерзімі бойына, сондай-ақ Жеке кабинеттен Тапсырыс беруші аккаунтын жойған сәттен бастап 1 жыл бойы Тапсырыс беруші өзінің жеке деректерін өңдеуге келісімін береді, сондай-ақ Тапсырыс беруші қызметкерлерінің және/немесе өкілдерінің жеке деректерін Шарттың осы тармағында көрсетілген мақсатта және тәсілдермен өңдеуге келісімін алғанына кепілдік береді.
12.6. Егер осы Ереженің қандай да бір ережесі жарамсыз деп танылса, онда оның қалған ережелерінің заңдылығы / шынайылығы одан жойылмайды.
12.7. Осы Ереженің қолданыстағы редакциясы Интернет желісіндегі Сайтта: http://law.2gis.kz/advert-rules мекенжай бойынша орналастырылған.
13. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЕСКЕРТПЕ
13.1. Шарт жасасу, оны орындау, өзгерту немесе бұзу кезінде Тараптар өздеріне келесі міндеттемелерді қабылдайды:
13.1.1. Тараптар, олардың қызметкерлері, уәкілетті өкілдері және делдалдары Шарт бойынша тікелей немесе жанама, өздері немесе делдалдар арқылы кез келген тұлғаларға әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) әсер ету және/немесе шешу үшін сол және/немесе басқа тұлғаларға қандай да бір пайда (басымдықтар) алу мақсатында немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік ұсынбайды, уәде бермейді, талап етпейді, ұсынуға рұқсат бермейді, мүліктік сипаттағы қызмет көрсетпейді, жұмыстарды атқармайды, қандай да бір мүліктік құқықтарды бермейді.
13.1.2. Тараптар, олардың қызметкерлері, уәкілетті өкілдері және делдалдары Шарт бойынша қолданыстағы заңнамамен пара беру/алу, коммерциялық пара беру, парақорлыққа/комерциялық пара беруге делдал болу, өкілеттіктерін асыра пайдалану, заңды тұлға атынан заңсыз сыйақы беру болып саналатын әрекеттерді (әрекетсіздіктерді), сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы және жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық құқықтың қолданыстағы норма талаптарын бұзатын басқа да әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жүзеге асырмайды.
13.1.3. Тараптар (і) бір-біріне мүдделер дауының туындауы үшін негіз болған немесе негіз болуы мүмкін белгілі болған мән-жайлар туралы ескертеді; (ii) мүдделер дауын туындатуы мүмкін немесе туындау қаупін туғызатын әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаудан аулақ болады; (iii) Шарт бойынша Тараптардың қарым-қатынастары аясында және соған байланысты жемқорлық құқық бұзушылықтарды және мүдделер дауын анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында бір-біріне басқа да әрекеттестік көрсетеді.
13.2. Ереженің 13.1 тармағының ережелері оны жасасуға дейін туындаған бірақ Шарт жасасумен байланысты қарым-қатынастарға таралады.
13.3. Бір Тарапта екінші Тараптың, оның қызметкерлерінің, өкілдерінің немесе Шарт бойынша делдалдарының Ереженің 13.1.1.-13.1.3. тармағының ережелерін (әрі қарай – Жемқорлық бағыттағы бұзушылықтар) нақты немесе мүмкін бұзу туралы мәліметтер пайда болған жағдайда ондай Тарап дереу жазбаша түрде екінші Тарапқа ол туралы ескертуге міндеттенеді. Ондай ескертуде Шарт деректемелеріне сілтеме болуы тиіс, ескертуді жіберуге негіз болған Жемқорлық бағыттағы бұзушылықтармен байланысты нақты мән-жайлар сипаттамасы болуы керек. Ескертуге растаушы құжаттар және/немесе материалдар қоса берілуі тиіс.
Ескерту алған Тарап оның құпия қаралауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқа Тарапқа ескерту алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде уәжделген жауап жіберуі тиіс. Ескерту алған Тарап ескертуде сипатталған Жемқорлық бағыттағы бұзушылықтармен байланысты ескерту жіберуге негіз болған мән-жайлармен және/немесе растаушы құжаттармен және/немесе материалдармен келіспеген жағдайда, өз жауабында Жемқорлық бағыттағы бұзушылықтар туралы жіберілген мәліметтерге қатысты қарсылықтар келтіруі тиіс.
13.4. Тараппен (і) басқа Тараптан Жемқорлық бағыттағы бұзушылықты растаушы жауап алған жағдайда немесе (іі) Тараппен басқа Тараптан алынған жауапта Жемқорлық бағыттағы бұзушылықтар туралы жіберілген мәліметтерге қатысты қарсылық болмаған жағдайда Тарап Шартты біржақты соттан тыс тәртіпте бұзу туралы ескерту жолдау арқылы бұза алады:
13.4.1. Шартты тоқтату күніне дейін 10 (Он) күннен кем емес мерзімде басқа Тарапқа жазбаша ескерту жіберген жағдайда - бас тарту туралы ескерту жіберген күннен кейінгі Есептік кезеңнің 1-ші күнінен бастап (яғни бас тарту туралы жазбаша ескерту жіберу күнінен кейінгі Есептік кезеңнің 1-ші күнінен 10 (Он) күн бұрын);
13.4.2. Ереженің 13.4.1. тармағында көзделген басқа Тарапқа жазбаша ескерту жіберу мерзімдерін сақтамаған жағдайда - бас тарту туралы ескерту жіберген күнінен кейінгі екінші Есептік кезеңнің 1-ші күнінен бастап.
Медиалық жарнама орналастыру бойынша Қызметтер көрсетуге шарт бұзылған немесе өзгертілген болып, Шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы Тапсырыс беруші ескертуін Орындаушы алған сәттен бастап 3 (Үш) жұмыс күні өткен соң немесе Шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы Орындаушының Тапсырыс берушіге ескерту жіберген сәтінен бастап 3 (Үш) жұмыс күні өткен соң саналады.
Шартты бұзуға бірінші боп бастама танытқан Тарап 13.4.-тармағының ережелеріне сай ондай Шартты бұзу нәтижесінде туындаған шынайы зардапты өтеуді талап етуге құқылы.
16.02.2022 жылғы редакция.

Сондай-ақ қараңыз: