Құпиялық саясаты

«ДубльГИС» ЖШҚ cookie файлдарын қолдану саясаты

Осы құпиялық саясаты «ДубльГИС» Жауапкершілігі шектеулі қоғамы Пайдаланушылармен бағдарламалық өнімдердің және/немесе Әкімшілік Сервистерінің (әрі қарай бірге «2ГИС Сервистері» деп аталады) кез келгенін тіркеген / авторизацияған және/немесе қолданған кезде алуы мүмкін Пайдаланушылардың жеке деректерін қоса алғанда, Пайдаланушылар туралы ақпаратты өңдеу мен қорғау тәртібін анықтайды.

2ГИС Сервистерін қолданар алдында Сізге міндетті түрде осы Саясаттың шарттарымен танысу қажет.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Саясатта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Әкімшілік немесе 2ГИС — «ДубльГИС» Жауапкершілігі шектеулі қоғамы, НМТН 1045401929847, орналасқан жері: 630048, Ресей Федерациясы, Новосибирск қ., Карл Маркс атындағы алаң, 7-үй, 13-қабат.
Заң № 152-ФЗ — 27.07.2006 жылғы N 152-ФЗ «Жеке деректер туралы» Ресей Федерациясының Федералды заңы.
Заң № 149-ФЗ — 27.07.2006 жылғы N 149-ФЗ «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» Ресей Федерациясының Федералды заңы.
Ақпарат — Пайдаланушылар туралы ақпарат, соның ішінде Пайдаланушылардың жеке деректері.
Жеке деректер — белгілі бір (нақты) Пайдаланушыға тікелей немесе жанама қатысы бар кез келген ақпарат.
Пайдаланушы — өзінің немесе басқаның мүддесінде әрекет ететін жеке тұлға (өзі өкілдік ететін Клиенттің атынан және мүддесінде). 14 жастан бастап Пайдаланушы, егер бұл бірқатар функцияларды пайдалану үшін талап етілсе, 2ГИС Сервистерінде тіркеуді дербес жүзеге асыруға және заңнамада белгіленген құқықтық қабілеттілік шегінде соңғыларын пайдалануға құқылы.
Клиент — 2ГИС Ұйымдар анықтамалығында ол туралы ақпарат орналастырылған заңды тұлға және/немесе жеке кәсіпкер.
2ГИС Сервистері — https://law.2gis.ru/licensing-agreement/, https://law.2gis.kz/licensing-agreement/, https://law.2gis.kg/licensing-agreement/, https://law.2gis.uz/licensing-agreement/, https://law.2gis.az/licensing-agreement/ мекенжайлары бойынша Интернет желісінде орналастырылған «ДубльГИС» ЖШҚ Лицензиялық келісімдерінде анықталғандай 2ГИС Бағдарламалық өнімдері және 2ГИС Онлайн-сервистері.
Cookies — 2ГИС cookie файлдарын қолдану Саясатында анықталғандай, «cookie» файлдарынан деректер.
Нотификаторлар — ақпараттық және/немесе жарнамалық электрондық хабарламалар, push-ескертулер.
Саясат — осы Құпиялық саясаты.
Саясатта осы тармақта көзделмеген терминдер мен анықтамалар қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда ондай терминді талқылау Саясат мәтініне сай жүзеге асырылады. Терминді немесе мәтінді Саясат мәтінінде бірыңғай талқылау болмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша Интернет желісінде қолжетімді «ДубльГИС» ЖШҚ Лицензиялық келісімінде анықталған талқылауды басшылыққа алған жөн.
1.2. 2ГИС Сервистерін қолдана отырып, Сіз төмендегілермен келісесіз:
  • Сіз осы Саясаттың шарттарымен толық көлемде 2ГИС Сервистерін қолдана бастағанға дейін таныстыңыз.
  • Ақпаратты өңдеу 2ГИС Сервистерінің жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда Әкімшіліктің Лицензиялық келісімдер (https://law.2gis.kz/licensing-agreement/, https://law.2gis.ru/licensing-agreement/, https://law.2gis.kg/licensing-agreement/, https://law.2gis.uz/licensing-agreement/, https://law.2gis.az/licensing-agreement/) аясында Сіздің алдыңыздағы шарттық міндеттемелерін орындау үшін қажет. Сіздің 2ГИС Сервистерін кез келген формада қолдануды бастау Сіздің осы Саясаттың толық көлемде Сіздің тарапыңыздан қандай да бір алып тастаусыз және шектеусіз барлық шарттарын қабылдағаныңызды білдіреді.
  • Саясат (соның ішінде оның бөліктерінің кез келгені) Әкімшілікпен Сізге ол туралы арнайы ескертусіз және оған байланысты қандай да бір өтемақы төлеусіз өзгертілуі мүмкін. Саясаттың жаңа мәтіні, егер Саясаттың жаңа мәтінінде өзгеше көзделмесе, 2gis.kz мекенжайы бойынша доменде орналасқан Әкімшіліктің сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
1.3. Егер Сіз осы Саясат шарттарымен келіспейтін болсаңыз, 2ГИС Сервистерін қолдануды бастамаңыз немесе кез келген қолдануды жедел түрде тоқтатыңыз.
1.4. Осы Саясаттың шарттарын қабылдай отырып, Сіз Әкімшілікпен осы Саясатпен көзделген мақсаттарда Ақпаратты өңдеуге, сондай-ақ Ақпаратты осы Саясатта атап өтілген жағдайларда үшінші тұлғаларға беруге өз келісіміңізді білдіресіз.
1.5. Сookies-тан деректерді қабылдайтын веб-браузер көмегімен 2ГИС Сервистерін қолдана отырып, Сіз Әкімшілікпен осы Саясатпен көзделген мақсаттарда Сookies-тан деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ Сookies-тан деректерді 2ГИС cookie файлдарын қолдану Саясатында атап өтілген жағдайларда үшінші тұлғаларға беруге өз келісіміңізді білдіресіз.
1.6. Сіздің сookies-тан деректерді қабылдау бойынша веб-браузер опцияларын өшіруіңіз және/немесе блоктауыңыз Әкімшілікпен сookies-тан деректерді жинауға және өңдеуге тыйым салуыңызды білдіреді.
1.7. Ақпаратты өңдеу кезінде Әкімшілік № 152-ФЗ Заңын, № 149-ФЗ Заңын және басқа да қолданылатын заңнаманы басшылыққа алады.
2. Әкімшілік жинайтын және өңдейтін Ақпарат құрамы
2.1. Әкімшілік Ақпараттың келесі түрлерін жинайды және өңдейді:
2.1.1. Пайдаланушылармен өздері туралы өз бетінше 2ГИС Сервистерін тіркеу / қолдану кезінде, соның ішінде Клиенттің қызметтер көрсетуге / жұмыстар атқаруға / тауар сатып алуға карточкада өтінімді ресімдеу кезінде орналастырылатын жеке деректер. Жеке деректерге жиі Пайдаланушының аты, әкесінің аты, тегі, туған мерзімі, төлқұжат деректері, телефон нөмірі және/немесе электрондық пошта мекенжайы жатуы мүмкін.
2.1.2 Пайдаланушылардың Жеке кабинетте тіркелген кезде өздері туралы өз бетінше орналастырылатын жеке деректері. Жеке деректерге жиі Пайдаланушының аты, тегі, әкесінің аты, телефон нөмірі және/немесе электрондық пошта мекенжайы жатуы мүмкін.
2.1.3. Пайдаланушылардың 2ГИС Сервистерін, соның ішінде Жеке кабинетті қолдану үдерісінде орналастырылатын жеке деректері (мысалға Пайдаланушының аты, тегі, әкесінің аты, туған мерзімі, төлқұжат деректері, тіркеу мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, төлемдік деректері).
2.1.4. Пайдаланушылармен кері байланыс формаларында орналастырылатын жеке деректер, соның ішінде Клиент атауы, лауазымы.
2.1.5. Пайдаланушы Әкімшілікке веб-сайттар немесе үшінші тұлғалар сервистері арқылы, сонымен бірге Пайдаланушының 2ГИС Сервистерінде авторизацияланған кезінде қолжетімдік беретін басқа да жеке деректер.
2.1.6. 2ГИС Сервистерінің қызмет етуі үшін қажетті, жеке деректер болып табылмайтын деректер.
Оларға Пайдаланушының құрылғысында орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен 2ГИС Сервистерін қолдану кезінде автоматты түрде жіберілетін деректер жатады, соның ішінде IP-мекенжай, құрылғының жеке желілік нөмірі (MAC-мекенжай, ID құрылғылар), электронды сериялық нөмір (IMEI, MEID), жарнамалық сәйкестендірушілер (GAID, IDFA, OAID және Пайда операциялық жүйесімен басқа да қатынасушылар), cookies-тан деректер, браузер, операциялық жүйе, қолжетімділік уақыты, іздеу сұраныстары, Пайдаланушы құрылғысының орналасқан жері және орын ауыстыруы туралы ақпарат.
Егер осы деректер негізінде Әкімшілік субъектті сәйкестендіре алса, онда деректер жеке деректерге жатады.
2.1.7. Пайдаланушылармен Әкімшілік сұранысы бойынша 2ГИС Сервистерін қолдануға қатысты Әкімшіліктің Пайдаланушылар алдында міндеттемелерін орындау үшін қосымша берілетін деректер.
2.1.8. Жинау және/немесе өңдеу 2ГИС бөлек Сервистерін қолдану туралы келісімдермен және/немесе 2ГИС бөлек Сервистерін қолдану арқылы қызметтер көрсету ережелерімен белгіленген Пайдаланушылар туралы басқа да ақпарат.
2.2. Бағдарламалық өнімдерді қолдану және/немесе 2ГИС Сервистерін немесе оның бөлек фукционалдық мүмкіндіктерін ұсыну үшін міндетті ақпарат арнайы түрде белгіленген. Басқадай ақпарат Пайдаланушымен өз қалауы бойынша ұсынылады.
2.3. Пайдаланушының үшінші тұлғалардың жеке деректерін беруге үшінші тұлғалардан алған рұқсаты болмаса, Пайдаланушы үшінші тұлғалардың жеке деректерін ақпараттың жалпыға қолжетімді қайнар көздерінен алғанын қоспағанда, тыйым салынады.
2.4. Жалпы ереже бойынша Әкімшілік Пайдаланушымен берілетін жеке деректердің сенімділігін тексермейді және олардың әрекетке қабілеттігін бағалауға мүмкіндігі жоқ. 2ГИС бөлек Сервистерін қолдану туралы келісімдермен көзделген жағдайларда, Пайдаланушы өзі беріп отырған өзінің жеке деректері сенімділігінің растамасын ұсынуға міндетті.
2.5. Әкімшілік 2ГИС Сервистерін қолдану үдерісінде, соның ішінде кері байланыс формаларында тіркеуден, авторизациядан өтпеген және/немесе жеке деректерін орналастырмаған Пайдаланушылардың жеке деректерін өңдемейді.
2.6. Әкімшілік Пайдаланушы 2ГИС Сервистерінде қолжетімді сілтемелер бойынша өтуі мүмкін үшінші тұлғалар сайттарындағы Ақпаратты өңдеуді бақыламайды және ол үшін жауап бермейді.
3. Ақпаратты жинау мен өңдеу мақсаттары
3.1. Әкімшілік Пайдаланушылармен 2ГИС Сервистерін қолдану аясында Әкімшілікпен міндеттемелерін орындау үшін қажетті Ақпаратты ғана жинау мен өңдеуді жүзеге асырады.
3.2. Әкімшілік Ақпаратты төменде көрсетілгендер үшін қолдана алады:
3.2.1. Пайдаланушы мен Әкімшілік арасындағы шарт тараптарын сәйкестендіру;
3.2.2. Жеке кабинетте тіркелген кезде Пайдаланушының телефон нөміріне тексеру кодын хабарлау мақсатында қоңырау шалу жолымен Пайдаланушыны аутентификациялау;
3.2.3. Пайдаланушының 2ГИС Сервистерін қолдану арқылы қызметтер көрсету және 2ГИС Сервистерін әрі қарай жетілдіру, жаңа сервистер мен қызметтер даярлау;
3.2.4. Пайдаланушылардың қолдау қызметіне жіберетін сұраныстарына әрекет ету, Пайдаланушыларды 2ГИС Сервистерінің мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру, 2ГИС Сервистерін қолдануға қатысты сұраныстар жолдау;
3.2.5. маркетинг;
3.2.6. иесізденген деректер негізінде статистикалық және басқа да зерттеулер жүргізу;
3.2.7. Сookies-тан деректерді Әкімшілік шарт жасасқан үшінші тұлғаларға Пайдаланушыларға Интернет желісінде таргеттелген жарнама және ақпараттық материалдарды көрсету және/немесе үшінші тұлғалардың Пайдаланушыларға заңмен көзделген тәріпте басқа қызметтер көсрету мақсатында беру;
3.2.8. алынған Ақпарат негізінде Пайдаланушы бейінін қалыптастыру және тиісті Ақпаратты 2ГИС серіктестеріне (сайттар мен қосымшалар иелері, жарнама желілері, интернет бизнес және/немесе қаржы саласындағы компаниялар) пайдаланушылардың бөлек топтары үшін жарнама өнімдерін жасау және/немесе жарнаманың серіктестердің сайттарында, бағдарламаларда, өнімдер немесе сервистерде көрсетілуі үшін беру;
3.2.9. Пайдаланушымен серіктестік қатынастарды жақсарту мақсатында коммуникациялар, Пайдаланушымен және/немесе Клиентпен соның мүддесінде әрекет ететін шарт талаптарын келісу жөнінде келіссөздер жүргізу, ондай шарттарды жасасу және орындау;
3.2.10. 2ГИС Ұйымдар анықтамалығында Пайдаланушы соның мүддесінде әрекет ететін Клиентке қатысты ақпаратты қосу және/немесе өзектендіру, 2ГИС Сервистерінің дәлсіздіктерін жою, соның ішінде көрсетілген мақсаттарда Пайдаланушымен коммуникациялар.
3.3. Сіз әкімшіліктен алуға келісім бересіз:
3.3.1. Сіздің аккаунтыңызда көрсетілген электрондық мекенжайға және 2ГИС Сервистерін қарау жүзеге асырылатын мобильді құрылғыға 2ГИС Сервистері аясында және олармен байланысты маңызды жайттар туралы нотификаторлар, сондай-ақ бөлек жазылым болған жағдайда — жазылу кезінде көрсетілген электерондық пошта мекенжайына 2ГИС жаңалықтары туралы ақпараттық және/немесе жарнамалық хабарламалар, даярлаушылар үшін іс-шаралар шолуын және ондай іс-шаралардан материалдар, бизнестің түрлі салаларындағы компаниялар туралы шыққан мақалалар (жарнамалық емес сұхбаттар) туралы таратылымдар алуға;
3.3.2. Сіздің Жеке кабинетіңізде көрсетілген телефон нөміріне, соның ішінде мессенджерларға және/немесе электрондық пошта мекенжайы бойынша нотификаторлар, сонымен бірге 2ГИС Жеке кабинетінің қызметіндегі өзгерістер туралы ескертулер алуға, 2ГИС Сервистерінің және Әкімшілік қызметінің жаңалықтары туралы ақпараттандыруға (ескертулер үшінші тұлғалардан жарнамалық хабарламалармен бірге келуі мүмкін);
3.4. Пайдаланушы 2ГИС Сервистерінің мобильдік нұсқасындағы кері байланыстың ұсынылған формалары арқылы push-ескертулер алудан бас тартуға немесе өз бетінше мобильдік құрылғылардың баптаулары арқылы push-ескертулер алу мүмкіндігін өшіріп тастауға құқылы.
3.5. Әкімшілік Пайдаланушыны 2ГИС Сервистерінің мүмкіндіктері және/немесе ақпараттық ресурстардың өзгеруі туралы ақпараттандыру үшін нотификаторлар қолдануға құқылы.
3.6. Пайдаланушының жеке деректерін осы Саясатпен көзделмеген мақсаттарда қолдану үшін Әкімшілік ондай қолдануға Пайдаланушы келісімін сұрайды.
4. Ақпаратты өңдеу
4.1. Ақпарат қолданылатын заңнамаға сай өңделеді.
4.2. Ақпарат үшінші тұлғаларға, келесі жағдайларды қоспағанда, берілмейді:
4.2.1. Пайдаланушы ондай беруге өз келісімін берді;
4.2.2. Әкімшіліктің үлестес тұлғасына беру — «ДГ-Софт» ЖШҚ және/немесе Әкімшіліктің басқа да үлестес тұлғаларына 2ГИС Сервистерінің және/немесе 2ГИС Сервистерінің бөлек функционалдық мүмкіндіктерінің қызмет етуін қамтамасыз ету, 2ГИС Сервистерінің серіктестік және басқа да бағдарламаларын іске асыру, қолдау қызметіне келіп түсетін сұраныстарға әрекет ету үшін;
4.2.3. 2ГИС серіктестеріне Пайдаланушылардың аккаунтында авторизацияланған деректерді 2ГИС серіктесінің локациясында 2ГИС Сервисінде ақпаратты қосу және/немесе өзектендіру кезінде өзара әрекеттесу мақсатында беру;
Осы Саясаттың 3.2.9 тармағында көзделген мақсаттарда 2ГИС серіктестеріне өзі ұсынатын Клиенттің атынан және оның мүддесі үшін әрекет ететін Пайдаланушылардың жеке кабинетте авторизацияланған жеке деректерді беру;
4.2.4. Беру қолданылатын құқықпен көзделген.
4.2.5. Беру Пайдаланушы 2ГИС бөлек Сервистерін қолдану туралы келісім шарттарын бұзған жағдайда Әкімшіліктің және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4.2.6. Пайдаланушы құрылғысының иесізденген сәйкестендірушісін (IDFA (IDentifier For Advertisers) немесе GAID (Google Advertiser ID)) 2ГИС маркетинг серіктестеріне РФ аумағында пайдаланушылардың бөлек топтары үшін жарнама өнімдерін құру немесе арнайы жарнамалық ұсыныстар алушылар тізімінен пайдаланушылардың бөлек топтарын алу үшін беру.
Пайдаланушы кез келген уақытта мобильді құрылғысының баптауларын өзгерте отырып, құрылғы сәйкестендірушісінде әрі қарай жинауды, сақтауды және беруді өшіріп тастай алады.
4.2.7. Өнімдегі пайдаланушылар әрекеттері туралы деректерді сараптау және жүйелендіру үшін Израиль мемлекетінің заңнамасына сай тіркелген және Ресей Федерациясының салық органында есепте тұрған (СЖН: 9909512348) AppsFlyer Лтд компаниясының Пайдаланушы құрылғысының жарнамалық сәйкестендірушілерін (IDFA (IDentifier For Advertisers) немесе GAID (Google Advertiser ID)) беру.
Пайдаланушы кез келген уақытта мобильді құрылғысының баптауларын өзгерте отырып, құрылғы сәйкестендірушісінде әрі қарай жинауды, сақтауды және беруді өшіріп тастай алады.
AppsFlyer Лтд құпиялық саясатымен Пайдаланушы https://www.appsflyer.com/gdpr/dpa.pdf мекенжайы бойынша таныса алады.
4.2.8. Пайдаланушы бейінін қалыптастыратын Ақпаратты 2ГИС серіктестеріне (сайттар мен қосымшалар иелері, жарнама желілері, интернет-бизнес және/немесе қаржы саласындағы компаниялар) пайдаланушылардың бөлек топтары үшін жарнама өнімдерін құру және/немесе жарнаманың сайттарда, бағдарламаларда, өнімдерде немесе серіктестер сервистерінде көрсетілуі үшін беру.
4.2.9. Пайдаланушы Әкімшілкке жеке деректерге қолжетімділікті клиенттерді қолдаудың «Чатра», «Дарвин» ЖШҚ (НМТН 1167847089079) интернет-сервисі (онлайн-чат) арқылы қажетті қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдарын қолдана отырып, оның серверларында жеке деректерді сақтау мақсатында беру. «Дарвин» ЖШҚ құжаттамасымен https://chatra.com/ru/offer/ мекенжайы бойынша танысуға болады.
4.2.10. Клиент карточкасында ресімделген қызметтер көрсету, жұмыстар атқару, тауарлар сату үшін Пайдаланушы өтінімін үшінші тұлғалардың орындауы. Қызметтер көрсетуге / жұмыстар атқаруға / тауарлар сатып алуға өтінімді ресімдеу кезінде Клиент карточкасында Пайдаланушымен қалдырылған деректер тауары және/немесе қызметі / жұмысы Пайдаланушының қызығушылығын тудырған Клиентке берілетін болады.
4.2.11. Пайдаланушының құрамдағы жеке деректері аты, тегі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы Жеке кабинеттің барлық Пайдаланушыларына қолжетімді болады.
4.2.12. Пайдаланушының кейбір дербес деректері (мысалы, аты, тегі), оның ішінде қандай клиенттерге (ұйымдардың анықтамалығындағы орындар) барғаны туралы мәліметтер үшінші тұлғалардың сервистеріндегі "достар" санатына жататын және 2ГИС сервистерінде авторланған пайдаланушыларға ғана қолжетімді болады.
Пайдаланушы кез-келген уақытта мобильді құрылғының параметрлерін өзгерту арқылы 2GIS орналасқан жері туралы ақпаратты, соның ішінде фондық режимде (пайдаланушы 2GIS қызметтерін пайдаланбаған кезде және олар жабылған кезде) жинауды, сақтауды және беруді өшіре алады.
Пайдаланушы кез-келген уақытта мобильді құрылғыдағы 2GIS қызметінің параметрлерін өзгерте отырып, қандай клиенттерге (ұйымдардың анықтамалығындағы орындар) барғаны туралы 2GIS мәліметтерін одан әрі жинауды, сақтауды және беруді өшіре алады.
4.2.13. Мемелекеттік немесе басқа да органдардың сұранысы бойынша заңнама талаптарын орындау мақсатында беру.
4.3. Жеке деректер субъектілерінің құқықтарын тиісінше қорғалуын қамтамасыз етпейтін шетелдік мемлекеттердің аумақтарында жеке деректерді трансшекаралық беру субъект келісімі болған жағдайда және/немесе шартты орындау мақсатында және/немесе қолданылатын заңнамамен көзделген жағдайларда заңнама талаптарын орындау үшін жүзеге асырылады.
4.4. Үшінші тұлғалар және оларға берілетін жеке деректер тізімі Әкімшіліктің жеке деректерді өңдеу мен қорғауды ұйымдастыру үшін Жауаптыдан сұралуы мүмкін.
4.5. Пайдаланушы осымен Әкімшілік 2ГИС Сервистерін қолдану кезінде Пайдаланушымен берілетін үшінші тұлғалардың жеке деректерін 2ГИС Сервистерінің бөлек функцияларын іске асыру үшін Пайдаланушы ондай қолдану мен беруге үшінші тұлғалар келісімінің бар екендігіне кепілдік берген жағдайда қолдана және бере алатындығы туралы ескертілді және сонымен келіседі.
4.6. Пайдаланушы осымен 2ГИС Сервистерін қолдану кезінде Әкімшілік Пайдаланушының мобильдік құрылғысында орнатылған қосымшалар туралы деректер ала алатындығымен және оларды 2ГИС Сервистерінің бөлек функцияларын іске асыру үшін қолдана алатындығы туралы ескертілді және сонымен келіседі.
4.7. Пайдаланушы осымен Әкімшілік Пайдаланушының 2ГИС Сервистерін қолдану кезіндегі әрекеттері туралы және 2ГИС Сервистерінде Пайдаланушы орнатқан баптаулар туралы статистикалық иесіздендірілген деректерді (Пайдаланушыға еш қатысы жоқ) ала алатындығы туралы ескертілді және онымен келіседі.
4.8. Әкімшілік Ресей Федерациясының аумағында және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан деректер базасын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке деректерін жинауды, жазуды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңарту, өзгерту), шығарып алуды, қолдануды, беруді (тарату, ұсыну, қолжетімдік беру), иесіздендіруді, блоктауды, өшіруді, жоюды жүзеге асырады. Пайдаланушылардың жеке деректері Жеке деректерді өңдеудің мақсаттарына қол жеткізгенге дейін немесе пайдаланушы жеке деректерді өңдеуге келісімін кері шақыртып алғанға дейін сақталады. Жеке деректерді өңдеу автоматтандырылған құралдарды қолдану арқылы қалай жүзеге асырылса, дәл солай автоматтандыру құралдарын қолданусыз да жүзеге асырылады.
4.9. Жеке деректер Әкімшілікпен қолданылатын заңнамаға сай өшіріледі.
5. Пайдаланушылар құқықтары
5.1. Пайдаланушылар құқылы:
5.1.1. өз бетінше аккаунтта, Әкімшілік Сайтындағы Жеке кабинетте өзі туралы ақпаратқа өзгерістер мен қосымшалар енгізуге.
5.1.2. аккаунт, Әкімшілік Сайтында Жеке кабинет аясында ұсынылған өзі туралы Ақпаратты өшіруге. Аккаунтты, Жеке кабинетті, Ақпаратты өшіру 2ГИС кейбір Сервистерін қолдана алмауды тудыруы мүмкін.
5.1.3. сұраныс бойынша Әкімшіліктен өзінің жеке деректерін өңдеуге қатысты ақпарат алуға.
6. Ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар
6.1. Әкімшілік Пайдаланушылардың және үшінші тұлғалардың жеке деректерін оған құқыққа қарсы немесе немесе кенеттен қол жеткізуден, өшіруден, өзгертуден, блоктаудан, таратудан, сондай-ақ басқа да құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдық және техникалық шаралар қабылдайды. Ондай шараларға жиі жеке деректерді және қауіпсіздік шараларын жинау, сақтау және өңдеу үдерістерін ішкі тексеру, соның ішінде тиісті шифрлау және жеке деректер сақталатын жүйелерге авторизацияланбаған қол жеткізуді алдын алу үшін жеке деректердің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жатады.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Осы Саясат, осы Саясатты қолданумен байланысты туындайтын Пайдаланушы және Әкімшілік арасындағы қатынастар, сондай-ақ осы Саясатпен реттелмеген мәселелер Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасымен және басқа да қолданылатын заңнамамен реттеледі.
7.2. Осы Саясатқа қатысты барлық мәселелерді 2ГИС пайдаланушыларын Қолдау қызметіне (http://help.2gis.ru/feedback/), Жеке кабинет Қолданушыларын Қолдау қызметіне (feedback@account.2gis.com) немесе 630048, Ресей Федерациясы, Новосибирск қ., Карл Маркс атындағы алаң, 7-үй, 13-қабат мекенжайы бойынша жолдауды сұраймыз.
7.3. Жеке деректерді заңсыз қолдану фактісі анықталған жағдайда, деректері заңсыз қолданылып жүрген жеке деректер субъектісі Әкімшілік мекенжайына ондай жеке деректерді өшіру туралы жазбаша өтініш жолдайды. Өтініште жеке деректер субъектісінің келісімінсіз қолданылып жүрген, жеке деректер субъектісінің тұлғасын куәландыратын құжат реквизиттерін, кері шақыртып алуды орналастырған Пайдаланушы атын көрсету қажет. Өтінішті 630048, Ресей Федерациясы, Новосибирск қ., Карл Маркс атындағы алаң, 7-үй, 13-қабат мекенжайы бойынша жолдау қажет.
7.4. Осы Саясаттың қолданыстағы мәтіні Әкімшілік сайтында орналастырылған және http://law.2gis.kz/privacy мекенжайы бойынша Интернет желісінде қолжетімді.
05.08.2024 жылғы мәтін
© «ДубльГИС» ЖШҚ, 2024