1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР1.1. Осы ереже Акцияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн реттейдi.
1.2. Акцияларды өткізу аумағы – Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, егер нақты акция ережелерінде өзгеше көзделмесе.
Байқаулар Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 57-тарауының түсінігіндегі жария Байқаулар болып табылмайды.
1.3. Акцияның ұйымдастырушысы «ДубльГИС» ЖШҚ болып табылады.
1.3.1. «ДубльГИС» ЖШҚ
СТСН 5405276278
ЕҚСК 997750001
НМТН 1045401929847
Заңды мекенжайы: 630048, Новосібір қ., Карл Маркс атындағы пл., 7 үй, 13 қабат
Банк: «СБЕРБАНК РОССИИ» ЖАҚ СІБІР БАНКІ, НОВОСІБІР Қ.
е/ш 40702810744050005734
к/ш 30101810500000000641
БСК 045004641
Заңды мекенжайы: 630032, Новосібір қ., а/ж 35
Телефон: (383) 363-05-55
1.4. Информация о Соорганизаторах, Партнерах, площадках проведения Акции указывается в Правилах конкретной Акции.
1.5. Акцияны өткізу мақсаттары нақты Акцияның Ережесінде көрсетіледі.
1.6. Осы Акцияны өткізу мақсатында төменде келтірілген терминдер мынадай мағынада пайдаланылады:
1.6.1.
2ГИС Өнімдері бар қалалар – Акциялар өткізілетін аумақтарда орналасқан, сипаттамалары негізінде 2ГИС Өнімдері жасалған қалалар және/немесе елді мекендер. 2ГИС Өнімдері бар Қалалардың тізімі қажет болған жағдайда нақты Акцияның Ережесінде көрсетіледі.
1.6.2.
Нақтылау (Қате туралы хабарлама) – Өнiмдерде ақпараттың жоқтығы туралы 2ГИС не олардағы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы хабарлама.
1.6.3.
Акцияның интернет-парақшасы – нақты Акцияның Ережелерінде айқындалған 2ГИС Өнімінің доменінде және (немесе) мобильді қолданбасындағы қойындысында орналастырылған интернет-парақша.
1.6.4.
Контент – Қатысушылар қосқан фотосуреттер, пікірлер және нақтылаулар.
1.6.5.
2ГИС онлайн-сервистері – Ұйымдастырушының 2ГИС және аппараттық құралдарының бағдарламалық өнімдерінің жиынтығы, оның ішінде: Сайтты пайдалана отырып, Пайдаланушыларға қолжетімділік берілетін материалдар, құралдар, қызметтер.
1.6.6.
Ұйымдар туралы пікірлер – заңды тұлғалармен/жеке кәсіпкерлермен (ұйымдармен) серіктестік нәтижесінде клиенттік тәжірибе туралы пайдаланушылардың пікірлері, ұйымның бейініне байланыстырылған және пайдаланушыларды сатылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы хабардар ету мақсатында пайдаланушы орналастыратын ұйымдардың анықтамалығында қамтылған ақпарат.
1.6.7.
Объектілер туралы пікірлер – пайдаланушылардың табиғи объектілер (көл, өзен және т.б.) және/немесе адам қызметінің нәтижесі болып табылатын объектілер: ғимарат, құрылыс, саябақтар, скверлер, көшелер, өзге де объектілер туралы пікірлері; олар туралы 2ГИС Өнімдерінде бар ақпарат.
1.6.8.
Жеңімпаз – осы Ережелерде және/немесе нақты Акцияның Ережелеріне сәйкес осындай деп танылған Қатысушының (бұдан әрі – Қатысушы) талаптарына сәйкес келетін Акцияға Қатысушы.
1.6.9.
Сыйлық – егер нақты Акцияның ережесінде өзгеше көзделмесе, Акцияның шарттарына сәйкес Жеңімпазға/Жеңімпаздарға беруге арналған мүлік, сертификат түріндегі марапат.
1.6.10.
Акцияның сыйлық қоры – Акцияның шарттарына сәйкес Жеңiмпаздарға беруге арналған Сыйлықтардың жиынтығы.
1.6.11.
Пайдаланушы – Бағдарламалық Өнімдерді 2ГИС және/немесе 2ГИС онлайн-сервистерін пайдалануды жүзеге асыратын әрекетке қабілетті жеке тұлға.
1.6.12.
2ГИС Бағдарламалық Өнiмдер – өз құрамында 2ГИС Өнiмдерiн бiрiктiретiн 2ГИС бағдарламалық кешендерi, сондай-ақ олардың құрамына кiретiн әрбiр немесе олармен бiрге пайдаланылатын ЭЕМ-ге арналған бағдарлама немесе жеке деректер базасы, сондай-ақ олардың үстел үстi және қалта дербес компьютерлерiнде, ұялы телефондарда, коммуникаторларда, смартфондарда пайдалануға арналған барлық кейiнгi жаңартулары мен түрлендірулер.
1.6.13.
2ГИС Өнімдері – Тұтынушының аппараттық құралдарына орнатуды талап ететін немесе оларға желілік тәсілмен қол жеткізуді көздейтін жекелеген даналар түрінде таратылуы мүмкін ұйымдардың анықтамалықтары және/немесе цифрлық жоспарлар.
1.16.14.
Әлеуметтік желі – визуализациясы әлеуметтік бағандар болып табылатын әлеуметтік өзара қарым-қатынастарды құруға, көрсетуге және ұйымдастыруға арналған платформа, онлайн сервис немесе веб-сайт: ВКонтакте (Интернет-сайт
www.vk.com), Facebook (Интернет-сайт
www.facebook.com), Одноклассники (
https://ok.ru/), Twitter (
https://twitter.com/).
1.6.15.
Ұйымдардың анықтамалық – атаулары, орналасқан жері, телефондары, электрондық пошта мен сайттардың мекенжайлары, өндірілетін және өткізілетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері туралы ақпаратты және 2ГИС өнімдері бар қала шегіндегі ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ оның иесінің қалауы бойынша өзге де ұйымдар туралы өзге де мәліметтерді қамтитын электрондық анықтамалық.
1.6.16.
Электрондық анықтамалық – дербес компьютерлер мен ұтқыр құрылғыларға бейімделген нұсқалардағы 2ГИС Өнімдерін қамтитын электрондық басылым.
1.6.17.
Интернет-алаң – белгілі бір желілік мекенжай бойынша орналастырылған интернет-сайт, онда 2ГИС Анықтамалықтары API сервистерін пайдалана отырып алынған 2ГИС Өнімдері Тұтынушылардың назарына жеткізіледі.
1.6.18.
Веб-қолданба – Тұтынушының абоненттік құрылғысында орнатылған ЭЕМ-ге арналған бағдарлама (мобильді құрылғыларға арналған бағдарламаны қоса алғанда), оның көмегімен 2ГИС өнімдері API сервистерін пайдалана отырып, Тұтынушылардың назарына өзге нысанда көрсетіледі және/немесе ұсынылады.
1.6.19.
Сайт – келесі мекенжайлар бойынша домендерде:
2gis.ru,
2gis.kz,
2gis.kg, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген домендерге кіретін өзге де домендерде орналасқан интернет-сайттар.
1.6.20.
Құрылғылар – ұялы телефон, смартфон, коммуникатор, дербес компьютер, портативті дербес компьютер, планшетті дербес компьютер, оның жадына 2ГИС Бағдарламалық өнімдерді жүктеуге (жаңғыртуға) және/немесе орнатуға/іске қосуға жарамды.
1.6.21.
Цифрлық жоспар – белгілі бір географиялық координаттармен шектелген 2ГИС өнімдері бар қала шегіндегі географиялық объектілер мен елді мекендер туралы геоақпараттық деректерді қамтитын электрондық карта.
1.6.22.
Фотосуреттер – Ұйымдардың фотосуреттері, Объектілердің фотосуреттері және өзге де, оның ішінде: жол оқиғаларына байланысты фотосуреттер (мысалы, авариялар, жөндеу жұмыстары және т.б.).
1.6.23.
Ұйымдардың фотосуреттері – заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің (ұйымның) қызметіне айқын қатысты, ол туралы ақпарат ұйымның бейініне байланыстырылған және ол жүзеге асыратын ұйым мен қызмет туралы Пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында орналастырылатын Ұйымдардың анықтамалығында қамтылған фотосуреттер.
1.6.24.
Объектілердің фотосуреттері – фотографиялық процесс нәтижесінде алынған табиғи объектінің (көл, өзен және т.б.) және/немесе адам қызметінің нәтижесі болып табылатын объектінің бейнесі: ғимарат, құрылыс, саябақтар, скверлер, көшелер, өзге де объектілер; олар туралы 2ГИС Өнімдерінде бар ақпарат. Объектілердің фотосуреттері адам қызметінің нәтижесі болып табылатын табиғи объект немесе объект туралы жалпы әсерді көрсетуі, жергілікті жерде бағдарлауға көмектесуі тиіс.
1.7. Ұйымдастырушы әлеуетті Қатысушыларды Акцияның өткізілетіні туралы мынадай тәсілдермен хабардар етеді:
– осы Ережелерді және нақты Акцияның Ережелерін Сайтқа орналастыру жолымен;
– «Вконтакте» және/немесе «Facebook» және/немесе «Одноклассники» және/немесе «Twitter» әлеуметтік желілерінде Акция туралы ақпараттық анонсты орналастыру арқылы;
– сондай-ақ Ұйымдастырушының таңдауы бойынша өзге де тәсілдермен және/немесе нақты Акцияның Ережелерінде көрсетілген тәсілдермен.
1.8. Акцияға қатысу ерікті болып табылады және Қатысушылардың Сайтта орналастырылған және/немесе қол жетімді осы Ережелермен, сондай-ақ Сайтта орналастырылған және/немесе қол жетімді құжаттармен: Лицензиялық келісіммен (
http://law.2gis.kz/licensing-agreement/,
http://law.2gis.kg/licensing-agreement/), 2ГИС сервистерді пайдалану туралы келісіммен (
http://law.2gis.ru/rules/,
http://law.2gis.kz/rules/,
http://law.2gis.kg/rules/)
,Құпиялылық саясатымен (
http://law.2gis.ru/privacy/,
http://law.2gis.kz/privacy/,
http://law.2gis.kg/privacy/) және Ақпараттық материалдарға талаптармен (
http://law.2gis.ru/informational-requirements/,
http://law.2gis.kz/informational-requirements/,
http://law.2gis.kg/informational-requirements/) сөзсіз танысуды және қайтарып алынбайтын келісімді білдіреді.