Микросайтты қолдану жөніндегі келісім және Микросайтқа арналған контентке қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы «Микросайтты қолдану жөніндегі келісім және Микросайтқа арналған контентке қойылатын талаптар» құжаты «ДубльГИС» Жауапкершілігі шектеулі қоғамының (әрі қарай — «Әкімшілік») Сізбен (Пайдаланушымен) Келісімнің төменде баяндалған шарттарында шарт жасасуға ұсынысын білдіреді.
2ГИС Сервистерін қолдану туралы Келісіммен көзделген жағдайларда (https://law.2gis.kz/rules), Пайдаланушыға суреттерді, мәтіндік, сондай-ақ авторлық және (немесе) сабақтас құқықтардың басқа да объектілерін (Контент) орналастыруға (соның ішінде сыртқы қайнар көздерден таратуға), түзетуге және жоюға, төмендегі Контентті қоса алғанда, мүмкіндік беріледі:
Контент — Пайдаланушымен берілетін анықтамалық-ақпараттық материалдар, мәтіндік, графикалық, аудио-, бейне- және басқа да материалдарды қоса алғанда басқа да материалдар, сондай-ақ авторлық және/немесе сабақтас құқықтардың өзге объектілері.
Әкімшілік микросайты / Микросайт — 2gis.biz мекенжайы бойынша доменде орналасқан интернет-сайт.
Микросайт қаптамасы — Пайдаланушы компьютерінен немесе Жеке кабинеттің фотогалереясынан жүктелетін, Пайдаланушыға қолжетімді арнайы алаңда орналастырылатын сурет.
Платформа — Әкімшілік Микросайтымен интеграцияланған бағдарламалық-аппараттық құралдар.
Пайдаланушы — өз мүддесінде немесе өзі өкілдік ететін заңды тұлға мүддесінде және оның атынан осы Келісімге қосылған әрекетке қаблетті жеке тұлға.
Келісім — барлық толықтырулармен және өзгертулермен осы келісім.
Компания туралы мәтін — Пайдаланушыға қолжетімді арнайы алаңда орналастырылатын ұйым қызметінің мәнін ашатын түсіндірме.
Фотографиялар — заңды тұлға/жеке кәсіпкер (ұйым) қызметіне айқын қатысы бар және Пайдаланушымен басқа Пайдаланушыларды ұйым және ол жүзеге асыратын қызмет туралы ақпараттандыру мақсатында орналастырылатын фотографиялар.
1.2. Осы Келісімде Келісімнің 1.1.-тармағында көрсетілмеген басқа да терминдер мен анықтамалар қолданылуы мүмкін. Ондай жағдайда ондай терминнің түсіндірілуі Келісім мәтініне сай жүзеге асырылады. Келісім мәтінінде терминнің немесе анықтаманың бірмәнді түсіндірмесі болмаған жағдайда: бірінші кезекте — 2ГИС Сервистерін қолдану туралы Келісім, екінші кезекте — Лицензиялық келісім, үшінші кезекте — Құпиялық саясаты, төртінші кезекте — контент таралатын аумақтағы елдің заңнамасы, және келесі кезекте — іскерлік айналым әдет-ғұрпы және ғылыми доктрина түсіндірмесін басшылыққа алған жөн.
1.3. Пайдаланушы Контенті Интернет желісінде: https://law.2gis.kz/rules мекенжайы бойынша орналасқан және/немесе қолжетімді 2ГИС Сервистерін қолдану туралы Келісіммен көзделген талаптарға, сондай-ақ осы Келісіммен белгіленген талаптарға сай боулы тиіс.
Осы шартты жасаса отырып / Микросайттың функционалдық мүмкіндіктерін қолдана отырып, Сіз төмендегілерді растайсыз:
а) Интернет желісінде: https://law.2gis.kz/licensing-agreement/ мекенжайы бойынша орналастырылған осы Келісімнің, 2ГИС Сервистерін қолдану туралы Келісімнің, «2ГИС» бағдарламалық өнімдерін және/немесе онлайн-сервистерін қолдануға Лицензиялық келісімнің (әрі қарай — Лицензиялық келісім) және Интернет-желісінде: https://law.2gis.kz/privacy/ мекенжайы бойынша орналастырылған Құпиялық саясатының (әрі қарай — Құпиялық саясаты) шарттарымен 2ГИС Сервистерін қолдана бастағанға дейін толық көлемде таныстыңыз;
б) осы Келісімнің, 2ГИС Сервистерін қолдану туралы Келісімнің, Лицензиялық келісімнің және Құпиялық саясатының барлық шарттарын Сіздің тарапыңыздан ешбір шектеусіз және алып тастаусыз қабылдайсыз және оларды сақтауға немесе Микросайтты қолдануды тоқтатуға міндеттенесіз. Егер сіз осы Келісімнің және/немесе Лицензиялық келісімнің шарттарымен келіспейтін болсаңыз немесе олардың негізінде шарт жасасуға құқығыңыз болмаса, онда Сізге көп кідірместен Микросайтты кез келген қолдануды тоқтату керек.
1.4. Әкімшілік тіркелген және/немесе авторизацияланған Пайдаланушыға 2gis.biz мекенжайы бойынша доменінде орналасқан Әкімшіліктің Микросайтын өтеусіз негізде жай табысталмайтын (айрықшылығы жоқ) лицензия шарттарында Микросайттың функционалдық мүмкіндіктері шегінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан аумағында функционалдық қолдану құқығын береді.
1.5. Пайдаланушыға Микросайт Қаптамасына суреттер орналастыруға (соның ішінде Пайдаланушы компьютерінен немесе Жеке кабинет фотогалереясынан жүктеуге), оларды түзетуге және жоюға, Микросайт түс гаммасын өзгертуге, келесі нұсқалардан Микросайтта әрекет ету батырмаларын таңдауға: «WhatsApp-қа, Telegram-ға, Viber-ға жазу», «Қоңырау шалу», «Жүру жолын/бағдарды салу», әрекет батырмасының түстік ресімделуін өзгертуге, «WhatsApp-қа, Telegram-ға, Viber-ға жазу» батырмасының құрамына енетін сілтемені өзгертуге, «Қоңырау шалу» батырмасының құрамына енетін телефон нөмірлерін өзгертуге, «Жүру жолын/бағдарды салу» батырмасының құрамына енетін компания филиалына бағдарды өзгертуге, сондай-ақ Микросайтқа фотографиялар қосуға және өшіруге, компания туралы Мәтінді, сондай-ақ авторлық және (немесе) сабақтас құқықтардың басқа да объектілерін орналастыруға, түзетуге, өшіруге, сондай-ақ осы Келісімнің 4-бөліміне сай шектеулер мен кепілдіктерді сақтаған жағдайда анықтамалық-ақпараттық материалдар түріндегі Контентті орналастыруға рұқсат етіледі. Пайдаланушыға 2gis.biz доменіне дейін орналасқан Микросайттың атауын өзгертуге келесі техникалық талаптардың сақталуын ескере отырып, рұқсат етіледі: Микросайттың атауында латын әріптері, араб цифрлары болуы тиіс, Микросайт атауында балағат сөздердің, ұятсыз және дөрекі үлгілердің, салыстырулардың және сөздердің қолданылуына жол берілмейді.
1.6. Әкімшілік Пайдаланушы орналастыратын Контенттің көлемі бойынша шектеулер орнатуға, сондай-ақ Платформаны және (немесе) Әкімшілік Микросайтын қолдануға Әкімшілік таңдауы бойынша формада және тәсілмен Пайдаланушылар назарына ара тұра жеткізілетін өзге де техникалық шектеулер енгізуге құқылы.
1.7. Әкімшілік Микросайтын басқа тәсілдермен қолдану, соның ішінде Микросайтта орналастырылған Контентті, сондай-ақ Әкімшілік Микросайтының құрамына енетін дизайн элементтерін, ЭЕМ үшін бағдарламаларды және деректер базасын көшірмелеуге (көрсетуге), оларды қайта құрастыруға және түрлендіруге қатаң тыйым салынған.
1.8. Пайдаланушымен берілетін жеке ақпаратты өңдеу осы Келісім шарттарында, сондай-ақ Құпиялық саясатында бекітілген шарттарда жүзеге асырылады.
2. Пайдаланушымен жарияланатын Фотографияларға және Түсініктемелерге талаптар (Компания туралы мәтін / компания сипаттамасы).
2.1. Пайдаланушымен жарияланатын Фотографияларға және Түсініктемелерге жалпы талаптар:
2.1.1. Микросайтта мәтіні бар Фотографиялар орналастыруға тыйым салынады (ережеден тыс: қоғамдық тамақтану ұйымдары ас мәзірінің фотографиясы);
2.1.2. Бағасы көрсетілген, Пайдаланушы және/немесе оның серіктестері өткізетін акциялар, ынталандырушы іс-шаралар туралы ақпарат қамтитын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.3. Фотографиялардың Пайдаланушы қызметіне қатысы болуы тиіс: қызмет көрсету / жұмыс атқару үдерісінің, тауарларды сату үдерісінің суреті болуы тиіс (мысалға, тауарлар, тауар топтары сөрелерінің, көрме-сөрелерді безендірудің суреттері), өз қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын Пайдаланушы бөлме-жайы интерьерінің суретін қамтуы тиіс;
2.1.4. Баға көрсетілген Фотографияларды, егер түсірілімнің негізгі объектісі болса, маңдайша жазулардың Фотографияларын орналастыруға тыйым салынады;
2.1.5. Ақпараттық анықтама (телефон, көрсетілетін қызметтер тізімі, Интернет желісіндегі ресурстарға сілтемелер және т.б.) қамтитын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.6. Адамдарды адастыратын ақпараты бар Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.7. Контент таралатын аумақтағы елдің қолданыстағы заңнамасын бұзуға шақыратын ақпаратты қамтитын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.8. Мазмұны контент таралатын аумақтағы елдің қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін Интернет желісіндегі ресурстарға сілтемелерді қамтитын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.9. Егер түсірілімнің негізгі объектісі болса, онда логотипті (тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері) қамтитын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.10. Қорлаушы, порнографиялық, зорлық-зомбылыққа үгіттеуші ақпаратты қамтитын, сондай-ақ қайғылы оқиғалармен байланысты ақпаратты, салт-жоралғылық қызметтер, эстетикалық емес тар шеңберлік мамандық қызметінің атрибуттарын — ауыз қуысы, денедегі өзгерістер және т.б. бейнелейтін Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.11. Қару суретін және/немесе құрылымы бойынша қаруға ұқсас өнімдердің суретін қамтитын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады. Құрылымы бойынша қаруға ұқсас өнімдердің суретін қамтитын және пейнтбол, лазертаг, страйкбол және т.б. ойнау үдерісінде қолданылатын Фотографиялар ережеден тыс болып табылады. Пейнтбол, лазертаг, страйкбол және т.б. ойынына кәмелетке толмағандар, сондай-ақ арнайы жабдықтауы жоқ қатысушылар бейнеленген Фотографияларға тыйым салынады;
2.1.12. Жалаңаш немесе жартылай жалаңаш денелердің және эротикалық тауарларды көрсететін суреттерді қамтитын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.13. Фотографияларда бейнеленген тұлғалардың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғалар туралы жеке деректерді және басқа да құпия ақпаратты жариялайтын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады;
2.1.14. Азаматтың суреті алдыңғы қатарда және түсірілім объектісін жауып тұратын Фотографияларды орналастыруға тыйым салынады.
Азамат суретін қамтитын және еркін баруға арналған немесе жария іс-шара үшін ашық жерлерде өткізілген түсірілімнен алынбаған фотографияларды орналастыруға тыйым салынады.
2.1.15. Фотографиялардың сапасы жоғары болуы тиіс; бұлыңғыр, дұрыс бұрылмаған, қараңғы Фотографияларды орналастыруға жол берілмейді.
2.1.16. Графикалық редактор арқылы жасалған суреттерді орналастыруға тыйым салынады.
2.1.17. Егер объект Фотографиясында негізгі сурет ғимарат болса, онда ол толық бейнеленуі тиіс (қашықтағы бітім). Ғимарат бейінінде кіре берістердің, маңдайша жазулардың және ғимараттың басқа да локальді бөліктерін орналастыруға тыйым салынады.
2.2. Пайдаланушымен жарияланатын Фотографияларға, Компания туралы мәтінге, Микросайт Қаптамасына қойылатын техникалық талаптар Интернет желісінде https://static.2gis.com/files/dcadcec14c5c8075.pdf мекенжайы бойынша орналасқан 2ГИС орналастыруға материалдарды ресімдеуге Техникалық талаптарда көрсетілген.
2.3. Пайдаланушы Фотографияларды, Компания туралы мәтінді, Микросайт Қаптамасын және басқа да Контентті жариялаған кезде Интернет желісінде https://law.2gis.kz/advert-rules/requirements/ мекенжайы бойынша Сайтта орналасқан Жарнама материалдарына қойылатын талаптар қолданылуға міндетті.
3. Пайдаланушымен ұсынылатын Контентке Талаптар
3.1. Бұл бөлімнің мақсаттары үшін:
Пайдаланушы Әкімшілікке Контентті қолданылуы Интернет желісінде https://law.2gis.kz/rules мекенжайы бойынша орналасқан 2ГИС сервистерін қолдану туралы Келісіммен реттелетін Жеке кабинет арқылы Жеке кабинеттің функционалдық мүмкіндіктерімен анықталған көлем мен формада ұсынады.
3.2. Әкімшілік Контент мазмұнын тексеруді жүзеге асыруға құқылы. Егер ондай тексеруді жүзеге асыру барысында Әкімшілікпен сенімсіз контент, осы Талаптарды, 2ГИС сервистерін қолдану туралы Келісімді бұзатын контент табылған жағдайда Әкімшілік Пайдаланушыға алдын ала ескертусіз Пайдаланушымен ұсынылған бүкіл контентті 2ГИС Бағдарламалық өнімдеріне орналастырудан алып тастауға құқылы.
3.3. Пайдаланушымен ұсынылған Контент 2ГИС Бағдарламалық өнімдерінде Әкімшілікпен өз қарауы бойынша анықталатын тәртіпте және формада көрсетіледі. Пайдаланушы Контентін қамтитын 2ГИС Бағдарламалық өнімдері Лицензиялық келісім шарттарында таралады.
4. Пайдаланушы кепілдіктері
Осы Келісімнің шарттарын қабылдай отырып, Сіз төмендегілерді растайсыз және оларға кепілдік бересіз:
4.1. Сіз Микросайтты қолдануға шарт жасасу және оны орындау үшін барлық қажетті құқықтар мен өкілеттіктерге иесіз;
4.2. Микросайтты қолдану Сізбен осы Келісіммен рұқсат етілген мақсаттарда оның ережелерін, сонымен бірге Лицензиялық келісім, қолданылатын құқық және жалпымен қабылданған практика талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылатын болады;
4.3. Сіз Микросайтты ұсынуға немесе солардың көмегімен Сайтпен ұсынылатын тиісті құрал-жабдықтардың, желілердің немесе бағдарламалық қамтамасыз етулердің жұмысына қарама-қайшы келетін немесе кедергі келтіретін қандай да бір әрекеттер жасамайсыз;
4.4. Сіздің Микросайтты нақты мақсаттарда қолдануыңыз жарнама мен бәсекелестік туралы заңнама талаптарын бұзбайды, үшінші тұлғалардың мүліктік және/немесе жеке мүліктік емес құқықтарын, сонымен бірге шектеусіз: авторлық және салалас құқықтарды, тауарлық белгілерге, қызмет көрсету белгілеріне және тауарлардың шығу жерлерінің атауларына құқықтарды, өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды, адам бейнелерін қолдануға құқықтарды қоса алғанда, қолданылатын құқықпен белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұзбайды, Сіз орналастыратын Контент жарнама және бәсекелестік туралы заңнама талаптарын бұзбайды, өңдеу мен беруге алдын ала рұқсат алынбаған үшінші тұлғалардың жеке деректерін, тұлғалардың ар-намысын, беделін және іскерлік беделін қорлайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылықты, порнографияны, есірткілік заттарды, нәсілдік немесе ұлтаралық өшпенділікке үгіттейтін ақпаратты және/немесе үлгілерді қамтымайды және Сізбен Контентті пайдалануға байланысты уәкілетті тұлғалардан барлық қажетті рұқсаттар алынды.
4.5. Пайдаланушы Контенттің, соның ішінде Микросайт Қаптамасының, Фотографиялардың, Компания туралы мәтіннің заңнама талаптарына сай болуы, соның ішінде олардың мазмұны мен оларда қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінің құқыққа сай болуы үшін, Контенттің, соның ішінде Микросайт Қаптамасының, Фотографиялардың, Компания туралы мәтіннің, жарнама және бәсекелестік туралы заңнама талаптарын бұзбайтындығы, объектілерді өндіруге және іске асыруға қажетті рұқсатнамалардың болуы, жарнамаланатын тауарларға (қызметтерге, жұмыстарға) сертификаттардың алынғандағы немесе олардың белгіленген тәртіпте техникалық регламенттерге сай болуын растау, сондай-ақ осы Келісімге сай берілген кепілдіктер аясында басқа да әрекеттер жасау үшін толық көлемде дербес жауапты болады.
4.6. Егер Пайдаланушының Микросайтты қолдануы, Пайдаланушымен ұсынылған Контентті, соның ішінде Микросайт Қаптамасын, Фотографияларды, Компания туралы мәтінді орналастыру Әкімшілікке қолданыстағы жарнама туралы заңнаманы, авторлық құқық пен сабақтас құқық туралы заңнаманы, зияткерлік меншіктің және жекешелендіру құралдарының нәтижелеріне басқа да құқықтарды, монополияға қарсы заңнаманы бұзу жағдайларын қоса алғанда, бірақ шектелмей үшінші тұлағалар және/немесе мемлекеттік билік органдары тарапынан талаптар, қаулылар, наразылықтар, арыздар және/немсе ескертулер жолдауды туындатқан жағдайда Пайдаланушы Әкімшілік талабы бойынша дау пәніне қатысты сұралатын бүкіл ақпаратты ұсынуға және Әкімшілікке ондай талаптарды, наразылықтарды және т.б. реттеуге жәрдемдесуге, сондай-ақ жоғарыда аталған талаптарды, ескертулерді, қаулыларды, арыздарды және т.б. жолдаумен байланысты туындаған Әкімшіліктің барлық шығындарын (сот шығындарын, айыппұлдарды төлеу бойынша барлық шығындарды) толық көлемде өтеуге міндеттенеді.
5. Шектеулер
Осы Келісімнің шарттарымен келісе отырып, Сіз төмендегілерді түсінесіз және танисыз:
5.1. Сайт «сол күйінде» шарттарында беріледі, соған байланысты Сізге Сайт Сіздің талаптарыңызға сай болады; үздіксіз, жылдам, сенімді және қатесіз беріледі; Микросайтты қолдану арқылы алынған нәтижелер нақты, толық және сенімді және қандай да бір мақсаттарда немесе қандай да бір сапада (мысалы, қандай да бір фактілерді белгілеу және/немесе растау) қолданыла алады; Микросайтты қолдануға арқылы алынған қандай да бір өнімнің, қызметтің, ақпараттың және басқа да Контенттің сапасы Сіздің үмітіңізге сай болады; Микросайтты бағдарламалық қамтамасыз етудегі барлық қателер түзетіледі деген кепілдіктер берілмейді.
Әкімшілік Микросайтты қандай да бір қолдану немесе қолдану мүмкін еместігі және/немесе Пайдаланушыға және/немесе үшінші тұлғаларға Микросайтты немесе оның бөлек компоненттерін және/немесе функцияларын, соның ішінде Микросайт жұмысында орын алуы мүмкін қателер немесе ақаулар үшін заңнамамен тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қандай да бір тікелей немесе жанама салдар үшін жауапты болмайды.
5.2. Сайт әрдайым жаңа функционалдық мүмкіндіктерді толықтыру мен жаңарту кезеңінде болатындықтан, ұсынылатын Микросайт формасы мен сипаты ара тұра Сізге алдын ала ескертусіз өзгеріп тұруы мүмкін. Әкімшілік өз қарауы бойынша Сайтқа (немесе Микросайттың қандай да бір бөлек функционалдық мүмкіндіктеріне) қолжетімдікті жалпы барлық Пайдаланушыларға немесе тек Сізге алдын ала ескертусіз тоқтатуға (уақытша немесе біржолата) құқылы.
5.3. Әкімшілік Пайдаланушылармен орналастырылған (сонымен бірге жарияланатын) және/немесе орналастыруға берілген Контентті тексеруге міндетті емес және сол Контенттің немесе оның компоненттерінің мазмұнын, растығын және қауіпсіздігін, сонымен бірге оның қолданылатын құқық талаптарына сай болуын және Пайдаланушыларда оны қолдануға қажетті құқықтар көлемінің барын тексеруге міндетті емес.
Пайдаланушы Әкімшіліктің өз қарауы бойынша Пайдаланушыға ол берген Контентті орналастыруға немесе кез келген Контентті өшіруге бас тартуға құқығы (бірақ міндеті емес) бар екендігін таниды және сонымен келіседі. Пайдаланушы Контентті қолданумен байланысты барлық тәуекелдерді, соның ішінде ол Контенттің сенімділігін, толықтығын немесе пайдалылығын бағалауды қоса алғанда өз бетінше бағалауы тиіс екендігін біледі және онымен келіседі.
5.4. Сізге Микросайты төмендегілер үшін қолдануға тыйым салынады:
Контрафактілі Контентті орналастыру және/немесе тарату;
Порнографиялық сипаттағы, сонымен қатар порнография мен балалар эротикасын үгіттейтін Контентті және ашыналық қызметтер жарнамасын орналастыру және/немесе тарату;
Адал емес бәсекелестік актісін білдіретін Контентті орналастыру және/немесе тарату;
Нормативті емес лексика немесе жалпымен қабылданған орфография мен пунктуация ережелерін өрескел бұза отырып құрастырылған Контентті, сондай-ақ қосылған «Caps Lock» арқылы жазылған бас және жол әріптер кезектескен Контентті орналастыру және/немесе тарату;
Кез келген тыйым салынған ақпаратты, соның ішінде экстремистік сипаттағы, сондай-ақ адамдардың нәсілдік және ұлттық қатыстылығы, діні, тілі және жынысы бойынша құқықтары мен бостандықтарын шектеуге бағытталған, адамға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер жасауға немесе жануарларға қатыгез қарауға үгіттейтін, басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жасауға шақыратын, соның ішінде қару, есірткі заттарын және олардың прекурсорларын және т.б. жасау және қолдану тәртібін түсіндіретін материалдарды орналастыру және/немесе тарату;
компьютерлік вирустарды, трояндарды және басқа да зиянкес бағдарламаларды орналастыру, сақтау, тарату немесе басқа тәсілмен оларға қолжетімдік беру;
сенімсіз және өзекті емес анықтамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру;
өзекті емес Контент орналастыру;
басқа сайттарға сілтемелерді басым немесе айрықша орналастыру;
мазмұны қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы келетін Интернет желісіндегі ресурстарға сілтемелерді орналастыру;
орналастырылған немесе жарияланған файлдарға құпия сөз немесе басқа тәсіл көмегімен қолжетімдікті шектеу;
жеке хабарламаларда басқа Пайдаланушыларға жарнамалық сипаттағы материалдарды олардың ондай материалдарды алуға алдын ала келісімін алмай тарату (СПАМ);
жеке деректерді және үшінші тұлғалар туралы басқа да құпия ақпаратты жариялау;
атынан Контент орналастыруға Пайдаланушыға тиісті құқықтар бермеген тұлға атынан Контент орналастыру және/немесе тарату;
Әкімшілік пікірінше қажет емес, Микросайт құру мақсаттарына сай емес, басқа Пайдаланушылар мен өзге үшінші тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе басқа себептер бойынша жарияланым үшін қажетсіз болып табылатын кез келген басқа ақпаратты орналастыру және/немесе тарату.
5.5. Орнатылған шектеуге қарамастан Микросайтты қолдану кезінде Сіз ар-намысты қорлайтын немесе әдепсіз сипаттағы, сондай-ақ қолданылатын құқықты, үшінші тұлғалардың құқықтарын және/немесе мүдделерін өзге формада бұзатын ақпаратты қамтиды деп көрінетін Контент алуыңыз мүмкін.
5.6. Контент мазмұны және оның қолданылатын құқық талаптарына сәйкестігі үшін сол Контентті құрған және/немесе оны жариялау және көрсету үшін берген және/немесе оны Сайтқа жүктеген Пайдаланушы толық жауапты болады.
5.7. Микросайтты берумен, соның ішінде Контентті басқа Пайдаланушының орналастыруымен байланысты Сіздің құқықтарыңыздың және/немесе мүдделеріңіздің бұзылуы анықталған жағдайда ол жайлы Әкімшілікке хабарлау керек. Ол үшін Сізге Әкімшілікке бұзушылықтың мән-жайларын егжей-тегжейлі баяндайтын және Сіздің құқықтарыңызды және/немесе мүдделеріңізді бұзатын материалдар бар Микросайт парағына гипермәтіндік сілтемесі бар жазбаша ескерту жолдау қажет.
5.8. Үшінші тұлғалардың мүліктік және/немесе жеке мүліктік емес құқықтарын, сонымен бірге заңнамамен белгіленген тыйымдар немесе шектеулерді кез келген бұзуға қатысты үшінші тұлғалардың қандай да бір наразылықтары туындаған жағдайда сіз Әкімшілік талабы бойынша Әкімшілікке туындаған наразылықтарды өз күшіңізбен және өз қаражаты есебіңізден реттеу туралы тиісті наразылық ұсынған тұлғаға көрсетілген ақпаратты беру үшін өзіңіздің төлқұжат деректеріңізді көрсетілген міндеттеме бере отырып, ресми сәйкестендіруден өтуге міндеттісіз.
5.9. Әкімшілік құқық иеленушіден Пайдаланушының немесе оның нұсқауы бойынша Контентті орналастыруы нәтижесінде зияткерлік құқықтарды бұзуы туралы өтініш алған жағдайда Әкімшілік көп кідірместен кез келген Контентті өшіру құқығын өзіне қалдырады. Ондай жағдайда Әкімшілік Пайдаланушыны Контентті өшіруі туралы ескерту және туындауы мүмкін дауды реттеу немесе көрсетілген әрекеттерге байланысты қандай да бір шығындарды өтеу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдамайды.
5.10. Ақпараттық делдалдың заңсыз Контент орналастырғаны және оған қолжетімдік бергені үшін заңнамамен белгіленген жауапкершілікке байланысты Әкімшілік кез келген Контентті көп кідірместен өшіру құқығын өзіне қалдырады. Ондай жағдайда Әкімшілік Пайдаланушыны Контентті өшіруі туралы ескерту және туындауы мүмкін дауды реттеу немесе көрсетілген әрекеттерге байланысты қандай да бір шығындарды өтеу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдамайды.
5.11. Осы Келісімді, Лицензиялық келісімді және/немесе заңнама талаптарын бірнеше мәрте немесе өрескел бұзған жағдайда Әкімшілік Сіздің есептік жазбаңызды (аккаунтты) блоктау, аккаунтты өшіру немесе басқаша тәсілмен Микросайтты ұсынуды шектеу (тоқтату), Микросайттың сырт келбетін бастапқы баптауларға дейін қалпына келтіру құқығын өзіне қалдырады.
5.12. Сіз бұзған үшінші тұлғалардың құқықтары және/немесе мүдделері, сондай-ақ заңнамамен белгіленген тыйымдар немесе шектеулері үшін Әкімшілікті жауапқа тартқан немесе өндіріп алулар салынған жағдайда Сіз толық көлемде Әкімшілікке шығындарды өтеуге міндеттісіз.
5.13. Әкімшілік Сайттағы арнайы блокта жарнама материалдары мен басқа ресурстарға сілтемелерді орналастыру құқығын өзіне қалдырады, сонымен бірге Әкімшілік жарнама материалдары және ондай ресурстардың қолжетімдігі үшін, олардың Контенті үшін, сондай-ақ ондай ресурстарды, олардың Контентін немесе жарнаманы қолданумен байланысты еш жауапты болмайды.
5.14. Әкімшілік Сізбен жіберілген бұзушылықтарға, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мән-жайларда Сізге зиян немесе шығын келтірумен байланысты қандай да болмасын жауапкершіліктен бас тартады.
5.15. Әкімшілік Пайдаланушылардың/үшінші тұлғалардың жалпыға қолжетімді жеке деректерін кімнің болмасын қолдануы үшін жауапты болмайды.
5.16. Кез келген мән-жайларда Әкімшілік жауапкершілігі 1 000 (Бір мың) рубльмен шектеледі және әрекеттерінде кінә болған жағдайда ғана жүктеледі.
6. Осы Талаптардың кез келген тармағын бұзу келесі салдарды туғызуы мүмкін:
Контентті жасыру, жою;
Микросайтқа Қолжетімдікті басқа тәсілмен шектеу немесе тоқтату.
Осы Талаптарды бұзғаны үшін санкциялар Орындаушы қарауы бойынша алдын ала ескерту қажеттілігінсіз және қосымша түсіндірме берусіз қолданылады.
7. Контентті қолдану шарттары
7.1. Пайдаланушы өзі ұсынған Контент өзекті, түзу, сенімді болып табылатындығына; үшінші тұлғалардың мүліктік және/немесе жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ шектеусіз авторлық және сабақтас құқықтарды, тауарлық белгілерге, қызмет көрсету белгілеріне және тауарлардың шығу жерлерінің атауларына құқықтарды, өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды, адам бейнесін қолдануға құқықтарды қоса алғанда контент таралатын аумақтағы елдің қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұзбайтындығына кепілдік береді.
7.2. Пайдаланушы Контентке шектелмеген тұлғалар шеңберіне қолжетімдік беруге рұқсат етеді, Пайдаланушы Әкімшіліктің Контентті үшінші тұлғаларға таратуына өз келісімін растайды. Сонымен қатар Пайдаланушы контенті АРІ құралдары арқылы бөгде алаңдарда немесе бағдарламалық өнімдерде ұсынылған басқа объектілерде ұйым / ЖК туралы ақпарат құрамында жариялана алады.
7.3. Әкімшіліктің Пайдаланушылармен ұсынылған Контентті Сайтта орналастырмауға құқығы бар.
8. Өзге шарттар
8.1. Осы Келісім Әкімшілікпен біржақты тәртіпте Пайдаланушыға алдын ала ескертусіз және қандай да бір өтемақы төлеусіз өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін.
8.2. Осы Келісімнің қолданыстағы мәтіні Әкімшілік Сайтында орналастырылған және Интернет желісінде: https://law.2gis.kz/microsite мекенжайы бойынша қолжетімді.
12.08.2021 жылғы мәтін.