5. Пайдаланушы құқықтары5.1. Құқық иеленуші Пайдаланушыға 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін және/немесе Онлайн-сервистерін қолдану құқығын осы бөлімде көрсетілген тәсілмен әлемнің барлық елдері аумағында жай (айрықша емес) табысталмайтын лицензия шарттарында ұсынады.
5.2. 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін функционалдық қолдануПайдаланушы 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін олардың тікелей функционалдық тағайындалуы бойынша Пайдаланушы Басшылығына сай қолдануға құқылы, осы мақсатта оны қалта немесе үстел дербес компьютер(-лер)інде, смартфон(-дар)ында немесе басқа құрылғы(-лар)да (әрі қарай — «Құрылғылар») орнатуды жүзеге асыруы тиіс.
Осы тармаққа сай Пайдаланушының 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін саны шектелмеген Құрылғыларда орнатуды жүзеге асыруға, сондай-ақ локальді желі шегінде басқа бар компьютерлерде Бағдарламалық өнімді орнату және оның жұмысы үшін ғана арналған және қолданылатын деректерді сақтау (мысалы, желі серверінде) құрылғыларында сақтауға немесе Бағдарламалық өнімдердің көшірмелерін орнатуға құқығы бар.
5.3. 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін көшірмелеуПайдаланушы даналары Құқық иеленушімен таратылатын 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін коммерциялық емес мақсаттарда өтеусіз негізде кез келген Құрылғыларда және материалдық тасушылардың өзге түрлерінде 2ГИС Бағдарламалық өнімдерінің комбинациясы, құрамы және мазмұны олар Құқық иеленушімен қолдану үшін ұсынылады және/немесе кеңес етілуімен салыстырғанда өзгеріссіз түрінде сақталады деген шартпен көшірмелеуге болады.
5.4. 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін таратуПайдаланушы, егер Құқық иеленушінің жазбаша рұқсатымен өзгеше көзделмесе, 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін осы Келісімінің 4.3 тармағына сай көшірмеленген даналарды тарату арқылы коммерциялық емес мақсаттарда, өтеусіз негізде және тұтастылығын сақтаған жағдайда таратуға құқықылы.
5.5. 2ГИС Онлайн-сервистерін функционалдық қолдануПайдаланушы 2ГИС Онлайн-сервистерін тікелей функционалдық тағайындалуы бойынша Құрылғылардың шектелмеген санында осы Лицензияның шарттарына сай қолдануға құқылы. Құқық иеленушінің қарауы бойынша кейбір 2ГИС Онлайн-сервистерін немесе олардың қосымша функционалдық мүмкіндіктерін қолдану үшін Пайдаланушымен бөлек келісімнің шарттарын қабылдау талап етіледі.
5.6. 2ГИС Онлайн-сервистерімен карта фрагменттеріне Интернет желісінде сілтемелерді қолдануПайдаланушы 2ГИС ОНлайн-сервистерін қолданумен карта фрагменттеріне html-сілтемелерді төменде көрсетілген шарттарда қолдануға құқылы.
Қажетті ғимараттың орналасуын көрсету үшін 2ГИС Онлайн-сервистерінен Цифрлық жоспарға келесі түрдегі арнайы сілтеме қою жеткілікті:
{Сілтеме мәтіні, әдетте ол мекенжай}Цифрлық жоспар фрагментіне сілтеме мекенжайын білу үшін, қажет:
1.
2gis.kz Құқық иеленушісінің Сайтына кіру
2. Қажетті тапсырма таңдау (сонымен бірге картада ғимарат мекенжайымен карточка пайда болады).
3. Карта үстінде оң жақ бұрышта орналасқан «Осы орынға сілтеме» мәтініне басу керек. Курсор астында сілтеме мекенжайы бар таңдалған фрагмент әйнегі пайда болады.
Сілтеме бойынша «Осы орынға сілтеме» мәтіні бойынша басу кезінде таңдалған дәл сол фрагмент ашылатын болады. 2ГИС Онлайн-сервистерінде пайдаланушылар қолайлығы үшін көзделген: карта бойнша навигация, жақын аялдамаларды қарау, ғимараттағы фирмалар туралы ақпараттар.
2ГИС Онлайн-сервисіне сілтемелерді қолдану оны қолданудың ең қарапайым және жедел нұсқасы болып табылады және сондықтан мекенжайлар саны көп сайттар үшін ұсынылады (компания, жаңа құрылыстар каталогтары және т.б.). 2ГИС Онлайн-сервистері ай сайын жаңартылады.
5.7. 2ГИС Бағдарламалық өнімдерінен және Онлайн-сервистерінен Интернет желісінде карта фрагменттерін қолдануПайдаланушының 2ГИС Бағдарламалық өнімдерінен және/немесе Онлайн-сервистерінен туындайтын картографиялық деректердің визуалды көрінісін көшірмелеу жолымен қалалардың Цифрлық жоспарларынан карта фрагменттерін, сондай-ақ ондай карта фрагменттерінің туындыларын (қосымшалармен, қысқартулармен, бұрылыс бұрышын өзгертумен және басқа да өңдеулермен) құруға және оларды Интернет желісінде көпшіліктің назарына әр фрагменттің әрқайсысына алынған қайнаркөзін көрсететін жазуы болуы және төменде көрсетілген түрде
www.2gis.kz сайтына белсенді сілтеменің болуы шартымен жеткізуге құқығы бар:
© 2ГИС — Қалалық ақпараттық сервис5.8. 2ГИС Бағдарламалық өнімдерінен және/немесе Онлайн-сервистерінен карта фрагменттерін БАҚ, полиграфияда және сыртқы жарнамада қолдануПайдаланушының 2ГИС Бағдарламалық өнімдерінен және/немесе Онлайн-сервистерінен туындайтын картографиялық деректердің визуалды көрінісін көшірмелеу жолымен қалалардың Цифрлық жоспарларынан карта фрагменттерін, сондай-ақ ондай карта фрагменттерінің туындыларын (қосымшалармен, қысқартулармен, бұрылыс бұрышын өзгертумен және басқа да өңдеулермен) төменде келтірілген түрде әр фрагменттің әрқайсысына жазудың болуы шартымен мерзімді басылымдарда, полиграфияда, сыртқы жарнамада және басқа да баспа және электронды басылымдарда көшірмелеуге құқығы бар:
© 2ГИС. Қалалық ақпараттық сервис. www.2gis.kzКарта фрагменттерін баспасөз басылымдарында және полиграфияда жазу үшін қолданылатын шрифт өлшемі 5 pt кем болмауы тиіс, сыртқы жарнамада — макет аумағынан 2% кем емес.
5.9. 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін және/немесе Онлайн-сервистерін Келісімнің 4.7-4.8 тармақтарында көзделген тәсілдермен қолдану келесі шарттарды бір уақытта сақтау кезінде жол беріледі:
а) карта фрагменттерін әрі қарай қолдану тек ақпараттық мақсаттарда ғана мүмкін (мысалы, орналасу орнын немесе белгілі бір объектіге жол жүру сызбасын көрсету үшін);
б) картографиялық материалдарды қолдану көлемі (карта фрагментінің аумағы) жоғарыда көрсетілген ақпараттық мақсаттармен ақталған.
5.10. 2ГИС бөлек Бағдарламалық өнімдерін және/немесе Онлайн-сервистерін байланыспен, соның ішінде олардың басқа бағдарламалық өнімдермен, сервистермен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігін пайдалану үшін Пайдаланушыға Құқық иеленушіден алынған пин-кодты енгізу қажет.
5.11. Осы бөлімге сай 2ГИС Бағдарламалық өнімдерін және/немесе Онлайн-сервистерін қолдану құқығы Пайдаланушы осы Келісіммен белгіленген шектеулерді сақтаған жағдайда ғана ұсынылады.