«ДубльГИС» ЖШҚ cookie файлдарын қолдану саясаты (әрі қарай «Саясат»)

Осы Саясат «ДубльГИС» ЖШҚ бағдарламалық өнімдеріне және сервистеріне (әрі қарай- «2ГИС Сервистері») таралатын http://law.2gis.kz/privacy/ парағында орналасқан жалпы Құпиялық саясатына қосымша ретінде қолданылады және cookie файлдарын қолдану санаттарын, мақсаттарын және қолданудан бас тарту тәсілдерін сипаттайды. Сookie файлдарына қатысты осы Саясат «ДубльГИС» ЖШҚ (әрі қарай – «2ГИС», «Біз») тиесілі 2ГИС барлық Сервистеріне таралады.

1. Жалпы ережелер
Сookie деген не?
Сookie файлы — бұл сіз кіретін сайттан сіздің браузеріңізге жіберілетін сайтқа кіру туралы ақпараты бар деректердің шағын көлемі. Әр веб-сайт немесе веб-сайтпен қолданылатын бөгде қызмет жеткізушісі өзінің меншік cookie файлын, егер сіздің браузеріңіздің баптаулары мүмкіндік берсе, сіздің браузеріңізге жібере алады. Сіздің браузер веб-сайтқа немесе бөгде қызметтер жеткізушісіне ондағы бар cookie файлдарына қолжетімдік алуға рұқсат етеді. Сookie файлы бірегей сәйкестендіруші және сайт аты туралы жасырын ақпарат қамтиды, ол веб-сайтқа сіздің қалауларыңызды немесе мысалы сіздің сатып алу себетіңіздегілерді есте сақтауға мүмкіндік береді. Сіз cookie-файлдарын, сондай-ақ олар туралы жалпы мәліметтерді қалай өшіруге немесе блоктауға болатыны туралы ақпаратты қамтитын https://www.allaboutcookies.org/ парағына кіре аласыз.
Браузер деген не?
Браузер — бұл Интернет желісінен ақпаратты іздеуге және қарауға арналған бағдарлама. Браузерлердің көбісі қауіпсіз және cookie сияқты ақпаратты өшірудің жедел және қарапайым тәсілдерін ұсынады.
Сіз cookie файлдарын сіздің құрылғыңыздың өңдеу тәсілін браузер баптаулары арқылы таңдай аласыз. Ең әйгілі браузерлер келесі баптау нұсқауларын таңдауға мүмкіндік береді:
а) барлық cookie файлдарын қабылдауға;
б) cookie файлдарын шығару туралы ескертуге;
в) cookie файлдарын кез келген уақытта алмауға.
Барлық cookie файлдарын блоктау көптеген веб-сайттарды қолдануға теріс әсер ететініне назарыңызды аударамыз. Егер сіз cookie файлдарын блоктап тастасаңыз, сіз өзіңіздің веб-сайтыңыздағы барлық функцияларды қолдана алмайсыз. Егер сіз браузер баптауларын өзгертуді шешсеңіз, cookie баптауларын өзгертуді білу үшін браузеріңіздің «Анықтама» мәзірін тексеріңіз.
Сookie және жеке ақпарат
Сookie файлдары, әдетте пайдаланушыны жеке сәйкестендіретін ақпаратты қамтымайды, бірақ сіз хабарлайтын жеке ақпарат cookie файлдарынан алынған және сонда сақталатын ақпаратпен байланысты болуы мүмкін. Cookie сіздің браузеріңіз үшін бірегей және тек оны сізге берген сервермен ғана оқыла алады.
Егер Біз cookie-дан деректердің нақты Субъектпен ара қатынасын белгілей алсақ, cookie жеке деректер ретінде қаралады. Сookiе-дан деректерді ондай өңдеу үшін құқықтық негіз Лицензиялық келісім (https://law.2gis.kz/licensing-agreement/) аясында Сіздің алдыңыздағы шарттық міндеттемелерді орындау болып табылады. Қалған жағдайларда сookie-дан деректер жеке деректер болып табылмайды.
2. Біздің cookie және біз cookie қалай қолданамыз
Біз cookie файлдарын 2ГИС Сервистерінің сапасы мен қызметтілігін жақсарту үшін, сондай-ақ сізге сіздің сұранысыңыз бойынша ең сай келетін ақпаратты ұсыну үшін қолданамыз.
Әдетте, біз cookie файлдарын біздің веб-сайттардың парақтарында келесі қызмет түрлерін ұсыну үшін қолданамыз:
  • Сіз парақтан параққа өту кезінде веб-сайтты қолданғанда бізге қауіпсіздікті сақтап, сіздің деректеріңізді тексеруге жәрдемдесу үшін, бұл бізге жаңа параққа әр кірген сайын сіздің деректеріңізді қайталап енгізбеуге мүмкіндік береді;
  • Сайтқа әр кірген сайын сізге деректеріңізді қайта-қайта енгізбес үшін 2ГИС Сервисінде пайдаланушы ретінде сіздің атыңызды және құпия сөзіңізді есте сақтауға сіздің сұранысыңызды қабылдау үшін;
  • Пайдаланушылар веб-сайтты қалай қолданатынын және бізге веб-сайт құрылымын жақсарту үшін 2ГИС Сервистерінің статистикасы мен бағасы мақсаттары үшін иесізденген агрегатталған ақпаратты жинау үшін.
Біз қолданылатын cookie файлдарының әр типін атап өтпейміз, бірақ cookie файлының әрқайсысы үшін біз сізге оның қолдануын қалай бақылай алатыныңызды хабарлаймыз.
Сookie файлдарының қандай типтерін біз қолданамыз?
Веб-сайттарымызда біз сессиялық та, тұрақты да cookie файлдарын қолданамыз.
Сеансқа қатысты сookie-файлдары – бұл сіз сайтқа кірген кезде қолданылатын, содан кейін браузерді жапқан соң жойылатын уақытша cookie-файлдары.
Тұрақты cookie-файлдары сайтта сіздің қалауларыңызды есте сақтау үшін қолданылады және сіздің құрылғыңызда сіз браузеріңізді жапқан немесе құрылғыңызды қайта жүктеген соң да қалады. Біз бұл cookie-файлдарын пайдаланушылар мінез-құлқын, сайттарға кіру алгоритмін анықтау мақсатында сараптау үшін қолданамыз, ол бізге біздің сайттардың сіздер және біздің сайттарға кіретін басқа пайдаланушылар үшін қызметтілігін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл cookie-файлдары бізбен, сіз браузердің cookie-файлдарын тазалаған сәтке дейін қолданылады.
Сіз веб-сайтқа кірген уақытта қолданылуы мүмкін cookie файлдарының типтері:
  • Cookie — дербестендіру файлдары. Бұл cookie — файлдары басқа ақпаратпен үйлесімде қарау туралы нақты ақпаратты жазып алуға әрекет жасап (яғни сіз веб-сайтқа қалай кіресіз, қандай парақтарды қарайсыз, қандай опцияларды таңдайсыз, қандай ақпаратты енгізесіз және веб-сайтқа қандай жолмен кіресіз), веб-сайтқа қайталап кірушілерді тану үшін қолданылады. Олар сізге қызықты болуы мүмкін контентті ұсыну үшін қолданылады, ол сіздің бұрын қарағаныңызға негізделеді.
  • Сайтты басқару үшін cookie файлдары — веб-сайтта сіздің тұлғаңызды немесе сеансыңызды сақтау үшін қолданылады. Мысалы, егер біздің веб-сайттар бір сервердан артық жерде жұмыс жасаса, біз cookie-файлын сіз ақпаратты тек бір нақты сервер бойынша жіберетініңізге кепілдік беру үшін қолданамыз (олай етпеген жағдайда сіз кенеттен жүйеге кіруіңіз немесе одан шығып кетуіңіз мүмкін). Сіз қоғамдық пікір сауалнамаларында дауыс бергенде сіз тек бір рет қана дауыс бере алатыныңызға кепілдік беру үшін және сіз жүйеге кірмегенде біздің пікір қалдыру функциямызды (сіз, мысалы ар-намысты қорлайтын ретінде белгілеген пікірлерді көрмеуіңіз үшін немесе жоғары/төмен пікірлер үшін бір реттен артық дауыс бермеуіңіз үшін) қолдана алуыңыз үшін біз ұқсас cookie файлдарын қолдануымыз мүмкін. Бұл cookie бөлек өшіріп тастауға болмайды, бірақ сіз барлық cookie бас тарту үшін оларды қабылдағыңыз келмесе, браузер баптауларын өзгерте аласыз.
  • Сookie файлдары және үшінші тараптарды сараптау — 2ГИС және біздің жарнамалық және сараптамалық сервистер cookie файлдарын, біздің пікірімізше, сізге және сіздің қызығушылықтарыңызға қатысы бар сізге жарнамалық хабарландыруларды көрсету үшін қолданады.
  • Сараптама
  • Google.Analytycs, Яндекс.Метрика, VisualWebsiteOptimizer, tns-counter.ru, http://yadro.ru/ бізге жасырын статитстикалық ақпаратты ұсынады. Олар біздің веб-сайттарда қолданылатын ІР-мекенжайларды және cookie-файлдарынан ақпаратты өңдейді, сондықтан біз парақтардың қанша қаралғанын, қаншай пайдаланушылар барын, олар қандай браузерлерді қолданатындығын (соның арқасында біз өз ресурстарымызды біздің пайдаланушылардың көбісі үшін максималды үйлесімдікке дұрыс бағыттай аламыз) және кейбір жағдайларда қай елде, қалада немесе аймақта орналасқанын білеміз. 2ГИС алынған деректерді сақтау үшін көрсетілген интернет-сервистермен қолданылатын серверлердің орналасуы үшін жауапты болмайды. Жарнамалық және сараптамалық сервистермен орналастырылатын жарнама өзінің cookie файлдарын қолданатындығына сіздің назарыңызды аударамыз. Өтінеміз, олардың cookie қалай қолданатындығымен қанағаттану үшін олардың құпиялық саясатымен танысыңыз.
Сookie файлдары Ресей Федерациясының заңнамасына сай құрылған және келесі мекенжай бойынша тіркелген: 630078, Новосибирск қ., Карл Маркс атындағы алаң, 7-үй, 13-қабат («ДубльГИС» ЖШҚ) «ДубльГИС» Жауапкершілігі шектеулі қоғаммен жиналады және қолданылады. Сондай-ақ деректер үлестес тұлғаларға, серіктестерге және басқа да сенімді тұлғаларға берілуі мүмкін, ондай тұлғалар деректерді өңдеу Ресей заңнамасының талаптарына сай келетіндігіне және деректер 2ГИС Құпиялық саясатында көрсетілген тәртіпте және мақсаттарда қолданылатындығына кепілдік береді. Атап айтқанда, бөгде компаниялар 2ГИС Сервистерінің пайдаланушыларын қолдауды жүзеге асыра алады.
Егер сіз Google Analytics кейбір cookie файлдарынан бас тартқыңыз келсе, төмендегі сілтемелр бойынша өтіңіз:
Google Analytics: https://tools.google.com/dlpage/gaoptout Егер сіз Яндекс.Метрика кейбір cookie файлдарынан бас тартқыңыз келсе, сілтеме бойынша өтіп, Яндекс.Метрика Блоктаушысын қолданыңыз:
Яндекс.Метрика Блоктаушысы: https://yandex.ru/support/metrica/general/opt-out.html Егер сіз VisualWebsiteOptimizer кейбір cookie файлдарынан бас тартқыңыз келсе, https://vwo.com/opt-out/ сілтемесі бойынша өтіңіз.
Егер сіз tns-counter.ru интернет-есептеуішінің cookie файлдарынан бас тартқыңыз келсе, http://tns-counter.ru/policy.html сілтемесі бойынша өтіңіз.
Егер сіз http://yadro.ru/ интернет-есептеуішінің cookie файлдарынан бас тартқыңыз келсе, интернет-есептеуіштің сайтындағы техникалық қолдаумен байланысыңыз.
Бөгде жарнама
Жарнамалық және сараптамалық сервистер сізге мақсатты жарнама ұсыну үшін кейде өзінің cookie файлдарын қолданады. Мысалы, жарнамалық және сараптамалық сервистер сіздің веб-сайтқа кіру кезіңізде сізге әлдеқайда орайлы жарнама ұсыну үшін, сіз бұрынырақ кірген сайттарда өздері құрған бейінді қолдана алады. Біз пайдаланушылардың қызығушылықтарына сай келетін жарнаманы пайдалы деп санаймыз. Сіздің құрылғыңызда бұл cookie файлдарын орналастыру сізге бірнеше веб-сайтта сәйкестендірілген болуға мүмкіндік береді және сізге олардың деректерді қалай жинайтынын және қолданатынын түсіну үшін біздің жарнамалық және сараптамалық сервистердің, серіктестердің және жарнама қызметтерін көрсетушілердің құпиялық саясатымен танысқан жөн.
3. Сookie блоктау
Браузерлердің көбісі сізге cookie қабылдаудан бас тартуға мүмкіндік береді. Төменде біз сіздің өз браузеріңіз арқылы cookie файлдарын қалай басқара алатындығыңызды түсіндіретін сілтемелер келтірдік — есте сақтаңыз, егер сіз өз браузеріңізден cookie файлдарын өшіріп тастасаңыз, онда ол баптаулар барлық веб-сайттарға қатысты қолданылады:
Internet Explorer http://support.microsoft.com/kb/278835 (бұл парақ түрлі ІЕ нұсқалары үшін қосымша ақпаратқа сілтеме жасайды — мобильді нұсқасы www.microsoft.com/windowsphone/en-us/howto/wp7/web /changing-privacy-and-other-browser-settings.aspx мекенжайы бойынша орналасқан)
Chrome: http://support.google.com/chrome/bin/answer.py?hl=ru-RU&answer=95647.
Барлық cookie файлдарын блоктау көптеген веб-сайттарды қолданудың ыңғайлығына теріс әсер ете алатындығына назарыңызды аударамыз.
4. Сookie өшіру
Сіз, сондай-ақ сіздің компьютеріңізде сақталған cookie файлдарын, сіздің браузеріңіздің нұсқаулықтарына ере отырып, өшіре аласыз. Бұл көптеген веб-сайттарды қолданудың ыңғайлығына теріс әсер ете алатындығына қайталап назарыңызды аударамыз.
Сookie файлдарын өшіру туралы егжей-тегжейлі сіз http://www.aboutcookies.org/page-2 мекенжайы бойынша біле аласыз.
5. Біздің сайттардың аудиті
Тоқсан сайын біз веб-сайт портфолиосында қолданылатын барлық cookie файлдарының аудитін өткіземіз.
6. Қосымша ақпарат
Сookie файлдарын қолдану саясатына ара -тұра алдын ала ескертусіз өзгертулер енгізілуі мүмкін, сондықтан кез келген өзгерістер немесе жаңартулар туралы хабардар болып отыру үшін ол саясатты тұрақты түрде тексеріп отыру маңызды.
Ол саясат жөнінде бізбен байланысу үшін сіз 2ГИС пайдаланушыларын Қолдау қызметіне жүгіне аласыз (http://help.2gis.ru/feedback/). Электрондық пошта жіберу кезінде сұрақтың біздің сайттардың қайсысына қатысты екендігін көрсетіңіз.
2020 жылғы 04 тамыздағы мәтін
© «ДубльГИС» ЖШҚ, 2020