Жарнамалық шертулерді / орналастыруларды есепке алу ережелері
Екінші баға Аукционы бойынша орналастырылатын жарнамалық материалдар үшін
Мәтінмәндік жарнама Тапсырыс бланкісінде Тараптар келіскен күннен бастап орналастырыла бастайды.
Тапсырыс берушінің Мәтінмәндік жарнамасын орналастыру ағымдағы айдағы Жарнамалық шертулердің жалпы құны Тапсырыс бланкісінде белгіленген ағымдағы айға Тапсырыс берушінің Жарнамалық бюджетінің мөлшеріне тең болған сәтте тоқтатылады. Егер Тапсырыс бланкісінде келесі айда Мәтінмәндік жарнаманы орналастыру көзделген жағдайда, Мәтінмәндік жарнаманы орналастыру келесі айдың бірінші күнінен бастап қайта басталады.
Медиалық жарнамалық материалдар үшін, егер осы Ережеге сілтеме тиісті Тапсырыс бланкісінде көзделсе
Медиалық жарнама Тапсырыс бланкісінде Тараптар келіскен күннен бастап орналастырыла бастайды.
Тапсырыс берушінің Медиалық жарнамасын Орналастыру әсерлердің жалпы құны Тапсырыс берушінің жарнамалық бюджетінің Тапсырыс бланкісінде белгіленген мөлшеріне тең болған сәтте тоқтатылады. Егер Тапсырыстың осындай Бланкі бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталмаған жағдайда, Тапсырыс беруші Жарнамалық бюджет сомасын ұлғайтып, толықтырғаннан кейін Медиалық жарнаманы орналастыру қайта басталады.
Егер Тапсырыс берушінің шотына Тапсырыс берушінің Медиалық жарнамасын орналастыру бойынша Тапсырыс Бланкі бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталған кезде тапсырыстың тиісті Бланкі шеңберінде ақша қаражаты қалса, онда Орындаушы, егер Тараптар өзге шарт туралы уағдаласпаса, Орындаушы нақты көрсеткен қызметтердің Тапсырыс Бланкісі тоқтатылған күнгі құнынан асатын ақша қаражатының қалдығын Тапсырыс берушіге қайтарады.
Осы Ережелердің қолданыстағы редакциясы Интернет желісіндегі Сайтта мына мекенжай бойынша орналастырылған: https://law.2gis.ru/counting-clicks.
28.10.2022 жылғы редакция