4. Ақпаратты өңдеу4.1. Ақпарат қолданылатын заңнамаға сай өңделеді.
4.2. Ақпарат үшінші тұлғаларға, келесі жағдайларды қоспағанда, берілмейді:
4.2.1. Пайдаланушы ондай беруге өз келісімін берді.
4.2.2. Ақпарат
https://law.2gis.kz/partners-list мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған «ДубльГИС» ЖШҚ және «ДубльГИС» ЖШҚ басқа серіктестеріне серіктестік қатынастарды реттеу мақсатында Пайдаланушымен коммуникациялар, Пайдаланушымен және/немесе Клиентпен соның мүддесінде әрекет ететін шарт талаптарын келісу жөнінде келіссөздер жүргізу, ондай шарттарды жасасу және орындау үшін беру.
4.2.3. Беру қолданылатын құқықпен көзделген.
4.2.4. Беру Қолданушы 2ГИС бөлек Сервистерін қолдану туралы келісім шарттарын бұзған жағдайда Әкімшіліктің және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүддлерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4.2.5. Қазақстан Республикасының серверлерінде қажетті бағдарламалық-аппараттық қорғаныс құралдарын қолдану арқылы сақтау мақсатында жеке деректерді «ДубльГИС» ЖШҚ беру.
«ДубльГИС» ЖШҚ құпиялық саясатымен пайдаланушы
https://law.2gis.kz/privacy/ мекенжайы бойынша таныса алады.
4.2.6. Мемлекеттік немесе басқа органдардың сұранысы бойынша заңнама талаптарын сақтау мақсатында беру.
4.3. Жеке деректер субъектілерінің құқықтарын тиісінше қорғалуын қамтамасыз етпейтін шетелдік мемлекеттердің аумақтарында жеке деректерді трансшекаралық беру субъект келісімі болған жағдайда және/немесе шартты орындау мақсатында және/немесе қолданылатын заңнамамен көзделген жағдайларда заңнама талаптарын орындау үшін жүзеге асырылады.
4.4. Үшінші тұлғалар және оларға берілетін жеке деректер тізімі сұраныс бойынша Әкімшілікпен беріледі.
4.5. Қолданушы осымен Әкімшілік 2ГИС Сервистерін қолдану кезінде Пайдаланушымен берілетін үшінші тұлғалардың жеке деректерін 2ГИС Сервистерінің бөлек функцияларын іске асыру үшін Пайдаланушы ондай қолдану мен беруге үшінші тұлғалардың келісімінің бар екендігіне кепілдік берген жағдайда қолдана және бере алатындығы туралы ескертілді және онымен келіседі.
4.6. Әкімшілік жеке деректерді жинауды, жазуды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңарту, өзгерту), шығарып алуды, қолдануды, беруді (беру, қолжетімдік беру), иесіздендіруді, блоктауды, өшіруді, жоюды жүзеге асырады.
«ДубльГИС» ЖШҚ Әкімшілік тапсырыс бойынша жеке деректерді жинауды, жазуды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңарту, өзгерту), шығарып алуды, қолдануды, беруді (беру, қолжетімділік беру), иесіздендіруді, блоктауды, өшіруді, жоюды жүзеге асырады.
4.7. Пайдаланушылардың жеке деректері Жеке деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізгенге дейін немесе Пайдаланушының жеке деректерді өңдеуге келісімін кері шақыртып алғанға дейін сақталады.
4.8. Жеке деректерді өңдеу автоматтандырылған құралдарды қолдану арқылы қалай жүзеге асырылса, дәл солай автоматтандыру құралдарын қолданусыз да жүзеге асырылады.
4.9. Жеке деректер Әкімшілікпен қолданылатын заңнамаға сай өшіріледі.