3. Қосымша ақпарат2ГИС Сервистерін, Бағдарламалық өнімдерді және/немесе 2ГИС Онлайн-сервистерді пайдалануға қатысты кез келген сұрақтарыңызға «ДубльГИС» ЖШҚ басқарушы компаниясында (Новосибирск қ.) (383) 363-05-55 телефоны арқылы және
inf@2gis.ru мекенжайы бойынша жауап беруге дайын.
«ДубльГИС» ЖШҚ өзіне тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды бұзушыларды азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңдарға сәйкес өз қалауы бойынша қудалау құқығын өзіне қалдырады.
Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу, сондай-ақ тауар таңбасын заңсыз пайдалану алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға әкеп соғуы мүмкін (РФ ҚК 146, 180-баптары).
Бір мезгілде тәртіп бұзушыдан 10 мың рубльден 5 миллион рубльге дейінгі мөлшерде өтемақы өндіріп алынуы мүмкін (РФ АК 1252-бабы).
Заңдарды білмеуі оларды бұзғаны үшін жауаптылықтан босатпайды.