2ГИС серіктесімен келісім

Осы Келісім Әкімшілікпен (https://law.2gis.kz/partners-list, әрі қарай — «Әкімшілік») Пайдаланушы төменде көзделген мақсаттарда 2ГИС Сервистері көмегімен ұсынатын ақпаратты өңдеу тәртібін анықтайды.
Осы оферта (әрі қарай — «Келісім») шарттарының сөзсіз акцепті болып, формада тиісті белгіні қоюға, сондай-ақ 2ГИС Сервистерін қолданумен форманы толтыру мен жіберу фактісі саналады.
1. Терминдер мен анықтамалар
Осы Келісімде келесі терминдер мен анықтамалар (сондай-ақ (https://law.2gis.kz/licensing-agreement) Лицензиялық келісімде және (https://law.2gis.kz/rules) 2ГИС Сервистерін қолдану жөніндегі Келісімде анықтамалары берілген басқа да терминдер) қолданылады:
  • Серіктестің құпиялық саясаты — http://law.2gis.kz/privacy-partner мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған Құпиялық саясаты.
  • Пайдаланушы — өзінің немесе басқаның мүддесіне әрекет ететін жеке тұлға. 14 жастан бастап Пайдаланушы, егер бұл бірқатар функцияларды пайдалану үшін талап етілсе, 2ГИС Сервистерінде тіркеуді дербес жүзеге асыруға және заңнамада белгіленген құқықтық қабілеттілік шегінде соңғыларын пайдалануға құқылы.
  • Ұйымдар анықтамалығы — онымен біріктірілген Цифрлық жоспар шекараларымен сай келетін Әкімшілік (https://law.2gis.kz/partners-list) қызметін жүзеге асыратын аумақ шегінде орналасқан, атаулары, орналасу жерлері, телефондары, электрондық пошта және сайт мекенжайлары, өндірілетін және сатылатын тауар түрлері (атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), Клиенттер туралы өзге мәліметтерді туралы ақпаратты қамтитын электрондық анықтамалықтың деректер базасы.
  • Цифрлық жоспар — белгілі бір географиялық координаттармен шектелген аумақ шегіндегі географиялық объектілер және елді мекендер туралы геоақпараттық деректерді қамтитын электрондық картаның деректер базасы.
2. Келісім пәні
2.1. Осы Келісім шарттарында Әкімшілік Пайдаланушы ұсынатын ақпаратты Ұйымдар анықтамылығын/Цифрлық жоспарды толтыру; серіктестік қарым-қатынастарды реттеу, Пайлананушы және/немесе Клиентпен соның мүддесінде әрекет ететін шарт талаптарын келісімдеу бойынша келіссөздер жүргізу, ондай шарттарды жасасу және орындау; 2ГИС Сервистерінің функционалдық мүмкіндіктерімен көзделген өзге де мақсаттарда өңдеуге міндеттенеді.
2.2. Пайдаланушының ақпаратты жолдау фактісі Ұйымдар анықтамалығына / Цифрлық жоспарға өзгерістер енгізуге негіздеме болып табылмайды: Әкімшілікпен ұсынылған ақпаратты, соның ішінде Пайдаланушымен e-mail, телефон арқылы байланысу көмегімен қосымша тексеру ұйымдастырылуы мүмкін.
2.3. Әкімшілік және Пайдаланушы арасындағы қатынастар өтеусіз сипатқа ие. Әкімшілік Пайдаланушы пайдасына ұысынылатын ақпарат үшін қандай да бір төлемақы төлеуді жүзеге асыруға міндетті емес.
3. Жеке деректерді өңдеуге Пайдаланушы келісімі
3.1. Осы Келісімді акцепттей отырып және қолданылатын заңнамаға сай әрекет ете отырып, Пайдаланушы Әкімшілікке осы Келісім және Серіктестің Құпиялық саясаты шарттарында жеке деректерді өңдеуге, сондай-ақ «ДубльГИС» ЖШҚ жеке деректердің құпиялығын және олардың қауіпсіздігін сақтау туралы шартпен Әкімшілік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын «ДубльГИС» ЖШҚ жеке деректерін өңдеуге, Ресей Федерациясының аумағында жинауды қоса алғанда сақтаудың құрылымдық жүйесін құру мақсатында, «ДГ-Софт» ЖШҚ беру құқығымен (СЖН 5405276278, орналасқан жері: 630090, Новосибирск қ., Николаев көш., 11-үй, 8-қабат) 2ГИС Сервистерінің қызмет етуін және/немесе 2ГИС Сервистерінің бөлек функционалдық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, 2ГИС Сервистерінің серіктестік және басқа да бағдарламаларын іске асыру, қолдау қызметіне түсетін сұраныстарға әрекет ету мақсатында жинауға өз келісімін береді.
4. Келісім негізіндегі жеке дерктерді өңдеу мақсаты мен мерзімдері
4.1. Пайдаланушылардың жеке деректерін өңдеу Әкімшіліктің Пайдаланушымен осы Келісімді жасасу және оны әрі қарай орындау, атап айтқанда Пайдаланушымен 2ГИС Сервистері арқылы ұсынылған ақпаратты өңдеу мақсатында жүзеге асырылады.
5. Өңделетін жеке деректер көлемі және өңдеу көлемі
5.1. Осы Келісімді орындау мақсатында Әкімшілік Пайдаланушы жеке деректерінің келесі санаттарын өңдейді: тегі, аты, әкесінің аты, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, Клиент атауы, лауазымы, 2ГИС Сервистерін қолдану барысында Пайдаланушы ұсынатын өзге жеке деректері.
5.2. Әкімшілік Пайдаланушы форма толтыру кезінде ерікті түрде ұсынатын жеке деректермен келесі әрекеттерді жүзеге асырады: жазу, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығарып алу, қолдану, беру (ұсыну, қолжетімдік беру), иесіздендіру, блоктау, өшіру, жою.
6. Әкімшілік және Пайдаланушы міндеттері
6.1. Әкімшілік міндеттенеді:
6.1.1. Пайдаланушымен ұсынылған мәліметтерді, соның ішінде оларды Ұйымдар анықтамалығына / Цифрлық жоспарға қосу пәніне қарауға.
6.1.2. осы Келісімнен және қолданылатын заңнама талаптарынан туындайтын өзге де міндеттемелерді орындауға.
6.2. Пайдаланушы міндеттенеді:
6.2.1. 2ГИС Сервистерін адал қолдануға
6.2.2. форманы толтыру кезінде сенімді, қисынды ақпарат ұсынуға.
6.2.3. бөтен атпен аталмауға немесе қандай да бір үшінші тұлғалар атынан әрекет етпеуге, сондай-ақ үшінші тұлғалардан алынған рұқсатсыз үшінші тұлғалардың деректерін және оларға қатысты қандай да бір материалдар бермеуге.
6.2.4. формаға тек 2ГИС Сервистеріне қатысы бар ақпаратты ғана енгізуге.
6.2.5. осы Келісімнен және қолданылатын заңнама талаптарынан туындайтын өзге де міндеттемелерді орындауға.
6.2.6. Лицензиялық келісімнің (https://law.2gis.kz/licensing-agreement), 2ГИС Сервистерін қолдану туралы келісімнің (https://law.2gis.kz/rules) ережелерін сақтай оытрып, 2ГИС Сервистерін қолдануға.
6.3. 2ГИС Сервистері Құқық иеленушімен («ДубльГИС» ЖШҚ) «сол күйінде» шарттарында ұсынылады, соған байланысты Пайдаланушыға: олар Пайдаланушы талаптарына сай келеді; үздіксіз, жедел, сенімді және қатесіз ұсынылады; оларды қолданумен алынуы мүмкін нәтижелер нақты және сенімді болады; барлық қателер түзетіледі деген қандай да бір кепілдіктер берілмейді.
7. Қолданылатын құқық және дауларды шешу
7.1. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай құрастырылған және соған сай реттеледі.
7.2. осы Келісім бойынша барлық даулар бірінші кезекте Тараптар үшін міндетті болып табылатын сотқа дейінгі наразылық тәртіпте шешілуге жатады. Жазбаша наразылыққа жауап беру мерзімі наразылықты алған күннен бастап саналатын 30 күнтізбелік күнді құрайды. Дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттемеген жағдайда дау Әкімшіліктің орналасу орны бойынша қолданылатын заңнамамен белгіленген тәртіпте сот қарауына берілуі мүмкін.
8. Өзге ережелер
8.1. Осы Келісім Пайдаланушының оны акцепттеу сәтінен бастап күшіне енеді.
8.2. Әкімшілік осы Келісімді орындаудан біржақты тәртіпте Пайдаланушыға ешбір ескертусіз және Пайдаланушыға қандай да бір өтемақы төлеусіз кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Ол жағдайда осы Келісім бұзылған болып саналады және Пайдаланушымен ұсынылған жеке деректер қолданылатын заңнамамен белгіленген тәртіпте жойылуға жатады.
8.3. Осы Келісімнің қолданыстағы мәтіні Әкімшілік сайтында орналастырылған және https://law.2gis.kz/partner-agreement мекенжайы бойынша Интернет желісінде қолжетімді.
05.08.2024 жылғы мәтін